Программа «Русский язык в детском саду»



бет16/19
Дата18.06.2017
өлшемі6,22 Mb.
#19260
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Атырау – 2011ж.

№ 3/А педагогикалық кеңесте мақұлданды, хаттама № 10, 28.02.2011ж.

Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты.

Тәжірибе – эксперименттік зертхананың кеңесінде талқыланып және мақұлданды, хаттама № 3, 26.08.2011ж.



Асабаева Алтынай Асқарқызы – № 3 балабақшаның орыс тілі сабағының мұғалімі

Пікір жазушылар:

Есенаманова Нұрзукен Арыпбайқызы

орыс тілі филология кафедрасының аға оқытушысы



Кереева Зухра Шнайбековна - № 3 балабақшасының әдіскері

Уразова Бахлиса Хамзиевна - № 30 «Жұмбақ» балабақшасының қазақ тілінің мұғалімі

Осы оқу құралы орыс тілін оқыту бағдарламасының бір ұсынымы болып табылады. Берілген жұмыс балалармен сабақ өткізу және оны қолданыстағы «Зерек бала», «Мемлекеттік білім беру стандарты» бағдарламаларына сәйкес біртіндеп кеңейту шарасының мазмұнын құрайды. Осы еңбегінде балаларды таныстыру, үйрету және сөздік қорын молайту мақсатында лексикалық тақырыптар айқындалған.



Атырау – 2011г.

Асабаева Алтынай Асқарқызы

№ 3 балабақшасының орыс тілінің мұғалімі,

Педагогикалық еңбек өтілі – 13 жыл,

Білімі – жоғары,

Санаты – бірінші.

Асабаева Алтынай Асқарқызы Атырау қаласының қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Өз мамандығына деген сүйіспеншілік туған апасынан дарыған. 1994 жылы мектепті бітіріп, Атырау педагогикалық университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөліміне түсті. Университетті 1998 жылы бітіріп жұмыс тәжірибесін № 48 балабақшада тәрбиеші болып бастады. 2000 жылдан бастап № 18 балабақшада қазақ тілі және орыс тілі мұғалімі болып жалғастырды. Қалалық семинарға қатысып «Жабайы жануарлар» тақырыбында сабақтар көрсетті, ата – аналармен балалар арасында қазақ тілі сабағы бойынша «КВН» өткізді. 2007 жылы № 18 балабақшаның тәрбиеленушісі Атабаева Аэлита Алтынай Асқарқызының бастауымен «Қазақ тілі – туған елім менің» атты қалалық сайысқа қатысып, облыстық денгейде өткен «Тілім менің, елім менің сайысына қатысты». 2005 жылы білімін жетілдіру курсына қатысып «Мектеп алды топтарына оқу-әдістемелік құралдарын пайдалану», «Жаңа технологияларды сабақта пайдалану», «Орыс тілі сабағының әдістемесі» тақырыбында дәріс алды. 2008 жылдан бастап № 3 балабақшада орыс тілі мұғалімі қызметіне орналасты. Балалармен, ата – аналармен, тәрбиешілермен көптеген шаралар ұйымдастырып өткізді, соның ішінде «Менің отбасым», «Тіл мейрамы», «КВН», «АБВГД-ейка» т.б. 2011 жылы қалалық білім бөлімінен «Алғыс хатпен» марапатталды. Балабақша өміріне белсене қатысып, ұжымның, ата – аналармен балалар арасында сыйлы және беделді.





АННОТАЦИЯ

Тіл – бұл тек қана байланыс құралы емес, сонымен қатар ол адамның әлеуметтік немесе топтық ұқсастығының символы. Адамның сөзінде оның тиесілі болатын мәдениетінің мақсаты мен құндылықтары көрініс табады.

Бес жасына қарай екі тілді меңгеру – олардың әрқайсысының өзінің ережелері, лексикасы, фразеологиясы мен дыбыстау ережелерімен ерекшеленетін ескерсек, оп-оңай міндет емес. Дегенмен де кішкентай кезінен бастап екі тілмен кезігетін көптеген балалар үш жасына қарай оларды пайдалануда еш қиындыққа кездеспейді, тек арасында бір тілдің сөздерін екінші тілдің сөздерімен ауыстырып айтуы мүмкін. Бұл дерек кішкентай баланың бірығнай тілдік жүйені пайдаланып, тек кешірек түрлі тілді шектеу қабілетін иемденетінді туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ туған тілді үйде қолданып, екіншісін қоғамда пайдалану ешқандай қиындық тудырмайтындығын және кез келген жағдайда екі тілді де пайдалану мен түсіну дағдыларын жақсартатындығын атап өту қажет.

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін зерделеу мен дамыту үшін жағдайлар жасауда. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы туған тілін пайдалану, қарым-қатынас жасауда, тәрбиеде, оқу мен шығармашылықта тілді еркін таңдау құқығын иемденеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауының 2.3 тармақшасында былай дейді: «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін».

ҚР 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-1 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 16-бабына сай білім беру ұйымына мемлекеттік және орыс тілдері міндетті пән ретінде енгізіледі. Қазақ балалар бақшасында орыс тілі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес жүргізілетіндігіне байланысты.

Балаларды орыс тіліне үйрету коммуникативтік сипатта болуы тиіс. Бала орыс тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгергенде, яғни ол тек жекелеген сөздер мен сөздік үлгілерді меңгеріп қана емес, сонымен қатар өзінің коммуникативтік қажеттіліктеріне байланысты өзіне белгілі модельдер бойынша сөйлем құрастыруға да үйренеді. Орыс тілінде сөйлесу уәжделген және мақсатқа бағытталған болуы тиіс. Баланың орыс тіліне деген оң уәждемесін қалыптастыру қажет. Осындай оң уәждемені қалыптастыру тәсілі ойын болып табылады. Сабақтағы ойындар эпизодтық және оқшауланған болуы тиіс. Ойын әдістемесінің негізінде қиялдағы жағдайды құру және бала мен оқытушының қандай да бір рольді қабылауы жатыр.

Сабаққа енгізу үшін ойынды таңдай және ойлап шығара отырып, Е.И.Негневицкая мен А.М.Шахнаровичтің «Язык и дети» (М., 1981) кітабында қалыптастырылған ережелерге сүйену қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет