Мәні [10308,10308] аралығында алынатын 15 мәнді цифрлық нақты сан.
Short
S
Мәні [-3278-67..32767] аралығында алынатын бүтін сан.
Long Integer
I
Мәні [-2147483647..2147483647] аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан.
Memo
M
Alpha-нің мәндер аралығынан үлкен болатын (> = 255 байттық) символдық жол.
Money
$
Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан.
Date
D
Дата
Logical
L
Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан.
Auto increment
Кестеге жол қосылған сайын мәні бірге өсіп отыратын бүтін сан.
Өріс сипаталып болған соң терезенің Save As...түймесін шерту. Құрылатын кесте атауы сүралатын Save table as... терезесі көрінеді.
Терезеде кесте атаулары сақталатын ішкі бума (мысалы, My Databases) құрып, оны ашу (егер ішкі бума бұрын құрылған болса, оны ашу жетлкілікті). Файл атауы өрісіне кесте атын енгізу (мысал, Rousl.db)және каталог алиасы үшін терезеде көрінген WORK:атауын қалдырып, Сақтау түймесін шерту. Кесте құрылымы Rousl.db атауы бойынша My Databases бумасында сақталып қойылады.
Терезені жабу керек.
Өрістер сипатталып болған соң кестені құру қиын емес:
Database Desktop терезесінің мәзірінен File — Open — Table (Файл — Ашу - Кесте) командасын беру. Open Table терезесі көрінеді. Терезеден MyDatabases ішкі бумасын ашып және каталог алиасы үшін жүйе дайындаған WORK: атауын қалдырып, бума ішіндегі қажетті өріс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Rousl.db) таңдап, одан әрі Ашу түймесін шерту керек. Өрістер енгізілген терезе ашылады.
Кестені толтыруға, берілгендерді редакциялауға мүмкіндік беретін Table — Edit Data (Кесте — Берілгендерді редакциялау) командасын беру (аспаптар панелінің аттас пернесін басуда болады). Rousl атауының астына 1 саны жазылып, (+) өрісіне курсор орналастырылып қойылады.
Өрістерді толтыру.
Терезені жабу.
Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Data Desktop мәзірінен Edit — Preferences (Редакциялау – (Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің Generel (негізгі) қосымша бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек. Change Font (Шрифті өзгерту) терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті таңдап, Ok түймесін шертеміз. Сосын Database Desktop жұмыс столын жауып, оны қайта қосуымыз керек. Сонда ғана амалымыз орындалады.
Алиас құру.Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатыны белгілі. Delphi-гe жолды тек берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау бүркеншік атау не алиас (aIias) деп аталады. Арнайы құрылған БҚ бумасын алиас түрінде қарастыру үшін Delphi құрамына енгізілген DBE утилитасы пайдаланылады (BDE — Borland Database Engine - Borlandкорпорациясының берілгендер қоры құрамы).
Жалпы, BDE — Delphi-дің құрылған қосымшамен берілгендер қоры арасында байланыс орнату, олармен жұмыс істеу жүйесі. Ол Paradox,_dBase'>Paradox, dBase берілгендер қоры жүйелері үшін, ал соңғы кездегі Access, FoxPro үшін де басқару жүйесі болып табылады. Бірақ соңғы жүйелерге қол жеткізу үшін арнайы программаны пайдалану керек.
BDE утилитасы берілгендер қоры кестелерімен жұмыс істеу үшін драйверлер деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға БҚБЖ-лерінің атауларымен бірдей атаулар берілген, мысалы, Paradox__7, dBase_IV.Олардың бірін таңдау үшін сәйкес БҚБЖ-сінде құрылатын кестенің өріс типтерін білу жеткілікті. Мысалы, Paradox жүйесі үшін пайдаланылатын типтер жоғарғыдағы кестеде көрсетілген.
BDE-дедрайверлер екі түрлі жиынтықты. Біріншісі — жергілікті деп аталатын Paradox, dbase, FoxPro, Access жүйелерімен.
Екіншісі — күрделі SQL — серверлік InterBase, т.б. жүйелерімен жұмыс істеу үшін бірінші жиынтықтың Paradox драйверлермен жұмыс тәсілі көрсетілген.
Delphi құрамында берілгендер қоры алиасын дайындауға арналған екіутилита бар: