Initialization
‹модульдiң объектiлерiн инициализациялау бөлiгi›
Finalization < жұмысты аяқтаушы бөлiгi >
End.
Unit - модульдiң басталуын көрсететiн арнайы сөз; ‹аты›-модульдiң атауы;
Interface - модульдiң интерфейстiк бөлiгiн көрсететiн арнайы сөз;
Implementation - модульдiң орындалатын бөлiгiн көрсететiн арнайы сөз;
Initialization - модульдiң инициализациялау - алғашқы рет iске қосу бөлiгiнiң басталуың анықтайтын арнайы сөз;
Finalization - жұмысты аяқтау әрекеттерiн орындауды көрсететiн арнайы сөз;
End - модульдiң соңын анықтайтын арнайы сөз.
Модульде келтiрiлген бөлiктердiң кез келгенi болмауы мүмкiн.
Программаның элементтерi
Object Pascal программалау тiлiнiң негiзгi элементтерi келесi:
Арнаулы сөздер, идентификаторлар (атаулар), түрлер, тұрақтылар, белгiлер, айнымалылар, iшкi программалар, түсiнiктемелер.
Қосымшадағы мәзір
Қазіргі қосымшалардың барлығында мәзір бар. Мәзір қосымшаның функцияларымен стандартты ыңғайлы жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және оларды бір типті топтарға бөледі. Форманың бас мәзірін TMain Menu компоненттер тобы анықтайды. Формаға осы топтан қанша объекті болсада қоюға болады, бірақ форманың жоғарғы бөлігіндегі мәзір жолағында форманың Menu қасиетінде көрсетілгені ғана көрінеді. TMain Menu компоненті үшін объектілер инспекторындағы Items қасиетінің оң жақ жарты жолын шерту арқылы Menu Designer шақырылады. Объектілер инспекторы терезесіндегі Caption жолына текст опциясы енгізіледі. Мәзірдің кезектегі элементін немесе опциясын бір-бірінен ‘-‘ сызығымен (ажырату) бөлуге болады.
TPopupMenu компонентінің көмегімен көмекші мәзір құруға болады. Формаға орнатылған TPopupMenu батырмасын екі рет шерту арқылы шағатын Menu Designer көмегімен көмекші мәзірдің опциясының аты анықталады. Қандайда бір компонентке барып, маустың оң жақ батырмасын басқанда көмекші мәзір ашылуы үшін, PopupMenu компонентінің қасиетіне мәзір – компонентінің атын енгізу керек. Көмекші мәзір атын Popup Menu қасиеттері тізімінен де таңдауға болады.
Қосымшаға жиі қолданылатын операциялар тобының орындалуын стандарт диалогтар жүзеге асырады. Бұған файлды ашу және сақтау, құжатты баспаға шығару, шрифт параметрлерін таңдау және т.б. диалогтар жатады. Delphi құрамында стандарт жүйелік диалогтарды қолданатын компонеттер тобы бар. Олар компоненттер палитрасының Dialogs бетінде орналасқан. Бұл компонеттер визуальді емес, бірақ мәзірден немесе қосымшаның саймандар панелінің шақырылуына қарай сәйкес диалогтың көрінуін қамтамасыз етеді. Қосымшада (орындалу кезінде) диалогты форма Execute әдісімен шақырылады, нәтижесі логикалық тип болады. Егер қолданушы файлды таңдап және ОК кнопкасын басса, онда функция мәні True болады.
Image компоненті Delphi жүйесінде қолданылатын растрлі сурет, пиктограмма немесе метафайлдің бірін формаға орналастыру үшін қолданылады. Picture қасиетінің оң жағына сырт еткізсе графиктік файл жүктелетін диалогтік панель (контейнер ретінде қолданылатын) шақырылады. Кескін өлшемін өзгертуге Stretch қасиеті пайдаланылады. (True-рұқсат етеді, ал False-рұқсат етпейді).
Delphi ортасында мәліметтерді компонентке тексттік файлдан оқуға және компоненттен тексттік файлға жазуға болады. Файлды сипаттау:
< идентификатор > : textfile; f: textfile;
assignfile(f,fname)- логикалық файлы физикалық файлмен байланыстырады;
reset(f)- файлды оқуға ашады; rewrite(f)-файлды мәлімет жазуға ашады;
readln(f,buf)- файл компонентінің мәнін buf айнымалысына оқиды;
writeln(f,buf)- buf айнымалысының мәнін f файлына жазады;
closefile(f)- файлды жабады.
Мәліметтерді тексттік файлдан оқуға Loadfromfile(const FileName:string) және тексттік файлға жазуға Savetofile(const Filename:string) әдістері қолданылады.
Қарапайым тестілеу программасының қосымшасын құру. Word программасын немес «Блокнотты» жүктеп тест сұрақтарын дайындаймыз.
Тест мазмұнының жазу үлгісі мынадай:
1) тест сұрағы
2) жауаптың 1 варианты
3) жауаптың 2 варианты
4) жауаптың 3 варианты
5) дұрыс жауап номері
Тест мазмұнын test.txt файлына сақтаймыз. Қосымша 3 формадан тұрады: 1 –титульдық бет, 2- тестілеу, 3 – нәтиже. Формалар арасында байланыс орнатамыз.
1 форманы жүктейміз. Формаға MainMenu1 компонентін қоямыз. Мәзір пункттері: 1) өзіндік бақылау, 2) тестілеу, 3) нәтиже.
Мәзірдің “тестілеу” пуктінің коды:
procedure TForm1.N2Click(Sender: TObject);
begin
Form2.Showmodal;
end;
Мәзірдің “нәтиже” пуктінің коды:
procedure TForm1.N3Click(Sender: TObject);
begin
Form3.Showmodal;
end;
2-форманы жүктейміз. Формаға 4- Label(1-4), 3-RadioButton(1-3), SpinEdit1, SpeedButton, BtnButton компоненттерін қоямыз.
Қосымша интерфейсі төменде келтірілген.
20-сурет
SpinEdit1 компоненті санағыш ретінде қолданылады, дұрыс жауаптың санын көрсетеді. SpeedButton1 компонентінде тестілеу алгоритмі реализацияланады. Label(1-4) компоненттеріне тест сұрағы мен жауаптары оқылады.
SpeedButton1 компонентінің оқиғасының коды:
var
Form2: Tform2;
f:textfile;
op, o : integer;
implementation
uses Unit3;
{$R *.dfm}
procedure Test;
var s: string;
begin
readln(f,s);
form2.label1.caption:=s;
readln(f,s);
form2.label2.caption:=s;
readln(f,s);
form2.label3.caption:=s;
readln(f,s);
form2.label4.caption:=s;
end;
procedure Tform2.SpeedButton1Click(Sender: TObject);
begin
if radiobutton1.Checked then op:=1;
if radiobutton2.Checked then op:=2;
if radiobutton3.Checked then op:=3;
readln(f,o);
if op=o then spinedit1.value:=spinedit1.value+1;
if not(eof(f)) then
Test
else
Form3.show;
end;
Бұл процедурада ішкі Test процедурасы қолданылады. Form2 –нің OnShow оқиғасының коды:
procedure Tform2.FormShow(Sender: TObject);
begin
assignfile(f,'test.txt');
Reset(f);
Test;
spinedit1.value:=0;
end;
3-форманы жүктейміз. Бұл формада нәтиже сипатталады. Формаға 2- Label, 2- button компоненттерін қоямыз. Label1 компонентінің Caption қасиетіне “ Сіздің ұпайыңыз” сөзін жазамыз. Label2 компонентінің Caption қасиетіне “ Сіздің бағаңыз” сөзін жазамыз. Форманың FormShow оқиғасының коды:
procedure Tform3.FormShow(Sender: TObject);
var b,bg:integer;
begin
button1.Caption:=inttostr(form2.spinedit1.value);
b:=form5.spinedit1.value;
if b<4 then bg:=2
else if b<7 then bg:=3;
if (b>=7) and (b<9) then bg:=4
else bg:=5;
button2.Caption:=inttostr(bg);
end;
Бағалау критерийін төмендегі түрде қолданамыз:
егер балл <40% , баға – «2»;
егер 40%< балл < 70% , баға – «3»;
егер 70%< балл <85% , баға – «4»;
егер балл > 85% , баға – «5».
Delphi көмегімен электронды оқулық құру
«Тілдер және программалау технологиялары» пәні бойынша Delphi көмегімен электронды оқулық құрған кезеңдерді көрсетіп кетелік. Программаны іске қосқанда экран бетінен келесі бейнені көреміз:
Бастау кнопкасын басатын болсақ келесі терезі экранға шығады.
Бұл оқулықтан дәріс мағлұматтарын, зертханалық жұмыстар, студенттің өзіндік жұмысы мен оқытушымен орындауға арналған өзіндік жұмыс тапсырмалары келтірілген. 7>4>
Достарыңызбен бөлісу: |