Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс ерекшеліктері болады:
1 ) есепті шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет ;
2 ) алгоритм программаға айналдырылуы тиіс ;
3 ) программа машина жадына енгізіліп , ретімен орындалуы керек .
Күнделікті тұрмыстан алып алгоритмге бір мысал келтіре кетейік . Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек :
1. орта мектепті бітіріп , Бірыңғай ұлттық тесттен өту ;
2. керекті құжаттарды аттестаттың түпнұсқасымен бірге белгілі бір жоғары оқу орнына ( университетке , институтқа ) өткізу ;
3. конкурстан өту .
Бұл көрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайды . Олар көрсетілген ретпен кезектесіп орындалуы тиіс . Сонда ғана керекті нәтижеге ( студент болу ) қолымыз жетеді .
Сонымен , алгоритм атқарушы - көрсетілген іс - әрекеттер тізбегін бұлжытпай орындай отырып , керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина , құрылғы немесе адам бола алады .
Ертеректе алгоритм атқарушы рөлін адам атқарып келді , қазіргі кезде алгоритмдерді орындау негізінен техникалық құралдарға – компьютерлерге , роботтарға , калькулятор , ұялы телефон тәрізді шағын құрылғыларға жүктеледі . Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есептің шешу жолы , яғни орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті , әрі дәл болуы қажет . Есептің шешу жолдары қаншалықты дәл және түсінікті болған сайын , оны шешу атқарушыға ( адамға , техникаға және т.б. ) оңайға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |