Программа дисциплин по специальности 5В061200 метеорология



Pdf көрінісі
бет31/121
Дата13.09.2022
өлшемі1,09 Mb.
#149358
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   121
Байланысты:
5В061200-Метеорология
Документ (1), Өлкетану 3 апта
 
 
Уақыт бойынша жер беті қысымының және изобаралық беттіктің 
биіктігінің өзгеруі 
Изобаралық беттіктің биіктігінің уақыт бойынша локальды өзгеруі. 
Негізгі факторларды талдау. Қысым алабының құрылымы және оның уақыт 
ішіндегі өзгеруі бойынша жер бетіндегі цикло- мен антициклогенездің таңбасы 
мен қарқындылығын сапалы бағалау. Цикло- және антициклогенездің заманауи 
теориясы.
 
Циклондар
Циклонның жіктеуі. Тропикалық емес циклон туралы жалпы мәліметтер. 
Тропикалық емес ендіктерде фронтальды және термикалық циклондардың 
дамуы мен пайда болу жағдайлары. Фронтальды циклондардың даму кезеңдері. 
Циклонның әр түрлі даму кезеңінде термобарикалық алқаптың құрылымы мен 
ауа райы жағдайы. Циклондар топтамасы. Циклонның регенерациясы.
 
Антициклондар 
Антициклонның жіктеуі. Тропикалық емес антициклон туралы жалпы 
мәліметтер. Тропикалық емес антициклонның пайда болу жағдайлары. 
Антициклонның даму кезеңдері. Антициклонның дамуының әр кезеңінде 
термобарикалық алқабтың құрылымы мен ауа райы жағдайы. Антициклонның 
регенерациясы. Тосқауыл антициклондар.
 
Қысым жүйелерінің жылжуы мен эволюциясын болжау
Қысым жүйелерінің жылжуын болжау әдістері (сызықтық және сызықтық 
емес экстраполяция, изаллобара әдісі, жетекші ағын әдісі және т.б.). Қысым 
жүйелерінің жылжуын болжау үшін жуықталған ережелер. Циклон мен 
антициклондардың эволюциясына термикалық фактор мен жылдамдық құйын 
адвекциясының үлесі. Қысым тенденциялар алқабына, изаллогипстер ошағына, 
қысым жүйелерінің вертикальды құрылымына негізделген эволюцияның 
эмпирикалық ережелері. Циклон мен антициклондардың пайда болуына, 
эволюциясына және жылжуына жер бедерінің әсері. 
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҮЛГІЛІ 
ТАҚЫРЫПТАР ТІЗБЕСІ 
1.
Ауа райының негізгі және қосымша карталарын және де барикалық 
топография карталарын құрастыру және алғашқы талдаудың практикалық 
тәсілдері. 
2.
Аэрологиялық мәліметтерді талдау. 


3.
Негізгі метеорологиялық шамалардың алқаптарын синоптикалық 
талдау. 
4.
Ауа райының қосымша карталарын алғашқы талдаудың практикалық 
тәсілдері. 
5.
Атмосфералық фронттарды алғашқы талдауға арналған жаттығулар. 
6.
Ауа массалары мен фронттарды бір мерзімге талдау.
7.
Ауа массалары мен фронттарды екі мерзімге талдау. 
8.
Фронтогенез бен фронтолиз жағдайларын талдау. 
9.
Қысым жүйелерінің және атмосфералық фронттардың жылжуы. 
10.
Термобарикалық картаның көмегімен жылу мен суықтың 
адвекциясы болған аймақтарды анықтау. 
11.
Циклон мен антициклонның пайда болуы мен дамуын талдау. 
12.
Синоптикалық процестерді талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет