Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар білуі тиіс:
- ғылыми білім категорияларын (құбылыстар мен фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
- ғылыми тану әдістері (бақылау, эксперимент, гипотеза мен модельдер құру, жүргізілген зерттеудің қорытындысы және оны тексеру);
- бағдарламалық материалмен қарастырылған ағылшын тіліндегі ұғымдар, шамалар, заңдар;
- оқыған лексикалық бірліктердің негізгі шамалары;
- жәй және күрделі сөйлемдер құрылымының ерекшеліктері.
Оқушылар қолдана білуі керек:
- табиғат құбылыстарын зерттеуде ғылыми әдістерді пайдалана білуді, физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті анықтай білуді, алынған нәтижені түсіндіруді және қорытынды жасауды;
- қызметтің түрлі салаларында өмірлік маңызы бар міндеттерді шешу кезінде алған теориялық білімдерін қолдануды;
- физикалық құбылыстарды сипаттау мен түсіндіруді;
- тыңдаған материалға контекст көмегімен қорытынды жасауды;
- тыңдаған материал негізінде қарапйым сұрақтар қоюды;
- мәтіннің негізгі идеясын айқындап беруді;
- тақырып, фото сурет, кілттік сөздер, таныс тақырыптан алынған үзінділердің көмегімен мәтіннің мазмұнын табуды;
- нақты ақпарат алу үшін қарапайым және күрделі сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді;
- тапсырмаларды орындау үшін оқушылармен қарым- қатынаста болуды (жұппен, топпен);
- кестелерді, диаграммаларды, сызбаларды, анкеталарды, үлгілерді толтыруды;
- коммуникативті міндеттерге сәйкес мәтін бойынша белгілер жасап қоюды білулері тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |