Кедендік одақ елдерінде тауарлар
экспортын жүзеге асырушы кәсіпорындардың тізімі
1 кесте
Кәсіпорындар атауы
|
Қызмет түрі
|
Серіктес елдердің атауы
|
1.
|
«Қазфосфат» ЖШС
|
Фосфат өндірісі
|
Ресей, Беларусь
|
2.
|
«Жамбылгипс» АҚ
|
Гипстен сыртқы әрлеу өндірісі
|
Ресей
|
3.
|
« ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС
|
Жүн талшықтарын әзірлеу
|
Ресей
|
4.
|
«Salangani» ЖШС
|
Макарон өнімдерінің өндірісі
|
Ресей
|
5.
|
«Қордай Тау» ЖШС
|
Тасты кесу және өңдеу
|
Ресей
|
6.
|
«ҚазФос» ЖШС
|
Өзге негізгі органикалық химиялық заттардың өндірісі
|
Ресей
|
7.
|
“Робин и К” ЖШС
|
Астықты, малға арналған тұқымдық дән мен жемді көтерме сату
|
Ресей
|
8.
|
«Ырыс-Бақыт» ЖШС
|
Киім өндірісі
|
Ресей
|
9.
|
«Парус и К» ЖШС
|
Көп түрлі тауарлардың көтерме саудасы
|
Ресей
|
10.
|
«Карат-V» ЖШС
|
Жиһаздық ламинат өндірісі
|
Ресей
|
11.
|
«Касымова Л.» ЖК
|
Ет және одан жасалатын өнімдерді өңдеу және консервілеу
|
Ресей
|
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кедендік одақ базасында аймақтық интеграцияны тереңдетуге және «төрт бостандықты»: тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін жүруін қамтамасыз етуге бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) жөніндегі келісім-шарт жұмыс істей бастады. Келісім-шарт шеңберінде үш қатысушы елдер – Қазақстан, Ресей және Беларусьтің мемлекеттік органдары экономиканың нақты салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясатты жүргізетін болады. ЕАЭО Бүкіл әлемдік сауда ұйымының ережесі негізінде әрекет ететін жалпы нарықты құратын болады.
Өңірдің сыртқы сауда байланысындағы мәселелері:
- экспорттық-импорттық операциялардың аз көлемі;
- аймақтағы елдердің экспорттық-импорттық операциялары құрылымының географиясын өзгерту сонымен қатар, алыс және жақын шетелдерінің, кеден одағы мүшелерінің экономикасының құрылымы бірыңғай емес және бәсекеге қабілеттігі төмен болғандықтан экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес;
- экспорттық салалар жетіспейді;
- шетелге экспортталған шикізат онда қайта өңделіп, қосымша құны жоғары өнім түрінде қазақстандық нарыққа қайта түседі және отандық өнімге бәсекелестік жасайды;
- шет елдерден, Кеден одағы елдерінен толықтырылып отырған азық-түлік емес тауарлары импортына тәуелділік.
Өнеркәсіп
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің үлесі республикалық көлемде 2009 жылы 1,3%-ды, 2010 жылы – 1,0%-ды, 2011 жылы – 1,2%-ды, 2012 жылы – 1,2%-ды, 2013 жылы – 1,3%-ды, 2014 году – 1,5%-ды құрады.
Облыста минералды-шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндіру, газ өндіру, химия, мұнай өңдеу, тамақ, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр қуаты саласы дамыған.
Облыстың өндірістік әлеуетін кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау кәсіпорындары құрайды (1 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |