Программа развития Жамбылской области



бет9/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы

2.2.1. Экономика

Өңірлік макроэкономика


Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2010 жылы ағымдағы бағамен 446,4 млрд. теңгені, 2011 жылы – 634,3 млрд. теңгені, 2012 жылы – 763,9 млрд. теңгені, 2013 жылы - 880,7 млрд. теңгені, 2014 жылы – 982,2 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі 2010 жылы алдыңғы жылға 107,6%-ды, 2011 жылы – 112,9%-ды, 2012 жылы - 109,8%-ды, 2013 жылы - 103,5% -ды, 2014 жылы - 100,7% құрады (ҚР -104,4%).
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы ҚР-ның өзге өңірлерінен арасында 15-16 орындарда тұр. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2010 жылы 429,0 мың теңгені және 2011 жылы – 603,3 мың теңгені, 2012 жылы - 718,7 мың теңгені, 2013 жылы – 817,6 мың теңгені, 2014 жылы – 899,8 тыс. теңгені құрады, орташа республикалық халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2010 жылы 1336,5 мың теңгені, 2011 жылы – 1665,1 мың теңгені, 2012 жылы -1807,3 мың теңгені, 2013 жылы - 2070,7 мың теңгені, 2014 жылы – 2258,1мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2010 жылы 2,1%-ды, 2011 жылы – 2,3%-ды, 2012 жылы – 2,5%-ды, 2013 жылы - 2,5%-ды, 2014 жылы – 2,5%-ды құрады.
Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің төмен үлес салмағы өңірдің табиғи-өндірістік әлеуетіне, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымды үлесіне (онда еңбек өнімділігің өсімі қиындатылған), мұнай және газ ірі кен орындарының жоқтығына (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда) байланысты.
1 кесте






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет