Тақырып: Программалау тілдің графикалық мүмкіндіктері.
Мақсаты: Pascal ABC программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін қайталау және олармен пайдаланып, оқушыларды графикалық бағдарлама құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Паскаль тіліндегі графиктік режимде программалауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану және есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік – Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу, әр нәрсеге ұқыпты болуға үйрету, тәртіптілікке ұйрету.
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютерлер, карточкалық тапсырмалар, презентация.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
-
Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
Тест жұмысы(10 сұрақ)
-
Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін қандай процедурасы қолданылады?
PutPixel
Line
SetLineStyle
GraphABC
-
Геометриялық объектілерді құру процедураларының қайсысы нүкте салады?
SetPixel(x,y : integer; color : word);
Line(x1,y1,x2,y2: integer)
Outtext(text:string);
PutPixel(x,y:integer; color:word)
-
Геометриялық объектілерді құру процедураларының қайсысы түзу сызық салады?
SetLineStyle(t,p,th:word);
Line(x1,y1,x2,y2: integer);
FillRect(x1,y1,x2,y2);
Bar (x1,y1,x2,y2:integer);
-
Геометриялық объектілерді құру процедураларының қайсысы төртбұрыш сызады.?
Bar(x1,y1,x2,y2);
Roundrect(x1,y1,x2,y2,w,h)
FillRect(x1,y1,x2,y2);
Rectangle(x1,y1,x2,y2);
-
SetFontSize(sz) нені білдіреді?
қаріп стилін орнатады
тармақтардағы қаріп өлшемін орнатады
мәтін түсін орнатады
сызықтарды салуға арналған түс береді
-
Түрлі түстердің қайсысы жасыл түсті білдіреді?
green
clLightBlue
clred
clGreen
-
Түрлі түстердің қайсысы сары түсті білдіреді?
clYellow
clBrown
clCyan
clMagenta
-
Сызық салу кезінде оның түсін орнататын процедура:
SetВrushColor(color:word);
SetPenColor(color:word);
Setfontsize(sz:integer);
SetFontcolor(color:word);
-
Circle(x,y:integer;r:word) нені орындайды?
объектінің ішін бояйды
таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бояйды
шеңбер сызу
іші боялған эллипс сызу
-
Pie(x,y,r,a1,a2) нені орындайды?
шеңбер сызады
доға сызады
экранға мәтін жолын шығаруға болады
сектор сызады

Қатесін табу (3 мин)
1. program esep1;
uses graphABC;
begin
circle(120,500,50);
end.
2. program esep2;
uses graphABC;
begin
line(120,200,220,100,300);
end.
3. program esep3;
uses graphABC;
begin
ark(250,300,60,90,180);
pie(350,300,80,90,180);
end.
3)Практикалық жұмыс(20 мин)
Оқушыларға карточкалар беріледі. Сол карточкалар бойынша PascalABC-да графикалық суреттер салады.
Практикалық тапсырма:
1 нұсқа
1-деңгей: экранға мына сандарды шығаратын программа құру керек.

2-деңгей: Экранға мына суретті шығаратын программа құру керек:
3-деңгей: экранға мына сөзді шығаратын программа құру керек.
ЖЕР
Практикалық тапсырма:
2 нұсқа
1-деңгей: экранға мына сандарды шығаратын программа құру керек.

2-деңгей: Экранға мына суретті шығаратын программа құру керек:
3-деңгей: экранға мына сөзді шығаратын программа құру керек.
БОР
4) Бекіту (7 мин)
Лото ойыны:
-
Графиктік режимді қалай іске қосады?
-
Graph модулі пайдаланылатын координаталар жүйесінде санау координаталары қалай басталады?
-
Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?
-
Мына программа қандай фигураны сызады?
Program esep;
Uses graphABC;
Begin
Roundrect(200,150,300,350,50,50);
End.
5) Қорытындылау, бағалау. (3 мин)
6) Үйге тапсырма. (1 мин)
Программалау тілінің графикалық мүмкіндіктері тақырыбын оқу. Өз қалауларың бойынша суреттер салып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |