Программалау тілдері туралы


Лекция-3.Алгоритмдер анализі. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау



бет14/40
Дата15.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#101004
түріПрограмма
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
ишпей куатындар ушин. Таратпандар-1
ЛЕКЦИЯ каз, ББЦ(срсп-1), 2 5206453506189301141, ЖБ Математика 4 сынып каз
Лекция-3.Алгоритмдер анализі. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау.
Алгоритм ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдардың қатарына жатады .

Алгоритм -берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру . Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады . Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек .

Программа -алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу . Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады . Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады . Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен жұмыс жасайды . Программа дегеніміз белгілі нәтиже алу үшін орындалатын амалдардың айқындалған тізбегі.
Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады . Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау т.с.с.

Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген ,яғни ол өзінің жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп шығарады.


Кез келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса оны қандай жолмен , қандай нұсқауларды орындағанда шығатынын көрсететін программаны сақтайды . Компьютер берілген тапсырманы орындауға дайын тұрған техникалық аспап болғандықтан , әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет . Тапсырма жоғарыда айтылған жекеленген командалардан тұрады . Машинаға түсінікті түрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар жиынын да программа деп атауға болады . Программа-арнайы мәтін арқылы компьютерге тапсырманың ретті кезегін хабарлайтын ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет