Программа развития Жамбылской области



бет10/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101
2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ЖӨӨ

үлес салм. %

ЖӨӨ

үлес салм. %

ЖӨӨ

үлес салм.%

ЖӨӨ

үлес салм. %

ЖӨӨ

үлес салм. %

Облыс бойынша барлығы

446399,3

100

634251,9

100

763861,8

100

880659,3

100

982240,6

100

ауыл шаруашылығы

43927,7

9,8

60116,8

9,5

67770,9

8,9

84883,2

9,6

105602,3

10,8

өнеркәсіп

78345,7

17,6

117322,8

18,5

120754,9

15,8

154466,1

17,5

181965,9

18,5

құрылыс

40992,9

9,2

56010,5

8,8

93383,6

12,2

110618,5

12,6

97823,8

10,0

сауда

44102,2

9,9

75922,0

12,0

85979,9

11,2

87262,6

9,9

117279,1

11,9

көлік

45901,1

10,3

68179,0

10,7

84886,5

11,1

103053,9

11,7

109489,5

11,2

байланыс

6391,2

1,4

5443,7

0,8

6574,0

0,9

7194,1

0,8

8221,0

0,8

басқалар

186738,5

41,8

251257,1

39,7

304512,0

39,9

333180,9

37,9

361859,0

36,8

Инфляция деңгейі, %

107,9

108,6

106,0

104,7

107,5

ЖӨӨ құрылымында 2010 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,6%, 2011 жылы – 18,5%, 2012 жылы - 15,8%, 2013 жылы - 17,5%, 2014 жылы – 18,5%, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше – 9,8%, 9,5%, 8,9%, 9,6% және 10,8%, саудаға – 9,9%, 12,0%, 11,2%, 9,9% және 11,9%, көлікке – 10,3%, 10,7%, 11,1%, 11,7% және 11,2%, байланысқа – 1,4%, 0,8%, 0,9%, 0,8% және 0,8%, құрылыстың үлесіне – 9,2%, 8,8%, 12,2%, 12,6% және 10,0%, басқа салаларға - 41,8%, 39,7%, 39,9%, 38,3% және 37,8% сәйкес келді.


ЖӨӨ құрылымында 2010 жылдан бастап көлік және сауда қызметтерінің өсімі байқалуда. Аталған өсімге мемлекеттік және жеке секторлардағы тұтынудың өсімімен қамтамасыз етілген ішкі нарықтағы тауарларға және қызметке сұраныстың ұлғаюы, халық кірісінің өсімі, әкімшілік кедергілердің қысқаруы, кәсіпкерлер белсенділігінің іскерлік өсімі, Кедендік Кеңес елдерімен өзара сауда себеп болды.
2014 жылы құрылыс жұмыстары көлемінің орындалмауы есебінен (НКИ-79,9%) «ЖӨӨ алдыңғы жылға нақты көлем индексі» көрсеткіш жоспарланған көлемге қол жетпеді.
Жамбыл облысы тұрғындарының саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 1098,7 мың адамды құрады.






2012

2013

2014

Тұрғындар саны, мың адам

1069,9

1084,5

1098,7

Облыс тұрғындарының саны 2014 жыл басымен салыстырғанда 14,2 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.
Табиғи өсімнің миграциялық кемуден асуынан облыс тұрғындарының саны өскен.
2014 жылы қайтыс болғандар саны 2013 жылға қарсы 4,7%-ға қысқарып, 7,6 мың адамды құрады.
Облыста туылғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артып, 29,7 мың адамды құрады.
Туу көрсеткішінің өсіміне және қайтыс болудың төмендеуіне байланысты тұрғындардың табиғи өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, 22,2 мың адамды құрады.
Облыста миграциялық кему 2013 жылғы 6,4 мың адамнан 2014 жылғы 8,0 мың адамға дейін,немесе 23,6%-ға өсті.
Бұл ретте, алдыңғы жылмен салыстырғанда облысқа келгендер саны 7,7 %-ға, облыстан кеткендер - 12,5%-ға артты.
2014 жылы облысқа 16,1 мың адам келді, облыстан тыс 24,0 мың адам кетті.
Сытрқы миграция ағынында кетушілер саны келушілер санынан 142 адамға асты, миграциялық кему 2013 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға өсті. Халықаралық миграциялық ағында ТМД елдерімен айырбас басымдылығы байқалады, онда 98,9% иммиграция және 94,5% эмиграция құрайды.
Яғни, миграциялық кему есепті жылы 2013 жылғы 6431 адам қарсы 7950 адамды құрады. Ең жоғарғы өсім Оңтүстік Қазақстан облысымен (1686 адам) және Алматы қаласымен (1181 адам) айырбас кезінде байқалды. Облыс бойынша ерекше маңызды миграциялық кему Алматы қаласымен (4544 адам), Алматы облысымен (2614 адам) және Астана қаласымен (2319 адам) байқалады.
Облыста жыл сайын номиналды табысының және орташа айлық еңбекақысының өсімі байқалады. Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2014 жылы кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 81874 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық есептеуде 6,7%-ға және нақты – 0,3%-ға төмендеген






2012

2013

2014

Орташа айлық еңбекақы, тенге

72296

75786

81874

номиналды %

116,9

104,9

106,7

нақты %

110,5

98,7

99,3

Халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 2014 жылы 39601 теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға өскен, нақты 0,1%-ға төмендеген.




2012

2013

2014

Номиналды ақшалай табы, теңге

34974

37040

39601

номиналды %

113

105,9

106,9

нақты %

106,8

99,7

99,9

Облыс бойынша 2011 жылы инфляция ең жоғары деңгейінде байқалып 108,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары индексі - 108,3%, азық-түлік емес тауарлары бойынша - 105,6%, ақылы қызметтер - 112,3%.






2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тұтыну бағалары индексі, % о.і.

106,0

104,7

107,5

азық-түлік тауарлары

105,0

103,3

107,6

азық-түлік емес тауарлары

103,5

103,5

107,3

ақылы қызметтер

109,8

107,3

107,6

Талдау бойынша 2012-2014 жылдары инфляция деңгейінің жоғарғы көрсеткіші ақылы қызметтердің озық өсу қарқынына байланысты: 2012 жылы - 109,8%, 2013 жылы - 107,3%, 2014 жылы - 107,6%.


Осы топтың қосындысынан ақылы қызметтердің өсуіне ең үлкен үлес тұрғын - үй коммуналдық тарифтерінің көтерілуі қосты, олар 2012 жылы 10,1%-ға (оның ішінде тарту арнасымен тасымалдайтын табиғи газ – 24%-ға, орталықтан жылу беру – 11,3%-ға, ыстық су - 11,8%-ға, электрқуаты- 10,2% - ға), 2013 жылы - 7,3%-ға (оның ішінде суық су –72,3%-ға, қоқыс жинау –42,7%-ға, электқуаты –8,6%-ға), 2014 жылы – 8,3%-ға (оның ішінде тарту арнасымен тасымалдайтын табиғи газ,1 текше метрге – 31,8%-ға, суық су, арналық кәріз – 10,0%-ға, орталықтан жылу беру - 8,4%-ға, электрқуаты- 5,7% - ға, ыстық су - 3,9%-ға) құрады.
Қызмет көрсету саласында да өсім байқалды: 2012 жылы шаштараздардың және жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 6,7%-ға, 2013 жылы - 14,4%-ға, 2014 жылы – 19,9%-ға, мейрамхана мен қонақ үй қызметтері тиісінше 9,8%-ға, 8,0%-ға, 10,4%-ға, медициналық қызметтері: 6,4%-ға, 25,0%-ға, 27,1%-ға, жолаушы көлік қызметтері: 4,6%-ға, 4,1%-ға және 5,2%-ға өсті.
Сонымен қатар 3 жыл ішінде азық-түлік тауарларының тұтыну бағалары индексінің өсуі байқалуда: 2012 жылы - 105%, 2013 жылы - 103,3% және 2014 жылы - 107,6%.
2012 жылдың басынан ең салмақты бағалардың өсуі етке - 11,2%, нанға - 7,1%, шайға - 6,5%, жеміс-жидектерге - 5,6% байқалды. 2013 жылы бағалар жұмыртқаға - 26,5%-ға, ұнға - 7,7%-ға, жеміс-жидектерге - 6,2%-ға, теңіз өнімдеріне - 5,6%-ға, шайға - 4,1%-ға байқалды.
2014 жылы бағалар жармаларға 19%-ға, қантқа -17,9%-ға, сүт өнімдеріне - 17,0%-ға, ұнға - 12,7%-ға, көкөністерге - 9,9%-ға, балалар тағамына - 9,2%-ға, жеміс-жидектерге - 7,2%-ға көтерілді.
Жанар - жағар май бағаларына 2012 жылы 4,9%-дан 2014 жылы 2,2%-ға төмендегені байқалды.


Өңірлік экспорт


Сауда саясатын тиімді жүргізу өңірді аумақтық дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың маңызды бөлігі болып табылады.

2011 жылы экспортқа бағытталған салалардағы өндіріс өсімі сыртқы сауда айналымының артуына ықпал еткен, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңіне 11,0%-ға ұлғайып, 574,7 млн. АҚШ долларын құраған. Тауарлар экспорты 4,3%-ға (276,2 млн. АҚШ доллары), импорты – 18,0%-ға (298,5 млн. АҚШ доллары) артқан. Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасып, 22,3 млн. АҚШ долларын құраған. Өсім гипс экспортының 1,5 есеге, қант – 6 есеге, тас көмір – 3,9 есеге, әк – 2,7 есеге, аммоний нитраты – 2,4 есеге, мазут – 1,2 есеге, барий сульфаты – 1,4 есеге ұлғаюына; картоп импортының 1,9 есеге, пияз – 1,9 есеге, бұрыш – 6,4 есеге, қант шикізаты – 1,2 есеге, алма – 1,9 есеге, жүзім – 2,7 есеге артуына байланысты қамтамасыз етілген.


Алайда, 2012 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы жылдық мөлшерде 2011 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға азайып, 441,9 млн. АҚШ долларын құраған, 148,0 млн. АҚШ долларының тауары экспортталып, жылдық мөлшерде 46,4%-ға қысқарған, импортталғаны – 293,9 млн. АҚШ доллары (1,5%-ға). Сауда балансының сальдосы теріс қалыптасқан – 145,9 млн. АҚШ доллары.
Сонымен қатар, экспорттың жалпы көлемінде мына тауарлар бойынша жылдық өсім байқалады: мазут – 4,5 есеге (13,9 млн. АҚШ доллары), пияз – 2,7 есеге (2,5 млн. АҚШ доллары), минералды тыңайтқыштар – 2,5 есеге (4,0 млн. АҚШ доллары), бидай – 2,4 есеге (6,4 млн. АҚШ доллары), қож және өзге күл – 1,3 есеге (3,5 млн. АҚШ доллары), алтын – 1,5 есеге (62,5 млн. АҚШ доллары), барий сульфаты – 1,7 есеге (24,8 млн. АҚШ доллары).
2013 жылы облыстың сыртқы сауда айналымының өсімі байқалады, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 1,3 есеге артып, 587,7 млн. АҚШ долларын құраған (республика бойынша сыртқы сауданың жалпы көлемінің 0,5%-ы), оның ішінде тауарлар экспорты – 179,7 млн. АҚШ доллары (1,2 есеге), импорт – 408,0 млн. АҚШ доллары (1,4 есеге).
Экспорт құрылымында көбіне былғары шикізатын жөнелту 21,7 есеге (6,8 млн. АҚШ доллары), қант – 5,3 есеге (8,0 млн. АҚШ доллары), қара металл сынықтары мен қалдықтарын – 2,7 есеге, (6,4 млн. АҚШ доллары), сұйытылған бутан – 2,2 есеге (1,1 млн. АҚШ доллары), қож және өзге күл – 2,1 есеге (7,2 млн. АҚШ доллары), әк тасты флюсті – 1,7 есеге (6,3 млн. АҚШ доллары), минералды тыңайтқыштарды – 1,4 есеге (5,8 млн. АҚШ доллары), барий сульфатын – 1,1 есеге (28,4 млн. АҚШ доллары) өскен.
Сонымен бірге, мал жүнінің экспорты 61,5%-ға (Индустрияландыру картасы шеңберінде «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-і жаңа өндіріс ашқаннан кейін), ферросиликомарганецтің – 58,3%-ға (өнімді Кеден одағы елдеріне жөнелткеннен, өндірістің көлемі 87,2%-ға төмендегеннен кейін), алтынның – 28,7%-ға (кен құрамындағы алтын аз болғандықтан, өнім көлемі 9,6%-ға төмендеген) азайған.
Импорт құрылымында аяқ киім жеткізілімі 18 есеге (25,9 млн. АҚШ доллары), электр энергиясы – 16 есеге (1,6 млн. АҚШ доллары), сүт өнімдері – 4 есеге (8,4 млн. АҚШ доллары), киім – 3,3 есеге (98,2 млн. АҚШ доллары), жеміс – 1,2 есеге (46,4 млн. АҚШ доллары), көкөніс – 1,1 есеге (41,7 млн. АҚШ доллары) артқан.
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 617,7 млн. АҚШ долларын (республика бойынша сыртқы сауданың жалпы көлемінің 0,6%-ы) немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 105,1% құрады, оның ішінде экспорт – 138,2 млн. АҚШ доллары (76,9 %), импорт – 479,5 млн. АҚШ доллары (117,5%) (1 сурет).
Экспорттың географиясы кеңейген. Облыстың негізгі сауда әріптестері ТМД елдері болып табылады, олардың үлесі жалпы сыртқы сауда айналымының 45,9%-ын, ал, алыс шет елдердікі – 54,1%-ын құрайды. Есепті кезеңде тауарларды сатып алушылар – Қырғызстан (жалпы экспорт көлемінің 19,9%-ы), Қытай (19,2%), Түрікменстан (18,3%), Ауғанстан (9,9%), Түркия (7,7%), Өзбекстан (7,2%), Нидерланд (5,5%), Әзірбайжан (4,2%), өзге елдер (8,1%) болған.
Сыртқы экономикалық қызмет құрылымындағы экспортталатын өнімдер шикізаттық бағытқа ие, көбінесе өңделмеген өнімдер тез арада экспортталады, өйткені бұл өнім өндірушілерге сол мезетте әрі жылдам табыс әкеледі.
Республиканың сырт жағына келесі өнеркәсіп кәсіпорындарының тауарлық өнімдері экспортталады: «Казфосфат» ЖШС-гі сары фосфорды, ортофосфорлық және полифосфорлық қышқылдарды, натрий үшполифосфатын, минералды тыңайтқыштарды – жақын және алыс шет елдерге; «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-гі ТОПСты – Италияға; «Шығыс кен басқару» ЖШС-гі барит қойыртпаларын – Түрікменстанға; «Ақтас» ЖШС-гі әк тасты – Қырғызстанға.
Облыстың сырт жағына «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-гі (цемент), «АльБасар» ЖШС-гі (граниттен жасалған бұйымдар), «ТаразКожОбувь» ЖШС-гі (арнайы аяқ киімдер), «Айвенго» ЖШС-гі (киім өндірісі, төсек жапқыштары, арнайы киімдер), «Жасұлан Флора» ЖШС-гі (өндірістік негіздегі гүлдерді өсіру), «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-гі (полиэтиленді құбырлар және тамшылап суғаруға арналған құбырлар), «ЫрысБақыт» ЖШС-гі (былғары және ұлттық бұйымдар) кәсіпорындарының өнімдері жөнелтіледі.


1 сурет

Экспорт құрылымында алтынды жөнелту 93,7%-ға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы №606 қаулысына сәйкес ҚР-ның аумағынан өңделмеген бағалы металдарды әкетуге уақытша тыйым салынуына байланысты), мазутты – 89,2%-ға, қантты – 87,5%-ға, құбыр төсегіштерді – 83,1%-ға,минералды тыңайтқыштарды – 72,4%-ға, қож және күлді – 12,5%-ға (сұраныстың азаюы) төмендеуі тіркелген.


Сонымен бірге экспортта сұйық жанар-жағармайдың – 7,4 есеге (7,4 млн. АҚШ доллары), басқа полифосфаттардың – 4,2 есеге (3,3 млн. АҚШ доллары), түйінді пияздың – 2,1 есеге (2,7 млн. АҚШ доллары), бидайдың – 1,8 есеге (3,6 млн. АҚШ доллары), әк тасты флюстің – 1,7 есеге (10,4 млн. АҚШ доллары) өсуі бақалады.
Облысқа импортталған өнімнің негізгі тасымалдаушылары – Қырғызстан (импорттың жалпы көлемінің 38,3%-ы), Қытай (19,1%), Германия (15,4%), Испания (5,4%), ОАР (3,5%), Өзбекстан (3,4%), Түркия (3,3%), Индия (2,5%), басқалар (9,1%).
Импорттың құрылымында машиналар мен агрегаттардың жеткізілімі –367 есеге (36,7 млн. АҚШ доллары), қара металдан жасалған металл құрылымдарының – 46,7 есеге (14,0 млн. АҚШ доллары), ұнтақтау және ұсақтауға арналған машиналардың – 15,8 есеге (7,9 млн. АҚШ доллары), киім – 1,2 есеге (113,6 млн. АҚШ доллары) артқан.
Жамбыл облысының 2011-2014 жылдардағы сауда балансы теріс қалпында қалуда. Импорт экспорттан басым және импорт пен экспорттың айырмашылығы өсім қарқынында. Сонымен, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында тауар айналымының жалпы көлемінде экспорттың үлесі – 22,4%-ды, импорт – 77,6%-ды құрайды, бұл сауда балансы сальдосының теріс қалыптасқандығын және 2013 жылдың тиісті кезеңіндегі 228,3 млн. АҚШ долларына қарағанда 341,3 млн. АҚШ долларына дейін немесе 1,5 есеге өскенін көрсетеді. Облыс экономикасына сыртқы сауда тапшылығының әсер етуін (тауар импортының тауар экспортынан басым болуы) нақты жағдай бойынша бағалау қажет.
Теріс сальдоның тым жоғары өсуінің басты себебі – химия өнеркәсібінің өнімі болып табылады. Облыстағы химия өнімін негізгі өндіруші – әлемдік нарыққа 80%-дан астам дайын өнімін экспорттайтын «Қазфосфат» ЖШС-і болып табылады. Дегенмен, «Қазфосфат» ЖШС компаниясы ОКЭД-ке сәйкес өз өнімін бас кеңсенің орналасқан жері – Алматы қаласы арқылы жібереді. Металлургия саласының өнімі, оның ішінде «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і өндіретін ферросиликомарганец Кеден одағы елдеріне экспортталады, сондықтан да кедендік статистика органдарында есепке алынбайды, сондай-ақ елеулі сұранысты қамтамасыз ететін үлкен ішкі тұтыну нарығына байланысты болып отыр.
Экономикалық қарым-қатынастың маңызды факторы ретінде Қазақстан аймақтарының Кеден одағы елдерімен байланысы болып қалуда, оның негізінде түрлі салалардағы өндірістік кооперацияның дәстүрлі қалыптасқан сызбасы жатыр. Еркін сауданың нақты режимін құру қауымдастыққа қатысушы елдердің өзара тауар айналымы көлемінің өсімін қамтамасыз етті. Әлемдік экономиканың жандануы, сыртқы сұраныстың қалпына келуі және сыртқы баға конъюнктурасының тұрақтануы, сондай-ақ, Кедендік одақтың орнықтылығы Жамбыл облысында 2012 жылы өзара сауданың 130,7 млн. АҚШ доллары (Ресеймен – 123,1 млн. АҚШ доллары, Беларусь – 7,6 млн. АҚШ доллары) болуын қамтамасыз етті және 137,6% құрады, оның ішінде экспорт – 41,8 млн. АҚШ доллары (148,0%), импорт – 88,8 млн. АҚШ доллары (133,2%).
Облыстың статистика департаментінің мәліметі бойынша 2013 жылы Жамбыл облысының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 81,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,9%-ға қысқарған, тауарлардың экспорты 64,4%-ға төмендеп, 14,9 млн. АҚШ доллары, импорты – 66,3 млн. АҚШ доллары (25,4%-ға) болған.
Ресей Федерациясымен өзара сауданың жалпы көлемі 45,0%ға азайып, 67,7 млн. АҚШ долларын құраған, экспорт – 64,4% (14,8 млн. АҚШ доллары), импорт – 35,1%-ға төмендеген (52,8 млн. АҚШ доллары).
«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де пештерді жөндеуге және жаңартуға байланысты ферросиликомарганецті экспорттау 83,9%-ға төмендеген. Экспорттың жалпы көлемінде гипстен жасалынған тақталар мен табақтар желісі бойынша 1,3 есеге өсім байқалып, 1,4 млн. АҚШ долларын құраған.
Импортта бөтелке тасымалдау 2012 жылғы 2,5 млн. АҚШ долларына қарағанда 3,2 млн. АҚШ долларына дейін немесе 1,2 есеге артқан, аммоний нитратының 90,5%-ға төмендеп, 0,9 млн. АҚШ долларын, тас көмір – 66,1%-ға (0,8 млн. АҚШ доллары), балалар жаялығы – 31,1%-ға (4,9 млн. АҚШ доллары) төмендеген.
Беларусь Республикасымен өзара сауданың жалпы көлемі 13,4 млн. АҚШ долларына жетіп, импорт көлемінің 1,8 есеге (13,4 млн. АҚШ доллары) ұлғаюы есебінен 1,8 есеге артқан. Алайда экспорт 57,7%-ға азайған (0,04 млн. АҚШ доллары).
Жамбыл облысының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 2014 жылы 124,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артқан, оның ішінде экспорт – 2,3 есеге (33,7 млн. АҚШ доллары), импорт – 1,4 есеге (90,7 млн. АҚШ доллары).
Ресей Федерациясына экспорт 32,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2,2 есеге артты, импорт – 77,7 млн. АҚШ доллары (1,5 есе).
Ең көп өсім фосфат экспортында 2,6 есе (1,3 млн.АҚШ доллары), импортта мұнай өнімдерін жеткізуде – 1,4 есе (5,0 млн.АҚШ доллары).
Беларусь Республикасына экспорт 1,5 млн. АҚШ долларын құрап, 34,4 есеге артты, импорт – 13,0 млн. АҚШ долларын құрап, 3,0%-ға төмендеді.
Тоқыма материалдарының экспорты 2 есе (92,3 млн. АҚШ долл.), пластмасса мен одан жасалатын бұйымдар импортының құрылымында – 6,2 есе (0,8 млн.АҚШ долларовы), жер көлігі –6,9 есе (2,3 млн.АҚШ долларов) артты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет