Программа негізінен екі бөлімен түрады
Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану
Мұндағы Tablel компонентінің DatabaseName, TableName қасиеттерінің мәндері мәндер тізімдерінен (▼) таңдалу тиіс (DatabaseName қасиетінің мәні — кесте сақталған берілгендер қоры атауы (алиасы). Оның орнына БҚ-на баратын жолды енгізген де мүмкін). DBGridl компонентінің DataSource (Берілгендер көзі) қасиетіне DataSourcel мәні меншіктелген кезде, Tablel объектісінің Active қасиетіне True мәні меншіктелуіне байланысты, DBGrid компоненті терезесінің ішіне Rousl.db кестесі енгізіліп қойылады. Жалпы, Active қасиеті арқылы берілгендер Rousl.db жиынтығы ашылады және жабылады. БК, - мен жұмыс істейтін қосымшасының құрамына бір Table және бір DataSource компоненттерінің болуы қажет. Олар формада орнатылған соң қасиеттеріне мәндер жоғарыда кестеде көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс. DataSourcel компоненті өзінің DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланысады. Ол — Tablel және DBGridl компоненттерін келістіруші де. Delphi-де TDataSet класы берілгендер қоры объектілерінің негізгілерінің бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылады, яғни, Table компаненті — TDataSet класының мүрагері DataSet DataSource компонентінің қасиеті ретінде пайдалануы да мүмкін. Сұранысты формаға түсіру. Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланатын тәсілі — формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компаненттерін пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі. жүктеу/скачать 469,5 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |