Сілтемелі типтегі мәліметтерді сипаттау параметрлері:
Type <көрсеткіш типі> = ^ <тип идентификаторы>,
Көрсеткіш қандай да бір типпен байланыстырылған, сондықтан ол типтендірілген деп аталады.
Мысал:
Type
p1=^integer;
p2=^real;
Var
A,B,C:p1;
X,Y,Z:p2;
P:^char;
Сілтемелі айнымалылар A, B, C динамикалық бүтін типті объектілерге нұсқайды, X,Y,Z – нақты тип, P - символдық. Сілтемелі айнымалының мәні болып, ерекшеленген динамикалық жадыдағы адрес табылады. Мұнда осы типтегі объект сақталады.
Жүйелік облыс (Паскаль кітапханасы, компилятор, интерфейс, қатліктер туралы хабарлама жіберетін файл)
|
Программа
|
Динамикалық жады
|
Жүйелік облыс
|
Сурет 1. Программа орындалуы кезіндегі жады құрылымы
Сілтемелі айнымалыны шақыру үшін келесі “ A^ ” жазуы қолданылады. Ол жазу «А сақталып тұрған адрес бойынша жүру» дегенді білдіреді.
Паскальда сонымен қатар көрсеткішті мәліметердің арнайы бір типімен байланыстырмауға да болады. Бұл типтенділірмеген деп аталады. Мұндай мәліметтердің құрылымы мен типі программаның орындалуы барысында өзгеруі мүмкін. Көрсеткіштермен жұмыс істегенде екі кезең міндетті болып табылады:
1. Көрсеткішті жариялау;
2. Программаның орындалуы кезінде жады бөлінетін динамикалық мәліметтердің құрылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |