Айтылғандардан төмендегідей қорытынды шығаруға болады :
1 ) алгоритм белгілі бір орындаушыға арналып жасалуы керек ;
2 ) алгоритмде орындаушыға түсініксіз әрекеттер ( командалар ) болса , онда оны орындаушы түсінетін командалармен алмастыру қажет , яғни алгоритмде пайдаланылған командалар орындаушының командалар жүйесінен шықпауы керек ;
3 ) алгоритмді орындағанда оның қандай есептің алгоритмі екендігін зерттеудің қажеті жоқ , ол қалай жазылса солай орындалуы қажет.
4 ) алгоритм орындалу үшін берілген есепті шешу жолы алгоритмі , оның алғашқы берілген мәндері ( есептің шарты , оған қажетті алғашқы ақпараттар және т.б. ) және сол алгоритмді орындаушы немесе атқарушы болуы қажет.
Атқарушыға орындалатын алгоритмнің қандай принцип бойынша құрылғандығын білудің қажеті жоқ . Бірақ белгілі қайталаудан кейін есептің жауабы алынатыны белгілі . Бұдан алоритмнің нәтижелілік қасиеті айқын байқалады.
Көрсетілген әрекеттердің кейбіреулерінің бірнеше рет қайталану мүмкіндігі – алгоритмнің негізгі ерекшеліктерінің бірі . Бұл алгоритмде қайталану саны шексіз болмайтыны жоғарыдағы мысалдардан көрініп тұр . Қайталану санының аз немесе көп болуы тек берілген сандарға байланысты болады .
Сонымен , әрекеттер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп , әрбір әрекет оның қадамы , әр нұсқау алгоритмнің командасы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |