Принциптері



Pdf көрінісі
бет95/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
7
.2
Ақша қаражаттарының есебі 
Бухгалтерлік есептің 1 «Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруң 
деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив оны сатып өткізу немесе 
сату үшін ұстау не болмаса кәсіпорынның операциялық қызметінің әдеттегі 
жағдайында пайдалану ұйғарылған кезде; кәсіпорында көбінесе коммерциялық 
мақсаттар үшін немесе қысқа мерзім ішінде болатындығы және есепті кезеңнің 
басынан бастап 12 айдың ішінде сатып-өткізілетіндігі болжанған кезде; ақша 
қаражаттары немесе пайдаланылуына шек қойылмайтын оның эквиваленттері 
түріндегі активтер ретінде танылған кезде ғана
 
ағымдағы активтер 
ретінде 
есепке алынуға тиісті.
Ағымдағы активтерге: тауарлы-материалдық босалқылар (өндірісте 
немесе жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету үшін пайдаланылатын 
материалдар, шикізаттар, сатып алынған шала фабрикаттар мен құрастырушы 
бұйымдар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс 
материалдары және басқадай материалдар), аяқталмаған өндіріс, субъектінің 
шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізуге арналған дайын өнімдер, 
тауарлар; ақша қаражаттары (кассадағы, банкте ашылған шоттардағы), 
қаржылық инвестициялар (құнды қағаздарға салымдар); өтелу (жойылу) мерзімі 
бір жылға дейінгі дебиторлық борыштар жатады. 
Бухгалтерлік есептің 1 «Қаржылық қорытынды есепті дайындап 
тапсыруң деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ағымдағы активтер 
субъектінің бухгалтерлік балансында мынадай топтарға жіктеліп көрсетіледі:
160 


1.
Өңделу немесе сатып-өткізілу мерзіміне қарамастан тауарлы материалдық 
босалқылардың барлық түрлері. 
2.
Есеп берілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылады деп 
күтілетін алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар. 
3. Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шектеу қойылған ақша қаражаттары,
егер ол шектеулер бір жылдың ішінде алынып тасталынатын болса, 
ағымдағы активтердің құрамына кіргізіледі;
4. Ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар,
егер ол құнның олардың баланстық құнынан айырмашылығы болса; 
5. Есеп берілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде қайтарылып алынатын 
дебиторлық борыштар: 
-
ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер; 
-
қайтарылып алынуға тиісті борыштар; 
-
алынған вексельдер; 
-
негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері 
арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық 
борыштар; 
-
кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының дебиторлық борыштары; 
-
басқадай дебиторлық борыштар.
Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын 
басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында 
өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процессін ары қарай дамыту 
үшін кәсіпорындардың ақша қаражаттары болуға тиісті. Ақша қаражаттары мен 
олардың эквиваленттерін дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу 
кәсіпорынның өтімділік деңгейін (ликвидтілігін) дәл бағалау үшін қажет. 
Бухгалтерлік есептің 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі 
қорытынды есепң деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша 
қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге 
дейінгі салымдар жатады. 
 
Ақша қаражаттарының эквиваленті
деп - ақша қаражаттарының белгілі 
бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз 
ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімділігі (ликвидтілігі) жоғары салымдарды 
айтады. 
Ақша легі
деп - ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп 
түсуі мен шығуын айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты ақша қаражаттары, әдетте,
кассадағы бар нақты ақшаларынан, есеп айырысу, валюталық шоттарындағы 
және банкте ашылған арнайы шоттардағы нақты ақшаларынан тұрады. Нақты 
ақшаның осы аталған сақталу орындары бойынша есебі төменде қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет