Программалау парадигмалары
Императивтік программалау әдіснамасы есептеуіштің жай - күйінің біртіндеп өзгеруінің сипаттамасы ретіндегі программаларды құрастыру принципіне негізделген . Императивті программалау үшін бір күйден екіншісіне ауысудың толық анықтығы мен бақылануы тән .
Императивтік әдіснаманың дамуы болып құрылымдық - императивтік программалау әдіснамасы немесе қарапайым құрылымдық программалау (процедуралық парадигма) табылады .
Императивті программалау командалардың орындалу реттілігін анықтау ең табиғи шешімі болып табылатын өте күрделі емес логикалық құрылыммен сипатталатын есептерді шешу үшін қолайлы. Императивті программалау базасында көптеген басқарушы программалар ( драйверлер , қосылатын БЖ ( ПО ) компоненттері ) , сандық әдістердің кең кітапханасы ( мысалы , FORTRAN тілінде ) , параллель архитектурасы бар есептеуіш машиналарға арналған программалар әзірленді . FORTRAN , Pascal , Algol , C сияқты тілдердің негізінде императивтік әдіснама жатыр . Императивті программалау бірінші кезекте тиімді және жинақы орындалатын кодты алуға бағытталған . Сондықтан жүйенің күрделілігін арттыру , программаны орындаудың көп нұсқалылығын жүзеге асыру қажеттілігі туындағанда , тексерілетін жағдайлар мен функционалдық блоктар санының өсуі кезінде императивті программалау жүйені жобалауды , сүйемелдеуді және модификациялауды киындатады.
Одинцовтың құрылымдық программалауды императивтік программалардың жақсы топологиясын беруден тұратын тәсіл ретінде сипаттуы бойынша бұл мынадай бірқатар жобалык принциптерді ұстануды білдіреді:
- басқаруды сөзсіз беруден бас тарту ( немесе кем дегенде пайдалану ережелерін қатаңдату);
- функционалдық - перархиялык декомпозиция ;
- деректер модулінде анықталатын логикалық байланысқа және осы деректерді өңдеу рәсімдеріне сүйене отырып , модульдерді әзірлеу;
- процедуралар мен функциялардың қайтарылатын мәндері және параметрлері арқылы байланыс механизмінің модульдері арасындағы байланыс үшін пайдалану ;
- модульдерді тәуелсіз құрастыру ( компиляция ) ;
-глобальды көріну аймағы бар айнымалыларды пайдалануды шектеу ;
" жоғарыдан – төменге " принципі бойынша иерархиялық жобалау .
Достарыңызбен бөлісу: |