FieIdDefs — кесте өрістерін массив ретінде сипаттау;
AddFieIdDef - өріс қосу;
Процедура өрістер string типті етіп сипатталды.
1) Программада Create Table әдісі барлық қасиеттерді орындап, Add әдісін енгізген соң ғана жазылады.
2) TableType қасиеттерінің мүмкін болатын мәндерін анықтауға арналған TTabIeType типінің сипаттамасы DBTabIes модулінде сақталған. Ол модульдің Uses бөліміне кірістіріліп қойылуы тиіс (оның автоматты түрде кірістірілуі де мүмкін).
3) Процедураны іске қосып, көрінген форманың Button 1 түймесін шерту. Кесте алиас түрінде сақталған берілгендер қорына жазылып қойылады. Оны ашып, толтыру тәсілін жоғарыда айтып кеткенбіз.
2.3 Формада берілгендер қорымен объектілерді
байланыстыру.
Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткізу компоненттер панелінің Data Access (Берілгендерге кіру) қосымша бетіне енгізілген Table, DataSource және Data Controls (Берілгендерді басқару) қосымша бетіне енгізілген DBGrid компоненттері арқылы орындалуы мүмкін. Формаға орнатылған төмендегі компоненттердің негізгі іс-әрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |