13-ДӘРІС. Модульдік бағдарламалау.
Модульдердің құрылымы.
Модульдердің тақырыбы және модульдердің бір-бірімен байланысы.
Модульдің интерфейстік, орындалатын және инициалданатын бөліктері.
Модульдердің компиляциясы.
Модульдар программалардың құрылымдануының концепциясын дамытады. Ішкі программалар программаны құрылымдаудың құралы екені белгілі. Негізгі мақсат – программаның көп операторлардан емес, жеке өзалдына программа бөліктерінен (ішкі программалардан) тұруын көзденеді. Өсындай өзбетінше программа бөліктерін соңынан осы әрекетті орындау үшін программада бір немесе бірнеше рет қолдануға болады. Төменде осындай қырдың бірнеше артықшылықтары көрсетілген:
Программа жеңіл түсініледі, оны ары қарай дамыту оңай болады;
Мұнда программаны жал5ыз адам емес, ұжым болып құруға болады. Программисттер ұжымының әрбір мүшесі белгілі ішкі программалар жиынтығын құрастырады, соңынан олардан үлкен программа жиналады.
Егер программа орындайтын әрекет көп кездесетін болса, бұл ішкі программаны басқа да программаларда бірнеше рет қолдануға болады.
Дегенмен мұны қалай практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға болады? Осыған байланысты Turbo Pascal программалау тілінде модуль ұғымы енгізілген.
Модуль – бұл Turbo Pascal-дың жеке өзалдына компиляцияланатын файлы, онда тұрақтыларды, айнымалыларды және типтерді, сол сияқты процедуралар мен функцияларды сипаттау бөлімдері болады. Модуль жасалып, компиляцияланғаннан кейін, оның ресурстарын кез-келген Turbo Pascal программасында тек осы модульдың атауын көрсету арқылы қолдануға болады.
Сонымен, модульдар құрылымдық программалаудың қуатты құралы бола отырып, сол сияқты жиі қолданылатын процедуралар мен функциялардың кітапханаларын жасаудың және сақтаудың қолайлы құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |