Көмекші программа — алдын - ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. Олар программаның кез - келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме— программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.
Тілдің негізгі анықтамаларын беру алдында Паскаль тілінде құрылған бір қарапайым мысал келтірейік.
1-мысал. Радиусы r = 5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін формуласын пайдаланамыз.