Программалық талаптардың негізін білуі Программалық жабдықтауды жобалауды білуі



бет16/45
Дата27.01.2023
өлшемі3,19 Mb.
#166618
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
УМК ИСРП каз (2)

Жағдайлар диаграммасы.
Жағдайлар диаграммалары нақты объект болатын барлық мүмкін жағдайларды анықтайды, қандай да бір оқиғалардың түсу нәтижесінде объектінің жағдайының ауысу үрдісін анықтайды. Бір-бірінен керемет айырмашылығы болмайтын жағдайлар диаграммаларының көптеген формалары бар.
Банктік есеп-шот үшін жағдайлар диаграммасын көрсетейік (33-сурет). Есеп-шоттың бір жағдайдан екінші жағдайға көшу үрдісін де осы диаграммадан бақылауға болады. Мысалы: Егер клиент есеп-шотты жабуды талап етсе, онда ол «Жабық» жағдайына көшеді. Клиенттің талабы оқиға (event) деп аталады, осындай оқиғалар объектінің бір жағдайдан екіншісіне көшуді шақырады.

33-сурет. Есеп-шот класы үшін жағдайлар диаграммасы



Егер клиент есеп-шоттан ақша алса, ол «Несиенің артуы» жағдайына көшеді. Егер есеп-шот бойынша баланс 0-ден кем болса ғана осы орындалады, яғни диаграммадағы [теріс баланс] шартымен сәйкес [ ] жақшасындағы шарттар объектінің бір жағдайдан екінші жағдайына көшуін анықтайды.
Жағдайлар диаграммасында екі арнайы жағдай болады: бастапқы жағдай (start) қара нүктемен белгіленеді, ол объектінің жойылуының алдындағы жағдайына сәйкес келеді. Жағдайлар диаграммасында тек бір ғана бастапқы жағдай, ал бірнеше соңғы жағдайлар болуы мүмкін. Объект қандай да бір нақты жағдайда болғанда, әртүрлі үрдістер орындалуы мүмкін. Мысалдағы диаграммада несиенің артуы барысында клиентке сәйкес хабарлама жіберіледі. Объектінің нақты бір жағдайда болатын сәтінде жүретін үрдістер әрекеттер (actions) деп аталады.
Жағдайлармен байланысатын мынандай мәліметтер болады:
- қызмет (activity);
- кіріс әрекеті (entry action);
- шығыс әрекет (exit action);
- оқиға (event).
Осы мәліметтерді банкі жүйесінің Есеп-шот класының жағдайлар диаграммасында қарастырайық (жоғарыдағы 33-суретке сәйкес).
Қызмет – осы жағдайда объектімен жүзеге асатын тәртіп. Мысалы: Есеп-шот (объект) «Жабық» жағдайында болғанда пайдаланушыға кредиттік карточкасы қайтарылады.
Қызмет – үзуге болатын тәртіп, яғни осы жағдайда объектінің болғанында аяқталғанға дейін орындалуы мүмкін немесе объектінің басқа жағдайға көшуіне байланысты үзілуі мүмкін. Қызметті жағдайдың ішінде бейнелейді, оның белгіленуі do (жасау керек) қызметші сөзінен кейін жазылады.
Кіріс әрекет – берілген жағдайға объектінің көшуінде орындалатын тәртіп. Есеп-шот «Несиенің артуы» жағдайына көшуінде объектінің осы жағдайға қайдан көшкеніне тәуелсіз «Уақытша есеп-шотты жабу» әрекеті орындалады. Кіріс әрекет үзуге болмайтын әрекет ретінде қарастырылады. Кіріс әрекет жағдайлар ішінде көрсетіледі, entry: (енгізу) сөзінен кейін орындалады.
Шығыс әрекет кіріс әрекетке ұқсас. Нақты жағдайдан шығу үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде орындалады. Жоғарыдағы мысалдағы «Несиенің артуы» жағдайынан «Есепті ашу» әрекеті орындалады. Жағдайлар ішінде бейнеленеді, exit: (шығу) сөзінен кейін орындалады, үзуге болмайтын әрекет.
Қызметі уақытында, кіріс және шығыс әрекеттері барысында объектінің тәртібі басқа объектіге оқиғаларды жіберуді қамтуы мүмкін. Мысалы, Есеп-шот объектісі Карточканы оқу құрылғысы объектісіне хабарлама жіберуі мүмкін. Осы жағдайда қызметтің сипаттамасына, кіріс немесе шығыс әрекеттеріне «^» таңбасы қойылуы мүмкін. Диаграммада мынандай жол болуы мүмкін:
Do: ^ Мақсат. Оқиға (Аргументтер).
Мұндағы: Мақсат – оқиғаны алатын объект, оқиға – жіберілетін хабарлама, ал аргументтер жіберілетін хабарламалардың параметрлері.
Қызмет объектінің қандай да бір оқиғаны алуы нәтижесінде орындалуы мүмкін. Мысалы: Есеп-шот объектісі «Ашық» жағдайында болуы мүмкін. Объектінің бір жағдайдан екінші жағдайға ауысуы көшу (transition) деп аталады. Диаграммада стрелкалармен бейнеленеді. Көшулер рефлексивті болуы мүмкін.
Көшулерде бірнеше спецификациялар болады: оқиғалар, аргументтер, қоршалған шарттар, әрекеттер және жіберілетін оқиғалар.
Оқиға – бір жағдайдан екінші жағдайға көшіуді шақырушы. Мысалы: «Клиенттің есеп-шотты жабуды талап етуі».
Диаграммада оқиғаларды бейнелеу операция аты ретінде немесе әдеттегі фраза ретінде қолданылуы мүмкін.
Оқиғалардың аргументтері болады. «Салым жасау» оқиғасы «Есепт артылды» жағдайынан «Ашық» жағдайына көшуді шақырады, сонда ол Саны (депозит сомасын сипаттайтын) аргументіне ие болуы мүмкін.
Көшудің жүзеге асырылуы мүмкін немесе мүмкін емес екендігін анықтаушыны қоршалған шарттар деп атайды. Мысалы: «Салым жасау» оқиғасы баланстың 0-ден артық болған жағдайында «Есептің артылуы» жағдайынан «Ашық» жағдайына көшіреді, қарсы жағдайда көшу жүзеге асырылмайды.
Қызметтер диаграммасы параллельді үрдістердің саны көп болғанда тәртіпті сипаттауда ыңғайлы.
Компоненттер диаграммасы физикалық деңгейде модельдің қалай көрінетінін көрсетеді.
Орналастыру диаграммалары жүйенің бағдарламалық және аппараттық құраушыларының физикалық өзара байланысын бейнелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет