1.- үшбұрыштың жарты периметрін есептеу
p = ( a + b + c ) / 2
2. - үшбұрыштың ауданын есептеу
S = р( p - a ) ( p - b ) ( p - c ) осы формула теңнен бастап түбір астында тұрады
3. — нәтиже ретінде S мәнін шығарып , алгоритм жұмысын аяқтау.
Бұл тәсілді пайдаланғанда , алгоритмді кез келген деңгейде айқын дап көрсетуге болады , бірақ формальды түрде анық бейнелеу қиын.
Алгоритмді графикалық түрде блок - схемалар арқылы көрсету– оның логикалық құрылымын графикалық түрде бейнелеу болып саналады. Бұл–алгоритмдерді өрнектеудің ең көп тараған түрі. Мұнда мәліметтерді өңдеудің әрбір кезеңі атқарылатын операцияға сәйкес әр түрлі геометриялық фигуралар ( блоктар ) түрінде көрсетіледі.
Табиғи тіл сөздері арқылы көрсетілген алгоритмдегі мысалды блок - схемалар арқылы бейнелеу келесі суретте көрсетілген.
Көптеген жағдайларда белгілі бір тілден алынған алгоритмді мәтіндік жазудың тиімді формасы - псевдокод :
ЕҮОБ ( X , Y )
x:=X;
y:=Y;
әзір ( x тең емес y ) қайталау
егер ( x > y ) онда x:=х- у;
әйтпесе у:=у-х ;
цикл соңы;
х шығару;
соңы
Алгоритм қайсыбір программалау тілінде аяқталған программа түрінде жазылуы мүмкін. Келесі листинг С + тілінде мәселенің мүмкін болатын шешімін функция түрінде көрсетеді.
int grtCmnDivsor (int x , int y )
{
while ( x ! = y )
{
if ( x > y ) х = х - у;
else y = y - x ;
}
return x;
}
Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш түрлі бірыңғай құрылымға-сызықтық , тармақтық және циклдік болып үш топқа бөлінеді.
Күрделі алгоритмдерді құру үшін қарапайым бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдар қолданылады.
Программалау теориясында күрделі программаны үш түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дәлелденген , олар : сызықтық , тармақты және циклдік құрылымдар . Осы үшеуі құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары , яғни құраушылары болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |