Программа вступительного экзамена для приема в резидентуру



бет2/18
Дата27.04.2023
өлшемі281 Kb.
#175561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2021-programma-dlya-postupleniya-v-rezidenturu-po-speczialnosti-oftalmologiya 2

Ситуациялық есеп №1
Әйел 10 жастағы баласымен көз дәргеріне қаралды. Бала сол көзінің қатты ауру сезіміне, жарыққа қарай алуына, көз жасының ағуына, көздің аша алмауына шағымданады. Сырт қарағанда: блефораспазм, көз жасының көп ағуы,сол көз қабағының ісінуі және мацерациялануы, ауыз шеті жарылуы. Сол көз алмасын бүйір жарықпен қарағанда: айқын перикорниальды инъекция, қасаң қабықтың үстірт қабатында орналасқан лимб жанында диаметрі 1-4 мм жартылай мөлдір дөңгелек пішінді сұр түстес түйіршіктер көрінеді. Кейбір түйіршіктер жараға айналған, оларға көз шырыш қабатынан қан тамырлары бойлапйды. Диагноз қойыңыз. Емдеу әдісі қандай?

  1. Птеригиум. Стероидпен инстилляциялау. Оптикалық аймақ зақымданғанда хирургиялық ем жасау.

  2. Қасаң қабық туберкулезы. Стероидпен инстилляциялау, түнде цистеин немесе рибофлавин жақпа майын көзге салу. Фтизиатрдын консультациясы.

  3. Фликтенді кератит. Стероидпен инстилляциялау, түнде цистеин немесе рибофлавин жақпа майын көзге салу. Фтизиатрдын консультациясы.

  4. Мерез кератиті. Мидриатиктер, 1% сары сынап майы, кортикостероидтар. Венеролог консультациясы.


Ситуациялық есеп №2
Науқас оң көзінің шаншып ауруына, қызаруына, көз жітілік төмендеуіне көз дәргеріне шағымданып келеді. Анамнез бойынша 2 жыл бойы созылмалы дакриоциститпен ауырады, консерватикалық ем алды. Көздің ауруы және қызаруы бірінші рет болды. Көзді қарағанда: көздің айқын перикорнеальды инъекциясы байқалады. Көздің шырыш қабатына ірің бөлінулер, көз жас қапшығын үстінен басқанда төменгі жас тесігінен ірің бөлінуі байқалады. Қасаң қабықтың ішкі сегменті орталыққа жақын бөлігі ісінген және күңгірттелген; бұл зонада шұңқыр байқалады. Шұңқырдың бір шеті көтеріңкі, орақ тәрізді, алдыңғы камерада 2.0 мм гипопион бар, көз қарашығы тарылған, дөңгелек пішіндес; көздің сыртқы мөлдір қабаты қызарған, ісінген. Диагноз қойындар. Зерттеулер тағайындаңдар . емдеу әдісі қандай?

  1. Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы. Активті шетінен жағынды алу. Антибиотиктерді парабульбарлы инъекциялар жасау. Дакриоциститті емдеу.

  2. Қасаң қабықтың ақтануы (бельмо). Офтальмометрия. Дакрио циститі емдеу. Керетопластика.

  3. Қасаң қабық эрозиясы. Альбуцид және антибиотиктермен инстилляциялау. Дакриоциститті емдеу.

  4. Дұрыс жауап жоқ.

  5. Қасаң қабықтың ақтануы (бельмо). Керетопластика.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет