Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,83 Mb.
түріРабочая программа
1   2   3   4

9-тақырып. Мұхтар Әуезов.

Шығармашылық өмір жолы. 20-жылдары жазған әңгіме, повестері: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат» және «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестері.

«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдік ерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.

«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйым салынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің суреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халық өкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәрізді ұнамсыз типтер.

Отызыншы жылдары жазылған «Іздер», «Бүркітші», «Шатқалаң», «Білекке білек», «Құм мен Асқар» шығармаларының мәні.

Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917), «Қаракөз» трагедиялары. «Түнгі сарын»(1934) пьесасындағы тартыс. Жантас, Тәнеке образдары.

Тарихи тақырыптағы «Хан Кене» драмасын жазуы.

Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940).

Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941) пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесін көтеруі.

«Абай жолы» роман-эпопеясының эпопеялық сипат-белгілері. Шығармада Абай өмірі мен шығармашылығымен қатар қазақтың жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірін , тұрмыс салтын көрсетуі. Абайдың өсу, кемелдену эволюциясы. Романдағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері. Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдік ерекшеліктері.

Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы. Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтесті мәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.

Әуезовтің аудармалары. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Гогольдің «Ревизор» пьесаларын аударуы.

«Әдебиет тарихы»(1927) Әуезовтің тұңғыш зерттеу кітабы екендігі. «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев», «Уақыт және әдебиет» зерттеулері.

Әуезов бейнесінің көркем прозада, театр сахнасында бейнеленуі.


10-тақырып. Сәбит Мұқанов.

Өмірінен мәлімет. Жетімдіктің, жоқшылықтың тақсіретінен үзіп-жұлып білім алуы. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Егістік», «Конвейер», «Майға сәлем», «Колхозды ауыл осындай», «Малшының мақтанышы», т.б. шығармалары. Соғыс кезінде туған «Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында», «Берлин алынды» өлеңдеріндегі патриоттық сезім.

Жаңа тақырыпқа С.Мұқановтың «Жетім қыз үйінде», «Октябрьдің өткелдері», «Батырақ», «Балбөпе», «Пионер», «Жұмаштың өлімі», «Құрдас», «Жұпархан» поэмаларының жазылуы.

Сондай-ақ, ауыз әдебиетінің ертегі, аңыз, әңгіме сияқты жанрларының әртүрлі оқиғасы негізінде С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының тууы. «18-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің очеркі» атты еңбегінің басылуы. «Балуан Шолақ», «Екпінді» повестері. «Адасқандар» («Мөлдір махаббат»), «Теміртас», «Жұмбақ жалау» («Ботагөз»), «Сырдария» романдары, «Өмір мектебі» трилогиясы. «Тыңдағы толқындар», «Аққан жұлдыз» романдары.

С. Мұқановтың драматургия саласында қалдырған ізі. Очерктері, зерттеу еңбектері, әдеби сын мақалалары, оқулықтар жазуы. Шығармашылығының зерттелу жайы.
11-тақырып. Ғабит Мүсірепов.

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Білім алған мектептері. Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. «Ақ иықтар», «Ер ана», «Ақлима» т.б. әңгімелері. Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы. «Қыз Жібек» музыкалы драмасы. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы. Драматург Фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққандығы. «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясының психологиялық драма екендігі. «Амангелді» тарихи - әлеуметтік драмасы. «Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген Сырым Датов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркем бейнеленуі. «Ұлпан» романы. «Қазақ батыры» повесі. Оның кейінірек «Қазақ солдаты» романына айналдыруы. «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары. Романдардағы халық өмірі, әлеуметтік тартыс көріністері. Шығарманың эпопеялық сипаты. Әр оқиғаны, табиғи суреттері мен адамның ой-толғаныстарын, қарым-қатынастарын суреттеудегі шеберлігі, тілі.

Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік, зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткер парызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» атты еңбектері.

Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.


12-тақырып. Ғабиден Мұстафин.

Жазушының творчестволық өмірбаяны. «Сәрсен мен Мұқаш», «Кек», «Қан», «Қашқын», «Ер Шойын», «Шағатайдың шатағы», т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы.

Жазушының үлкен эпикалық жанр саласындағы шығармалары. «Шығанақ» романы. Роман тақырыбының туу тарихы. «Миллионер» романы.Романның жазылу тарихы. Жазушының шығармашылық ой өзегі, оның игерілу жолдары. Романның басты кейіпкерлері. «Қарағанды» романы. Роман материалы мен өмір шындығы. Романның басты кейіпкерлері және олардың өмірлік негіздері. Ескі мен жаңа арасындағы тартыс. «Дауылдан кейін» романы. Романның көркемдік ерекшеліктері, композициялық құрлысы.

«Ой әуендері» атты мақалалар жинағы. Жазушы творчествосының қазақ әдебиетінде алатын орны. Ғ.Мұстафиннің шығармашылығының зерттелуі.


13-тақырып. Қасым Аманжолов.

Өмір жолы. «Өмір жолы» атты ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы. «Өркендей бер, Отаным», «Ұшқыш болғым келеді», «Болат сұңқар», «Ескерткіш», т.б. өлеңдері. Соғыс тақырыбына жазылған өлеңдері: «Зұлым жау», «Подполковник Әлпинге», «Мартбек», «Ғабдолға», «Орал», «Үстімде сұр шинелім». Өлеңдердегі ақынның майдандағы жауынгерлерді ерлікке, туған елді, өмірді сүюге үндеуі.

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының Қ.Аманжоловтың соғыс жылдарындағы шығармашылығының биік шыңы екендігі. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Ондағы ішкі монологтың мәні.

Соғыстан кейінгі жылдары «Нұрлы дүние», «Өзім туралы», өлеңдерімен қатар еңбек тақырыбына «Күн көтерген қарындас», «Жылқышы жыры», «Ай астында алтын тау», т.б. өлеңдерінің жазылуы.

«Құпия қыз», «Қытай қызы», «Жамбыл тойына», «Біздің дастан» поэмалары.

Қ.Аманжоловтың аударма саласындағы еңбектері: А.Пушкиннің «Полтава», Ю.Лермонтовтың «Маскарад», А.Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмаларын аударуы.

Ақын шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны және зерттелуі.
14-тақырып. Әбділда Тәжібаев.

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Ә.Тәжібаев лирикасының сырлы әлемі. «Олқылық», «Екі жиһан», «Құтқару», «Оркестр», «Толғау» поэмалары. Олардың тақырыбы, проблематикасы. «Ағалар туралы», «Ақын», «Майра» поэмаларының екінші бір тобы қазақ халқының аңыз әңгімелеріне негізделуі. «Абыл», «Аққу», «Мерген», «Толағай». Драмалық поэмалары : «Монологтар», «қыз Бен солдат». Сыршылдық шығармаларының көркем өрнектері: «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Келіншекпен кеңес», т.б. Драмалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез». Комедиялары: «Дубай Шубаевич», «Той боларда». «Майра» пьесасы.

Ә.Тәжібаевтың әдебиеттану саласындағы еңбегі: «Өмір және поэзия», «Өмір және драматургия».
15-тақырып. Асқар Тоқмағанбетов.

Ақын, жазушы, публицист, мысалшы, сықақшы, фельетоншы.

Өмірінен мәлімет. Төңкеріске дейін ауыл молдасынан ұзап білім алмағаны. Кейінірек Мәскеу, Ташкент қалаларында оқығаны.

1925 жылдан 1960 жылға дейінгі ақын лирикасының тақырыбы саяси-әлеуметтік, социалистік құрылыс жетістіктері, таптық күрес болып келетіні. Теңдік алып, бақытты тұрмысқа қолы жеткен Қойбағар, Шойынғара, Қарақыз, Күләйшалардың образдары.

А.Тоқмағамбетовтың заман шындығын жырлауы. «Комсомол ақын», «Социалистік құрылыс ақыны», «коммунистік идеологияның насихаттаушысы» болуы. Шынайы өмір шындығына жүгініп, жаңарған ауыл адамдарының бейнесін суреттегені.

«Алтын арал», «Тырналар, сұлу тырналар», «Ғажайып жылдар», «Көгілдір әлем», «Дауылпаз жырлар» жыр жинақтарына енген өлеңдері.

Поэмалары. «Алыптар туралы ертегі» поэмасының тақырыбы. «Берлин көшесінде», «Испания», «Рейн жағасында», «Мұзбалақ», «Ақ алтынды арал», «Аңыз ағаш», «Екі дүние, екі өмір», «Балам туралы дастан», «Батыр Әли», «Бұқарбай батыр», «Жер тәңірісі», «Жолдар мен жылдар», «Күндіз аққан жұлдыз», «Нартәуекел», «Шағалалы шалқар», «Шынар туралы шындық» дастандары. Олардағы ажарлы сөз, ақындық образ.

А.Тоқмағамбетовтың сатиралық шығармалары. «Саудагер молда», «Тұтам құрық», «Бөлтірік», «Сүмелек қайнаға», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Желіккен жеңгей», «Қылтың-сылтың», «Арыстанға еліктеген мысық», «Жаназа үстіндегі даңғаза» т.б.

Мысал жанрындағы еңбектері: «Мияу мен Лен», «Көкек», «Әтештің махаббаты», «Бидай мен қаңбақ», «Қара тоқтының хаты», «Әупілдек пен күпілдек», т.б.

А.Тоқмағамбетовтың шығармашылығының зерттелу жайы.


16-тақырып. Тайыр Жароков.

Өмірінен мәлімет. Әдебиет пен мәдениет салаларында басшылық қызмет атқарып, қоғамдық өмірге араласуы. Т.Жароковтың отыздан аса жыр кітаптарын қалдырғаны. Шығармашылығының бастапқы кезінде лирикалық туындылардың басым жататыны. Жаңа заманның жыршысы болғандығы. «Өмір сөйлейді», «Бес жылдықтың балғасы», «Күн тіл қатты», «Теңізде», «Сәулеме», «Батырмен кездескенде», «Миллион толқын», «Қара теңіз», «Аэроплан» өлең-поэмаларында өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен жырлағаны.

Алпысыншы жылдардың алғашқы кезеңінде көркемдік шеберлікке жетудің, кемелденудің жаңа бір кезеңін бастан кешіргені. «Тау жырлайды» (1962), «Тасқынға тосқын» жинақтарына енген туындылары. Ақын жырларында саяси лирика жетекші орын алғанмен, алпысыншы жылдары ол табиғат, махаббат тақырыбы мен әнге сөз, толғау, эллегиялық жырлар, философиялық тебіреніске өрісті кең ашса, «Кавказ жырларында» табиғатты тамсана жырлап, тыңнан жол салатыны.

Т.Жароков А.Грибоедовтың «Ақылдан азап» пьесасын, М.Алигердің «Зоясын», Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» эпосын, Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Маяковский, А.Сурковтың, НазымХикметтің әлемге танымал шығармаларын қазақ тіліне аударғаны.

Ақынның сыншыл ой-пікірлері. Ақынның мұрасының зерттелуі жайлы.

17-тақырып. Жұмағали Саин.

Өмір жолынан мәлімет. Әдебиеттегі алғашқы қадамдары. «Бақыт жыры» ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы екендігі.

Автордың соғыс басталғанға дейін жазған «Досыма хат» поэмасы. «Пилот сыры» поэмасында ұшқыш өмірінің сипатталуы.

«Күләнда» поэмасы. Дастанның поэтикалық ерекшелігі.

«Есімде Айдар өзені», «Түн қатады партизан», «Дөнен», «Жауынгер сөзі», «Айтылмай келген аманат», «Жаралы партизан жырлары», және т.б. шығармалары. Шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясы. Поэманың көркемдік ерекшеліктері. Ақын творчествосының қазақ әдебиетінде алатын орны. Ж.Саин шығармашылығының зерттелуі.
18-тақырып. Ғали Орманов.

Ақын, жазушы, очеркист, аудармашы. Өскен ортасы, білім алған мектептері. Әдебиетке құштарлығының ерте оянуы. Абай, Әсет, Әріп, Ілияс жырларынан бала жасында сусындауы.

Ғ.Ормановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Шеңберде» отызыншы жылдардағы замандастарының ерлігін, коллективтендіру науқанын, таптық езгіден құтылған шаруалардың көңіл күйін айна қатесіз бейнелегені. Тырнақалды өлеңі «Қорада» жанды, нақты картинаның молдығы. «Алғашқы адым», «Қапшағайда», «Қарағай», «Қарағай», «Жер қадірі», «Сахара сазбасы», «Көктемде қандай әсем келген тырна», «Жыл құсы», «Баян лебі», «Алтай әуені», «Қарқара келбеті», «Медеу тынысы» шығармалары.

Ақынның Ұлы Отан соғысына арналған «Ер арманы», «Мәлік», «Тілек», «Ант», «Намыс», «Ана әңгімесі», «Бөбек жүрегінде» өлеңдері. Ақын қай тақырыпты да ерекше құштарлық сезіммен жырлайтыны. Ақынның философиялық лирикаларында өмір сырынан көп нәрсені аңғартуы.

Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, Мопассан, В.Маяковский, Л.Соболев, Н.Тихонов, Ян Райнис, Мақтұмқұлы, А.Тоқомбаевтардың өлең-поэмаларын, Л.Толстойдың «Анна Каренина» романын, Н.Гогольдің «Нева проспектісі» повесін, А.Чеховтың әңгімелерін, Н.Бубенновтың «Ақ қайың» романын, М.Тұрсын-заденің «Үндістан балладалары» кітабын, т.б. шығармалары аударғаны. Шығармашылығының зерттелу жайы.
19-тақырып. Хамит Ерғалиев.

Ақын, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері.Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

«Әке сыры» алғашқы поэмасымен оқырманды дүр сілкіндіргені. «Жас ана», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Құрманғазы», т.б. дастандар тақырыптық, идеялық көркемдік түр бағытында кезінде әдеби процеске әсер еткен, соны туындылар. «Ақын ойлары», «Менің баяндамам», «Самарқан деп сайрасам», «Зарафшан», «Сырласу», «Нұра», «Үш ғасыр күткен жақсылық», «Құдіретті пірім менің», «Сонеттер», «Өзіме», «Ақын өлімін ойласам», т.б. өлеңдеріндегі көрінісі.

Х.Ерғалиев поэмалары. «Шындық шырқайды» жинағына енген әңгіме, очерк, публицистикалық мақалалары арқылы мазасыз уақыттың көкейкесті мәселелеріне үн қосып отыруы. «Ғұмырнама» кітабында өз заманы мен замандастары туралы сыр шертетіні.

Х.Ерғалиевтің әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері Дж.Байрон, Ә.Науаи, Низами, Софокл, Назым Хикмет, Пабло Неруда, М.Лермонтов, А.Пүшкин, У.Шекспир шығармаларын аударғаны.

Х.Ерғалиев поэзиясындағы көркем тәсілдердің бірі - монологтар . бұл тәсілдің өлеңдерімен қатар эпикалық шығармаларында да кездесетіні. Эпика мен лириканың түрі, көлем сипатын сәтті ұштастыруы – ақын поэзиясының үлкен табысы. Х.Ерғалиевтің шығармашылығының зерттелуі.


20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Алғашқы шығармасы - «Курляндия» романы. Роман өңделіп, «Күткен күн» деген птпен жарияланды.

«Қан мен тер» трилогиясының әдебиет тарихында алатын орны ерекше. Романдағы Тәңірберген, Ақбала, Еламан, Судырақмет, қара қатын бейнелері.

«Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Әзім, Бәкизат бейнелері.


21-тақырып. Жұбан Молдағалиев.

Ақын, публицист, сыншы, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Лирикалық өлеңдері. Поэмалары: «Мен қазақаын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр».

Поэмаларға арқау болған өмір шындықтары. Шығармаларының поэтикасы. Көркемдік-бейнелеу құралдары. Образ жасау шеберлігі. Сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. Стилі. Қаламгер шығармаларындағы ерлік пен елдік тақырыбы. Ақын поэзиясының салалары : азаматтық , саяси-әлеуметтік лирика, философиялық толғау, толғамдар, табиғат, көңіл-күй лирикалары.

Ж.Молдағалиевтің поэзияны тақырыптық, мазмұндық, түрлік, образдық көркемдік келісімімен байытқаны. Реалистік қуат, романтикалық леп, тақырып алуандығы, ақынның өзіндік стилі.

Ж.Молдағалиев – орыс әдебиетінің озық үлгілерін аударғаны, көркем публицистика саласында да жемісті еңбек еткен қаламгер.

Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.
22-тақырып. Ілияс Есенберлин.

Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Поэзиялық шығармалары: «Сұлтан», «Айша», «Біржан сал трагедиясы» поэмалары. Прозалық шығармалары. Повестері: «Өзен жағасында», «толқиды Есіл». Романдары: «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы». Олардағы өмір шындықтары, ар-ұждан, адамгершілік мәселелері.

І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.

Тарихи романдары: «Алтын орда, «Көшпенділер»трилогиясы.

І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының тақырыптары және зерттелу жайы.


23-тақырып. Тахауи Ахтанов.

Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері. Алғашқы әңгімесі («Күй аңызы»). «Қаһарлы күндер» романы : тақырыбы, сюжеттік желісі, характер және жағдай, ерлік пен елдік мәселері, образдар жүйесі. «Дала сыры» повесі, «Боран» романы. Олардың тақырыбы, проблематикасы. Жазушының сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. «Шырағың сөнбесін» романы: тақырыбы, проблематикасы. Жазушының образ жасау шеберлігі.Повестері: «Махаббат мұңы», «Дала сыры».

Лирикалық проза үлгісіндегі «Махаббат мұңы» повесі. «Шырағың сөнбесін» романы – соғыс тақырыбын өзгеше философияға орай бейнелейтін талантты туынды. Қаламгер реализмі мен психологизмі реңкі өзге, таза.

Драмалық шығармалары: «Сәуле», «Боран», «Ант», «Махаббат мұңы». Публицистикалары мен сапарнамалары.

Аударма саласындағы А.Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романын, И.Тургеневтің, А.Горькийдің әңгімелерін қазақ оқырмандарына жеткізуі.

Шығармашылығының зерттелу жайы.

24-тақырып. Қадыр Мырзалиев.

Ақын, драматург, әдебиет сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақстан Ленин сыйлығының, Абай атындағы мемелекеттік сыйлықтың лауреаты. Халық жазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қоғамдық қызметі. «Көктем», «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Ноян-Қоян», «Алуан-палуан», «Күміс қоңырау» жинақтары.

Қазақ поэзиясына әлем әдебиетінің озық үлгілерін дарыта отырып, бұрынна қазақ қанына сіңісті философиялық –дидактикалық дәстүрді жаңғырта дамыта еңбек еткені. Өзіндік өрнегі, стилі. «Аққу», «Махаббат жырларынан», «Домбыра», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Көш», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар» т.б. жинақтарының тақырыптары мен идеялары. Циклді өлеңдеріндегі ақынның өмір құбылыстары жөніндегі жан-жақты толғамдары.

Лирикасының ойлы, сыршыл, образды бояуы, ғибраты.

Қазіргі әдеби процестің көкейкесті проблемалары мен балалар әдебиеті туралы «Сөз сиқыры» атты сын мақалалар жинағы.

Ақынның аударма саласындағы еңбектері. Ақын шығармашылығының зерттелу жайы.
25-тақырып. Мұқағали Мақатаев.

Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ақынның лирикасы. Табиғат, махаббат, философия лирикалары. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.Көркемдік бейнелеу құралдары. Сыр мен сыршылдық. «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке аманаты», «Ұлыма», «Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді», «Әбділдаға», «Бауыржан Момышұлына», «Тоқта балам, атаң келед ,артыңда», «Қариялар азайып бара жатыр», «Қайран Қарасазым-ай», «Үш бақытым», «Оралыңдар», «Толғау», «Халқым барда», «Ей, өмір», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббат моласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынан терезеңнің жүріп өттім», «Мен сені сағынғанда» т.б. шығармалары.

«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Бала шақтан болашаққа», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен» поэмалары. Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, бақи мен жалған туралы ойлардың көріністері. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы шеберлігі.

«Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға-жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен», «Өмір өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек», «Шолпан», «Қош, махаббат», «Аманат» жинақтары.

Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.

Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақ тіліне аударуы.

М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.


3.2 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Әбділда Тәжібаев

Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармалары. Поэмалары. Естеліктері. Драмалық шығармалары.

Поэзиясындағы метафоралар.



2.

Ілияс Есенберлин

«Көшпенділер» трилогиясы. «Алтын Орда» трилогиясы. Жазушының образ сомдау, сюжет дамыту ерекшеліктері. Романдарындағы адагершілік мәселелері.

. 3.

Хамит Ерғалиев


Поэзиясындағы замана бейнесі. Монологтар. Поэмалары. Хамит поэтикасындағы күрделі теңеулер.

4.

Жұбан Молдағалиев

Өлеңдерінің ерекшелігі. Поэмалары. Поэзиясындағы сюжет. Поэзиясының көркемдігі. Ерлік тақырыбы.

5.

Сырбай Мәуленов

Лирикасы. Шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі. Поэмасындағы соғыс тақырыбы. Поэзиясындағы соғыстан қайтқан солдаттар бейнесі.

6.

Тахауи Ахтанов

Прозасының ерекшелігі. «Қаһарлы күндер» романындағы солдат бейнесі. Романдарындағы характер. «Боран» романындағы көркемдік ізденістер.

7.

Бердібек Соқпақбаев

Романдарындағы сюжет. Баяндау мен диалог. «Менің атым Қожа» және балалар әдебиеті. Оның прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шынндығы.

8.

Әбдіжәміл Нұрпейісов

Нұрпейісов және роман жанры. «Қан мен тер» трилогиясы. «Соңғы парыз» романындағы психологизм. Романдарындағы баяндау.

.9.

Зейнолла Қабдолов

Прозасының көркемдігі, стилі.

10.

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали поэзиясындағы психологизм.

11

Сағи Жиенбаев

Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

12

Жұмекен Нәжімеденов

Жұмекен поэзиясындағы философия.

13

Оралхан Бөкей

О.Бөкей прозасының стилі.


3.4 С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-31


Сағат көлемі

ҚТӘ-31 (қ)



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

45 (1х45)

З8 (1х38)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

19 (0,5х38)

29 (1х29)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

20

20

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

9

22

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4

4




Барлығы







97

113






С¤Ж т‰рі

Есеп беру формасы

Баќылау т‰рі

Саѓат кµлемі СҚТӘ-11(қ)

1

Дєріс сабаќтарын өңдеу




Сабаќќа ќатысу

12 (1х12)

2

‡й тапсырмасын орындау

Ж±мыс дєптері

Сабаќќа ќатысу

12 (1х12)

3

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы




45

4

Курстық жұмысты орындау

Кт

Коллоквиум

50

5

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы ќорѓау

30

5

Баќылау шараларына дайындыќ




РК 1, РК 2

7

Барлыѓы

156


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1.Ә.Тәжібаев поэзиясындағы метафоралар.

¦сынылатын єдебиет: [9], 234-240 бет.

2 І.Есенберлиннің образ сомдау, сюжет дамыту ерекшелігі.

¦сынылатын єдебиет: [4], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер.

3 Х.Ерғалиев поэзиясындағы монологтар.

¦сынылатын єдебиет: [10], 149-155 беттер; [3], 102-103 беттер ,[11], 144-156 беттер

4. Ж.Молдағалиев поэзиясының көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [9], 240-246 бет.

5. С.Мәуленов лирикасы.

¦сынылатын єдебиет: [9], 246-250 бет, [3], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер.

6. Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романындағы психологизм.

¦сынылатын єдебиет: [3], 116-118 бет, [12], 1-55 беттер,.

7. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының көркемдігіне картотека жасау.

¦сынылатын єдебиет: [8], 5-36 бет, [10], 161-167 беттер, [11] 156-176 беттер,[12]

8. Мұқағалидің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жаттау

¦сынылатын єдебиет: [9], 1-20 бет, [6], 25-39 беттер, [14] 49-100 беттер.

9. Жұмекен өлеңдерінің көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [3], 191-192 бет, [16], 1-53 беттер,

10. С.Жиенбаев өлеңдерінің көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [14], 25-89 бет, [3], 190-191 беттер, [9] 29-78 беттер.

11. О.Бөкей прозасының тіліне картотека жасау.



¦сынылатын єдебиет: [12], 25-89 бет, [3], 25-69 беттер.

Бақылау жұмыстарының тақырыптары

  1. С.Сейфуллин – лирик ақын.

  2. Б.Майлиннің ауылды колхоздастыру туралы әңгімелері.

  3. Б.Майлиннің әлеуметтік тақырыптағы пьесалары.

  4. І.Жансүгіровтің азаматтық лирикасы.

  5. І.Жансүгіровтің драмалық шығармалары.

  6. Ж.Жабаевтың Айтыстағы шеберлігі.

  7. И.Байзақовтың махаббат және әйел теңдігіне арналған поэмалары.

  8. М.Жұмабаевтың лирикасы.

  9. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары.

  10. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.

  11. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.

  12. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін», «Көз көрген» романдары.

  13. Қ.Аманжоловтың майдан лирикасы мен поэмалары.

  14. Ә.Тәжібаевтың поэмалары.

  15. Т.Ахтановтың повестері мен романдар.



Курстық жұмыстардың тақырыптары.


  1. С.Сейфуллиннің драматургиясы.

  2. Б.Майлин поэмаларындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

  3. І.Жансүгіровтің «Жолдастар» романындағы шаруалар, жұмысшылар образы.

  4. Мағжан дастандарындағы аңыз бен ақиқаттың арақатынасы.

  5. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы әйел тағдырына орыс пен қазақ адамдарының әсері.

  6. М.Әуезов әңгімелеріндегі портрет пен пейзаж.

  7. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясындағы уақыт пен кеңістік.

  8. Ғ.Мүсіреповтың символдық әңгімелері.

  9. Ж.Саин поэзиясындағы партизандық күрес тақырыбы.

  10. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы адамдар тағдыры мен Арал тағдыры.

  11. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы.

  12. Қ.Мырзалиевтің философиялық лирикасы.

  13. М.Мақатаев поэзиясындағы табиғат пен адам.



Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10

специальности(ей)




050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме
Пәннің атауы Қазіргі қазақ әдебиеті


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізінде



6
















180

83

97

5-семестр

6-семестр













45

38




97

Күндізгі

КОБ


негізінде

6
















180

67

113

5-семестр

6-семестр

10

5




57

28

24




56

























Сырттай КОБ негізінде

3







4




3

180

24

156

2-семестр

3-семестр

6

6

8

70

6

6

8

70


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, екінші кітап. – Алматы: Ғылым,1957.

  3. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Білім, 1998.

  4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін,2002.

  5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық.- Алматы: Санат,1997.

Ќосымша єдебиеттер:

  1. Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі.- Алматы:Қазақ университеті, 2001.

  2. Дәдебаев Ж. Қазақтың тарихи романы: Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы,1988.

  3. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.- Алматы: Жазушы, 1977.

  4. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2000.

  5. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы,1977.

  6. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан,1996.

  7. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат,1996.

  8. Мәмбетов Ж. Жұбан Молдағалиевтің ақындық шеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті,2002.

  9. Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.

  10. Шәріпов Ә.Сырбай Мәуленов творчествосы.- Алматы:Ғылым,1985.

  11. Юсупов Қ. Жұмекен Нәжімеденов ақындығы.- Алматы:Ғылым,1995.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу