Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақ - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді
.
Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шығаруга арналган. Бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды.
Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалык жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондык кестелер;
- оқыту және ойнау программалары;
- ақпараттық жүйелер және т.б.
Мәтіндік ақпаратты даярлау мен өңдеуге арналған бағдарламалар мәтін редакторы деп аталады.
Мәтіндік редакторлар құжаттар, кітап, журнал, газет және т.б. шығаруда кең пайдаланылады.
Кең тараған мәтін редакторларына Miсrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker, WordPerfekt, WordPad және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |