Стационарлық көздерден шығатын зиянды заттардың атмосфераға шығуы
тонна
80575
97922
97197
98097
40000
Сарқынды сулардың су объектілеріне түсуі
тонна
-
-
-
-
19000
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін алынған жергілікті бюджетке түсетін кірістерге қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бағытталған шығындардың арақатынасы
%
78,7
71,3
27,3
47,6
48,8
Тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы көлемінің ішіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі
%
-
-
0
0,3
0,45
Тұрғындарды қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту
%
-
-
-
-
33,3
Санитарлық ереженің талаптарына сәкес ҚТҚ полигонының үлесі (көму орындарының жарпы санынан)
%
-
-
-
-
4,1
Міндет 4.6.1.2. Ормандарды қорғау, өсімін молайту, орман өсіру және жер ресурстары
Ормандарды молықтыру және орман өсіру ауданы
га
6500
6500
6500
6500
5000
Сауда-саттықта жер учаскелерін беру (конкурстар, аукциондар)
га
-
-
-
-
181,0
Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы)
%
-
-
-
-
35,6
Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс)
%
-
-
-
-
8,5
Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалуны реттеу басқармасы, жер қатынастар басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы
4.6.1.1. Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.):Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен: Жамбыл ауданының Қызыл таң ауылында ағынды суларын биологиялық тазарту кешенінің құрылысы, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы жоспарланған.
Тараз қаласында келешекте қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жоспарлануда.
ҚТҚ-ды кәдеге асыру және қайта өңдеу мақсатында, Тараз қаласында 2015 жылы ҚТҚ-ды қайта өңдеу негізінде жұмыс істейтін, ҚТҚ-ды жинау және қайта өңдеу Орталығы, сондай-ақ биогаз электростанциясын салу инвестициялық жобасы жоспарлануда. Жобаны жүргізуге құрылтайшысы Нидерландиялық «Energy Emissions BV» компаниясы болып табылатын, «Recowaste» ЖШС-гі ынта білдіруде. Жоба бойынша Тараз қаласында қуаттылығы жылына 50 000 - 100 000 тоннаға дейін, құны 32 млн. АҚШ доллар болатын ҚТҚ-ды жинау және қайта өңдеу Орталығын салу және қуаттылығы 5 МВт дейін жететін, құны 23 млн. АҚШ доллар болатын биогаз электростанциясын салу қарастырылған.
4.6.1.2. Ормандарды қорғау, өсімін молайту, орман өсіру және жер ресурстары міндеті бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.):Екпе ағаштарды орманмен көмкерілген жерлерге аудару және табиғи өсу есебінен жыл сайын 1800-2000 гектарды орманды жерлерге қосу жоспарлануда. 2015 жылы көшет егу және тұқым себу арқылы 5000 га орман отырғызу жоспарлануда.
2015 жылы облыста табиғи өрттермен күресу, ғарыштық мониторинг мәліметтерін дер кезінде пайдалану бойынша іс-шаралары жүргізілетін болады, сонымен қатар өрт алаңын қысқарту үшін орман қорын әуеден бақылау жүргізіледі.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2015 жылы 45,0 млн. теңгеге 16 бірлік техника сатып алу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жерлерге ауыспалы егістік жүйесін қолдану арқылы түсімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғары сапаға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен бірге, фитосанитариялық қауіпсіздікті қолдау. 2015 жылы айдалған жердің құрамындағы (егіс алқаптарындағы ауыспалы егістік) ауыспалы егістік үлесін 297,5 мың гектарға жеткізу жоспарлануда, айдалған жерлерді ұлғайту есебінен егіс алқаптарында ауыспалы егістік 2 бірлікке артады.
Азықтық дақылдардың алқабын (көп жылдық, бір жылдық шөптер, жемдік дақылдар) ұлғайту есебінен азықтық ауыспалы егістік үлесін 1 бірлікке арттыру жоспарлануда. Аймақтың мал шаруашылығымен айналысатындығын есепке ала отырып ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру есебінен, азықтық дақылдарының алқабы 181,3 мың га құрайды.
Облыста қолда бар жер қорын түгендеу жұмыстары жалғасуда. 2015 жылы Тараз қаласы бюжетінен қаланың өнеркәсіптік аймағы жерлерін түгендеуге 29,2 млн. теңге бөлінген.
2015 - 2016 жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін 36,6 млн. теңге көлеміндегі қаржы есебінен қосалқы жерлерге түгендеу жүргізу қарастырылған.
Облыстың бес аудандарында (Жуалы, Т. Рысқұлов ат., Талас, Меркі және Шу) көп жылдық екпелердің (баулар мен жүзімдіктердің) алқаптарын нақтылау жоспарланған.