2009-2014 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің
көлемі және нақты көлем индексі
1 кесте
Атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Өнеркәсіп, млрд. теңге
|
115,6
|
119,6
|
185,7
|
206,8
|
233,9
|
279,3
|
Алдағы жылға НКИ %-бен
|
69,3
|
110,8
|
127,7
|
101,6
|
107,4
|
105,7
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
- кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, млрд. теңге
|
6,5
|
8,7
|
13,0
|
17,1
|
18,8
|
21,8
|
- алдыңғы жылға НКИ %-бен
|
69,6
|
131,8
|
139,8
|
106,8
|
116,5
|
112,0
|
- өңдеу өнеркәсібі, млрд. теңге
|
88,2
|
91,1
|
144,5
|
155,7
|
174,8
|
203,5
|
- алдыңғы жылға НКИ %-бен
|
73,4
|
116,5
|
127,4
|
98,2
|
108,4
|
102,3
|
- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау, млрд. теңге
|
19,9
|
18,3
|
26,6
|
31,9
|
37,7
|
51,6
|
- алдыңғы жылға НКИ %-бен
|
55,6
|
80,7
|
125,9
|
121,8
|
98,7
|
117,6
|
- сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау, млрд. теңге
|
1,0
|
1,5
|
1,6
|
2,1
|
2,6
|
2,4
|
- алдыңғы жылға НКИ %-бен
|
62,4
|
126,3
|
98,1
|
128,4
|
87,4
|
78,2
|
2009 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 115,6 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 69,3%-ды) (1 сурет) құрады. Өнімге деген сұраныстың баяулауынан, әлемдік бағаның төмендеуінен болған қаржылық дағдарысқа байланысты өндірістің нақты көлем индексі төмендеді, бұл кәсіпорындардың жағдай тұрақталғанға дейін өндірістерін тоқтата тұруына алып келді. 2010 жылы мемлекетік саясатты іске асыру шеңберінде облыста дағдарыстан кейінгі кезеңіндегі дамудың тұрақты негізін құруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру жалғастырылған. Өнеркәсіп көлемінің өсіміне қол жеткізуге облыс кәсіпорындарымен өндіріс көлемін өсіру, химия өнеркәсібінің өніміне сыртқы сұраныстың қалпына келуі, Индустриаландыру картасына енгізілген жаңа өндірістерді қосу, сонымен қатар қазақстандық үлесті дамыту ықпал етті. Нәтижесінде 2010 жылдың басынан өнеркәсіп өнімін өндіруде оң динамика байқалады, онда өнім көлемі 119,6 млрд. теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10,8%-ға өскен,
Индустриалдық саясаттың тиімділігі 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің өндірісінде байқалды (республика өңірлері арасында 1 орын). Нақты көлем индексі 127,7% құрады (ҚР-103,8%), 185,7 млрд. теңге сомасында өнімдер өндірілді.
Мемлекет Басшысымен қойылған міндеттерді сәтті іске асыру 2012 жылы өнеркәсіпті тұрақты дамытуды қамтуға мүмкіндік берді. 2011 жылмен салыстырғанда өнеркәсіпті өндіру көлемі 1,6%-ға өскен (206,8 млрд.теңге).
Әлемдік экономиканың келеңсіз беталысына қарамастан, өңірде өнеркәсіп өндірісінің оң қарқыны сақталған. 2013 жылы өнеркәсіпте өсім 7,4% -ды құрап, 233,9 млрд. теңгеге дейін артты.
2014 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері өндірісінің өсімі 5,7% құрап, 279,3 млрд. теңгеге жетті, онда өнеркәсіптің негізгі салалары кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 12,0%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 2,3%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 17,6%-ға өсуі байқалады.
2009-2014 жылдардағы өнеркәсіптің серпіні
1 сурет
Өңдеу өнеркәсібі
Облыс өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне 2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің 76,3%, 2010 жылы - 76,2%, 2011 жылы – 77,8%, 2012 жылы – 75,3%, 2013 жылы – 74,7%, 2014 жылы – 72,9% сәйкес келеді. ЖӨӨ-ң құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2009 жылы 12,3%-ды, 2010 жылы – 13,2%-ды, 2011 жылы – 14,3%-ды, 2012 жылы – 12,4%-ды, 2013 жылы – 13,1%-ды, 2014 жылы – 13,6%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2009 жылы 20,8 млрд. теңгеге, 2010 жылы – 33,5 млрд. теңгеге, 2011 жылы – 14,0 млрд. теңгеге, 2012 жылы – 22,0 млрд. теңгеге, 2013 жылы – 19,9 млрд. теңгеге, 2014 жылы – 21,2 млрд. теңгеге жетті.
Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында химия өнеркәсібі, азық-түлік өнеркәсібі, металлургия саласы, машина жасау, мұнай өнімін қайта өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі басым.
Экономикалық дағдарыс өте маңызды сынақ болды және ол облыстағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 88,2 млрд. теңгені құраған (2008 жылдың деңгейіне НКИ - 73,4%). Нақты көлем индексінің төмендеуі химия өнеркәсібіндегі (41,9%-ға), азық-түлік өндірісіндегі (23,8%-ға), өзге де металл емес өнімдер өндірудегі (19,7%-ға), машина жасаудағы (8,5%-ға), металлургиялық өнеркәсіптегі (7,8%-ға) және т.б. өндіріс көлемдерінің қысқаруынан болып отыр.
Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында өсім химия өнімін өндіру (2009 жылдың деңгейіне 138,9%), дайын металл бұйымдары (122,7%), өзге де метал емес минералды өнімдерін (1,6 есеге), былғары және былғарыға жататын өнімдер (3,3 есеге) көлемдерін едәуір арттыру есебінен 16,5%-ды (91,1 млрд. теңге) құрады, қара металлды өндіруде өсімнің оң қарқындары байқалуда (ферроқойыртпалары – 28,2%).
2011 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірісінде оң қарқыны байқалуда, онда 27,4%-ға (144,5 млрд. теңге) өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 25,6%-ға артқан (35,8 мың АҚШ доллар/адам).
Ең үлкен өсім өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында байқалады: химия өнеркәсібі 1,5 есеге, мұнай өнімдері – 2,6 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдары – 8,9 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдер – 2,7 есеге, металлургия өнеркәсібі – 2,3 есеге, дайын металл бұйымдары – 1,8 есеге, машина жасау – 1,2 есеге, ағаш бұйымдары – 1,8 есеге, жиһаз – 1,4 есеге, жеңіл өнеркәсібі – 1,3 есеге, сусындар – 1,1 есеге өскен.
Алайда, 2012 жылы азық-түлік өнімін өндіру көлемдерінің 27,6 пайыздық тармаққа, химия өнеркәсібін - 9,1 пайыздық тармаққа, жеңіл өнеркәсібін - 11,7 пайыздық тармаққа, резеңке және пластмасса бұйымдарын - 8,5 пайыздық тармаққа, машина жасау - 7,5 пайыздық тармаққа қысқаруының салдарынан өңдеу өнеркәсібінің 1,8 пайыздық тармаққа төмендеуіне жол берілген (155,7 млрд. теңге).
Достарыңызбен бөлісу: |