Біріктірунемесе конкатенация амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын кұру үшін пайдаланылады.
Программа мәтініндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жол бойына жазылуы тиіс, егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазатын болсақ, қате болады. Сондықтан программа жазу кезінде бір жолға сыймайтын сөз тіркесін біріктіру амалы арқылы былай орналастыру қажет:
Mekeme := ‘Республикалык білім беруді ақпараттандыру ғылыми’ + ‘-әдістемелік орталығы’;
Сөз тіркестерін біріктіру амалын Concat() функциясы арқылы да орындауға болады, мысалы:
Strl := "Әйтеке"; Str2 := "би"; Ctr3 := Concat(Strl, Str2);
Мұның нәтижесі: Str3 := "Әйтеке би"; болады, негізінде, былай жазған дұрыс: Str3 := Concat(Strl, ‘ ‘, Str2);