Прокуратура органдарының түсінігі мен түрлері



Дата19.03.2022
өлшемі44,6 Kb.
#136255
Байланысты:
баяндама


Прокуратура органдарының түсінігі мен түрлері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
І–тарау. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының түсінігі мен жүйесі

    1. Прокурарлық қызметтің мақсаты мен негізгі бағыттары

    2. Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру

ІІ – тарау. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құрылымы
2.1. Прокуратора органдарының қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
2.2. Прокуратура органдарының түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы 


жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкiн.
Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сәйкес «Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел- іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады». Мемлекеттік билік ҚР Конституциясының 3-бабы 4-тармағына сәйкес біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының «Соттар және сот төрелігі» деген VII бөлімге енгізілген. Бірақ прокуратураға соттармен қатар сот билігі беріледі деп қорытынды жасау қате болар еді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаты прокуратураның биліктің сот тармағына кірмейтіні, сонымен пара-пар екі басқа – заң шығару және атқарушы билікке қатысы жоқтығына күмән келтірмейді. Функционалдық тұрғыдан биліктің әрбір үш тармағына байланысты бола тұрып, прокуратура органдары олардың ешқайсысына да толығымен жатпайды. Прокуратураның мемлекеттік құрылымдағы өзгеше жағдайы билік тармақтарының әрекетін теңдестіруге және олардың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің дербес түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігіне себеп болады. Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекеттің атынан арнайы уәкілеттік берілген адамдардың – прокурорлардың – заңдылықтарды бұзуды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылатын қызмет ретінде сипаттауға болады.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағыттары Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді. Сондықтан 2002 жылғы 9 тамыздағы ҚР Заңымен «Прокуратура туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кездейсоқтық емес. Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет: Біріншіден, прокурорлық қадағалау – бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, өзгеше түрі. Екіншіден, прокурорлық қадағалау мемлекеттің – Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе есот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лауазымды немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды. Үшіншіден, прокурорлық қадағалау – мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талаптары орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады. Төртіншіден, прокуратура Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың – прокурорлардың – бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын (орындалуын) жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызметі және атап айтқанда, оның маңызды функциясы – прокурорлық қадағалауда қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімен, оның мемлекеттегі орны әрі ролімен айқындалады. Ең соңында олар ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР Заңымен, прокуратура органдарының қызметін регламенттейтін басқа да заң актілерімен айқындалады. Е.С.Мерзадиновтың пікірінше, Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың мақсаттары болады.
Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру
Прокуратураны ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары – прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер. Қағидаттар қандай да бір теорияның, ғылымның, дүниетанымның, саяси ұйымның негізгі ережелерін қамтиды. Мәселен, жалпы нысанда қағидат ұғымы айқындалады. Прокуратураға қатысты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаты – ҚР Конституциясында және басқа да заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша құқықтық құралдар мен әдістердің мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар. Егер бұрын прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, біркелкілік және заңдылық пен құқық тәртібін нығайту болып табылса, ҚР Конституциясында жоғары құндылықтар деп аталған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары прокуратура органдары қызметінің негізгі қағидаттары болды. Заңнамада белгіленген қағидаттарды сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың нақты әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді. Прокурорлық қадағалау қағидаттарының қатарына ҚР Конституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бұзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады. Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық қағидаттарына бөлінетін «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 3-бабында айқындалған. Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын тұтас жүйені білдіреді. Бұл қағидат барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық қағидаты жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзіне төмен тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді айқындайды (осы Заңның 16-бабы). Прокуратураның тәуелсіздігі қағидатының мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттері орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық немесе жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы қағидатты жүзеге асыру ұйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлардың бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның республикадағы басқа да құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын қоғамнан, азамттардан оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған. Заң шығаруда заңдылық қағидаты ерекше бөлінген. Бұл қағидат барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, қатаң заң шеңберінде жүзеге асыратынын білдіреді. Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады. Заңдылық қағидатының прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындауын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан прокуратураның өзі осы фукнцияларды орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті. Заң шығарушы сондай-ақ барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін прокурорлық ден қою актілерінің міндеттілігі қағидатын (осы Заңның 3-бабының 4-тармағы) және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салу қағидатын (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) бөлік көрсетеді. «Прокурорлық қадағалау» термині аясында мыналардың ұғынылатынын есте сақтау керек: 1) мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі; 2) заң ғылымының дербес саласы; 3) оқу пәні. Прокурордың өкілеттігі – Конституцияда және ҚР заңдарында оның құқықтарының маңызы бірдей қамтылған құқықтық ұғым (наразылық келтіру құқығы, нұсқаулар беру құқығы, қамауда заңсыз ұсталғандарды босату құқығы және т.б.). Өкілеттік заң ғылымында прокурордың өз міндеттерін орындауы оған заңмен берілген құқықтарды іске асыру арқылы өтетіндіктен, құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың құралдары ретінде олардың өкілеттіктерінен туындайтын прокурордың іс-әрекеттері мен құқықтық актілері, олардың көмегімен ол қойылған міндеттерді шешеді: заңдарды бұзуды анықтау, жою, алдын алу, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту. Аталған Заңның 3-тарауында прокуратураның құқықтық актілері көзделген. 18-бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген: «1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнің жүйесiн: 1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме; 2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды. 1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердің қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс. 2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi». ҚР прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары. Өз мәні бойынша прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз. Бұл ҚР прокуратурасының барлық жүйесі үшін мақсаттарының бірдей, прокуратура жүйесінің бірыңғай, прокуратура қызметінің құқықтық базасының біртұтас болуына байланысты. Алайда прокурорлық қадағалау процесінің өзінде елеулі өзгешеліктер бар. Бұл өзгешеліктер біртұтас прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруда: орындалуына қадағалау жүзеге асырылатын заңнаманың ерекшеліктерінен; осы заңнаманы орындайтын объекьтілердің өзгешелігінен; прокурорлардың өкілеттіктерінің өзгешелігінен туындайды. Осыған сәйкес «Прокуратура туралы» ҚР Заңында (4-бап) біртұтас прокурорлық қадағалауды мынадай салаларға бөледі: - министрліктердің, ведомстволардың, өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік актілерді дәл және бірыңғай қолданылуын, сондай-ақ олар шығаратын нормативтік құқықтық актілердің заңнамаға сәйкестігін қадағалау; - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау; - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың заңды қолданылуын қадағалау; - анықтау және алдын ала тергеу органдарының заңды қолдануын қадағалау; - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезінде қадағалау; - атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға қатысты заңдардың дұрыс қолданылуын, сот тағайындаған жазаны және мәжбүрлеу сипатында өзге де шараларды орындау кезінде, сондай-ақ азаматтық және өзге істер бойынша сот шешімдерінің орындалуын қадағалау. Прокурорлық қадағалау салаларынан басқа прокуратура қызметінің басқа да бағыттары бөлінеді: - қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барасында көрсетілген Заңда белгіленген өкілеттіктерге, сондай-ақ республиканың қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және өзге де заңнамаларына сәйкес аппеляциялық және қадағалау тәртібімен сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді; - Конституцияға сәйкес (83-бап) Заңда және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; - қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді; - статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады; - норма шығармашылық қызметке қатысады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіреді. Сонымен қатар, жаңа ҚР ҚІЖК-не сәйкес прокурор айыпталушыны сотқа тапсыруды жүзеге асырады.
Прокуратора органдарының қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде сот төрелігін жүзеге асырудың басты, негізгі принциптерін бекітті. Сот-құқықтық реформасын одан әрі жетілдірілуі мен дамуы нәтижесінде ҚР-да Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.
Ал, сот төрелігін жетілдіруде ҚР-сы Жоғарғы сот Пленумының “Сот билігі туралы заңнамаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы” қаулысы өз үлесін қосты. Осы аталған нормативтік – құқықтық актілерде соттар әлеуметтік әділеттік принциптерін өмірге енгізу, әрбір қылмыстық істі шешу кезінде қылмыстық іс жүргізудің міндеттері мен принциптерін басшылыққа алуды және әділетті сот талқылауын және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету жүктелінген болатын. Сондықтан, біз “сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдардың дәл сақталуына кепіл болатын - ол прокурорлық қадағалау, яғни прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа қатысу қызметі” деген пікірге толық қосыламыз.
Сотта қылмыстық істерді қаралуына прокурордың қатысуы Қазақстан Республикасының “Прокуратурасы туралы” заңының 30 бабымен реттеледі. Дегенмен, бұл норма сілтеме сипатында болады, себебі аталған бапта прокурордың қылмыстық істі сотта қарау мен талқылау кезінде қатысуы қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталынады деп көрсетеді. Прокурордың алып отырған дәрежесіне қарамастан, мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысу кезінде ҚР-сы Бас прокурорының өкілі сипатында қатысады және ол қылмыстық іс жүргізуде заңдылықты сақтаушы болып табылады. Мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде прокурор сотта қылмыстық істерді қарауда заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыру міндетінен босатылмайды. ҚР-сы Бас прокуроры мемлекеттік айыптауды төмен тұрған прокурорлар қалай жүзеге асырып отыратындығын қадағалап отырады. Прокурор қадағалауды жүзеге асыруды тек сот үкімді немесе анықтаманы қабылдап қойғаннан кейін емес, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша сот әлі ешқандай шешім шығармаған жағдайда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында оның құқықтарын түсіндірмеген болса және сот әрі қарай қылмыстық істі мәні бойынша қарауды жалғастырып отырса, онда іске қатысушы прокурор аталған заң бұзушылыққа қарсы дереу әсер етіп, қажет болған жағдайда наразылық келтіруге дейін барады және “прокурор қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енгенге дейін заң бұзушылыққа әсер етіп отыруы қажет”. Себебі, заңсыз әрі негізсіз үкімді, анықтаманың күшін жою үшін наразылық енгізудің маңызы кемиді. ҚР-ның ҚІЖК-сі сот талқылауына қатысатын қатысушыларға қарағанда прокурорға ешқандай артықшылықтар бермейді (мысалы, дәлелдемелерді ұсынуда, дәлелдемелерді зерттеуде, өтініштерді мәлімдеуде). Сонымен бірге, заң прокурордың іс жүргізушілік жағдайын, сот талқылауына қатысушылардың іс жүргізушілік жағдайынан біршама өзгешелеу сипатқа ие екенін көруге болады. Бұлар прокурорға берілген артықшылық емес, керісінше ерекше сипаттағы айырмашылықтар, прокурордың өзінің функцияларын тиімді жүзеге асыруына қолайлы жағдайлардың жасалуы. Жәбірленуші сотқа өзінің атымен, қорғаушы сотталушының атымен, ал прокурор әрқашанда заң мен мемлекет атымен сот отырысына қатысады және сотта заң бұзылуын жоюға шаралар қолдануға міндетті болып келеді.
Сондықтан, прокурордың сот талқылауына қатысу арқылы сотқа қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға ықпал етеді. Прокурордың сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде ғана емес, сондай-ақ сотта қылмыстық істерді қарау барысында заңдарды орындаудың заңдылығына қадағалайтын орган ретінде де қатысады. Сотта қылмыстық істі талқылау барысында прокурордың қатысуының басты нормативтік-құқықтық негізі - ҚР-ның ҚІЖК-сі болып табылады. ҚР-сы ҚІЖК-сі бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдардың дәл сақталуына кепіл болатын басты бір кепілі ретінде прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіру институты ерекше орында тұрады.
Сондықтан, прокурор сотқа қатысу арқылы, орындалуына әсер етеді:
- сотта қылмыстық істер жан-жақты, толық және объективті қаралады;
- заң және сот алдындағы азаматтардың теңдік принципі сақталады;
- сот талқылауында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталады;
- қылмыстық іс бойынша заңды әрі негізді үкім шығады;
- сотталушының кінәлілігі толық дәлелденеді;
- сотталушы жасаған қылмысына (дұрыс) баға беріледі;
- соттар дәлелдемелер толық, жан-жақты және объективті зерттелінеді;
- сотталушыға әділ жаза беріледі.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттермен бірге, сотта қылмыстық істі талқылау кезінде прокурор өзіндік міндеттерді де жүзеге асырады. Олардың ерекшелігі, олар тек қылмыстық сот ісін жүргізу барысында орындалады. Ал, қылмыстық істі сотта талқылау барысында прокурордың қатысуының басты міндеттері ол:
- сотта қылмыстық іс бойынша талқылау кезінде прокурордың қатысуы барынша тиімді болуын қамтамасыз ету;
- қылмыстық істі қарауымен байланысты шығарылған үкімдердің, қаулылардың, анықтамалардың заңдылығын қамтамасыз ету;
- қылмыстық сот ісін жүргізу барысында сотталушының, жәбірленушінің, және іс жүргізуге қатысушы басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.Осы аталған әрбір міндеттерді орындау үшін прокурор бірнеше жеке міндеттерді шешу қажет.Мысалы, жоғарыда аталған бірінші міндетті орындау үшін - прокурордың сотқа қатысуын ұйымдастыру қажет, сотқа білікті айыптаушының қатысуын қамтамасыз ету, қылмыстық істі сот талқылауына прокурордың қатысуын жан-жақты, толық дайындалуын қамтамасыз ету қажет. Екінші міндетті орындау үшін, прокурор қылмыстық іс бойынша сот шығарған құқықтық актілердің заңдылығын уақытында тексеруін қамтамасыз ету, наразылықтардың білікті жасалуын қамтамасыз ету, прокурордың апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатылы сотқа қатысуын қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заңы және ҚР-ның ҚІЖК-сі сотта қылмыстық істі талқылауына прокурордың қатысуының екі бағытын анықтап көрсетеді:
- бірінші сатылы сотта қылмыстық істерді қарауы бойынша сот ісін жүргізуіне прокурордың қатысуы;
- қылмыстық іс бойынша соттың үкімдерін, қаулылардың заңдылығы мен негізділігіне қадағалау.
Жоғарыда аталған прокурордың өкілеттіктерін талдай отырып, біз сотта қылмыстық істі талқылау барысында прокурордың қатысуының пәнін шығара аламыз:
- сот шығаратын үкімнің заңдылығы мен негізділігі;
- соттың заңдардың нормаларын дәл әрі бірыңғай қолданылуы;
- сот талқылауында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы.
Сотта қылмыстық істі талқылау барысында прокурордың қатысуының мақсаттары:
- заңдардың нормаларының бұзылуын анықтау және оларды жою;
- қылмыстың жасалуына әсер ететін мән-жайларды жою;
- қылмыстылықпен күресу;
- сот процесіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Қылмыстық істерді бірінші сатылы сот ретінде аудандық және оған теңестірілген соттар, облыстық және оған теңестірілген соттар және ҚР-ның Жоғарғы соты қарайды. Прокурордың бірінші сатылы сотқа қатысуының бастапқы қызметі - “ол прокурордың айыптау қорытындысын бекітуімен басталады және Айыптау қорытындысы істі сотқа жіберу кезінде прокурор сол іс бойынша айыптаушы ретінде қатысатындығын білдіреді” деген пікірді біз қолдаймыз.
ҚР-сы ҚІЖК-не сәйкес, соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып қатысады. ҚР-сы ҚІЖК-нің 317 бабына сәйкес, прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурорлар қолдауы мүмкін. Егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуы мүмкін еместігі анықталса, онда ол басқа прокурорға алмастырылуы мүмкін. Іске жаңа прокурордың кірісуі осы уақытқа дейін сотта жасалған іс әрекеттерді қайталауға әкеп соқтырмайды, бірақ прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады. Прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Сонымен бірге, “прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, онда ол айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті”. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде ғана жол беріледі. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сонда сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал, егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады, айыптаудың қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Прокуратура органдарының түрлері
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Заңның 12- бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокуроырының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор қызметкерлер болатын Алқа құрылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері болады. Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлар лауазымы көзделген. Бөлімшелердің әрқайсысы заңмен белгіленген прокурорлық қадағалаудың бағыттарын ескере отырып, прокурорлық жүйенің функцияларынан туындайтын міндеттерді шешеді және орындайды. Бас басқарма құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына бір мезгілде ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді.
Департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілер, көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын республика Бас прокуроры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғарыда аталған Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес «Бас прокуратура: 1) Республика прокуратура органдарының i с-қимылдарын олардың қызметiнің негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi; 2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды; 3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды; 5) заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi; 7) норма шығармашылық қызметiне қатысады; 8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi».
Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық жүйесін басқарады және Бас прокуратураға тікелей басшылық жасайды. Бас прокурор прокуратура органдарының қызметіне басшылық етеді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Ол прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті, прокуратура жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін және аталған қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар шығарады. Бөлінген штат саны және еңбек ақы төлеу қорының шегінде Бас прокурор қарауындағы прокуратура мен прокуратура мекемелерінің штаттарын және құрылымын белгілейді. Бас прокурор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерді, Бас прокурордың және оның орынбасарларының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерін, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорларын және прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Прокуратура жүйесіндегі барлық буындардың прокурорларын да Бас прокурор тағайындайды.
Бас прокурор көрсетілген Заңмен прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік көтереді. Жыл сайын президентке еліміздегі заңдылықтың және құқық тәртібінің жай-күйі туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама ұсынады. Бас прокурор болмағанда немесе өз міндеттерін орындау орындауы мүмкін болмаған жағдайда оларды оның бірінші орынбасары орындайды. Егер соңғысы да болмағанда немесе қандай да бір мән-жайларға байланысты (сырқаты және т.б.) Бас прокурордың міндеттерін орындай алмаса, оларды орындау оның орынбасарларының біріне жүктеледі. Бас прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуді Бас прокурор жүргізеді. Ол сондай-ақ кеңес органы болып табылатын алқа жұмысына да басшылық етеді. Алқа отырыстарында прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, бұйрықтардың жобаларының, нсұқаулардың және басқа да маңызды нормативтік актілердің орындалуын тексеру мәселелерін талқылайды, Бас әскери прокурордың, бас басқармалардың, Бас прокуратураның басқама және бөлім бастықтарының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың есептерін, бағынысты прокуратуралардың жұмысын тексеру нәтижелерін тыңдайды. Алқа шешімінің негізінде Бас прокурор бұйрық шығарады. Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылым мен аумақтық бөлуге сәйкес құрылады. Әр облыста негізінен облыстың атауына сай келетін атауы бар прокуратура болады. Сонымен қатар, облыстық прокуратуралар құқығында Астана қаласының прокуратурасы және Алматы қаласының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді. Облыс прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды президенттің келісім бойынша Бас прокурор тағайындайтын прокурор басқарады. Облыс прокурорларының Бас прокурор тағайындайтын бірінші орынбасарлары және орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар өз құрылымына өз деңгейлеріндегі (яғни республикалық, облыстық және т.б.) органдардың, мекемелердің. Ұйымдардың, лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды жүзеге асыратын басқармалар мен бөлімдерді және қалалардың, аудандардың және өзге де әкімшілік-аумақтық бөлімдердің прокуратураларының қызметін бақылауды қамтиды. Облыс прокуратураларында прокурор басқаратын алқа болады. Прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелердің бастықтары алқа мүшелері болып табылады. Облыс прокуроры. Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды Бас прокурор қызметке тағайындайды. Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар Бас прокурорға есеп береді және оны қызметтен босатады. Олар қалалық және аудандық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне аумақта қолданылатын заңдардың және Бас прокурордың нормативтік актілерінің негізінде басшылық етеді, барлық бағынысты қызметкерлердің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шығарады, өз аппаратының және қарамағындағы прокуратуралардың штат кестелеріне Бас прокурор белгілеген штат саны мен ақы төлеу қорының шегінде өзгерістер енгізе алады. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өз отырыстарында прокурорлық органдардың қызметіндегі аса маңызды мәселелерді, Бас прокурордың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқарма және бөлім бастықтарының, төмен тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талқылайды. Аумақтық прокуратуралардың төменгі буыны қалалардағы және аудандардағы прокуратуралар болып табылады. Бірқатар өңірлерде заң құзыры екі районға немесе ауданға және облысытық бағыныстағы қалаға қолданылатын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді. Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынуы бойынша Бас прокурор бес жыл мерзімге сайлайды. Жұмыс көлемі үлкен аудандардың және қалалардың прокуратураларының прокурорларында орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.
Аудан (қала) прокуроры. Қалалар мен аудандардың, прокуратураларын, оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. Оларды Бас прокурор қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары тұрған прокурор мен Бас прокурорға бағынады және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағыныстағы көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, оның барлық бағыттар бойынша қадағалауды жүзеге асыру және соттардың қылмыстық және азаматтық істерін қарауға қатысу кіреді. Аудандық бөлінісі бар қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді, жоғары тұрған прокурорларға өз аппараттарының және бағанысты прокуратуралардың штат санын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс енгізеді. Өкілеттік мерзім ішінде кез келген деңгейдегі прокурор өз еркімен: отставкаға шығуына байланысты; басқа жұмысқа ауысуына байланысты; денсаулық жағдайы бойынша міндеттерін орындай алмауына байланысты; аттестация нәтижелері бойынша; соттың заңды күшімен енген үкімімен белгіленген қылмыс жасаған жағдайда; еңбек туралы заңнамада көзделген басқа негіздер бойынша атқарып отырған қызметінен босатылуы мүмкін. Мамандандырылған прокуратураларға әскери, әскери бөлімдердегі, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колонияларда және түрмелерде) заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады. Әскери, көлік және табиғат қорғау прокуратуралары аудандарға теңестірілген прокуратураларға және облыстарға теңестірілген прокуратураларға бөлінеді. Мамандандырылған прокуратуралардың төменгі буыны тиісті жоғары тұрған прокуратуралардың қарамағына кіреді. Прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралардың құқығында Алматы, Целинная және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары жұмыс істейді. Әскери прокуратура құрылымын Бас әскери прокуратура, әскери округтердің прокуратуралары, гарнизондардың, бірлестіктер мен құрамалардың, әскерлердің прокуратуралары, қалалар мен аудандарға теңестірілген прокуратуралар құрайды. Әскери прокуратура органдарын Бас прокурордың орынбасары – Бас әскери прокурор басқарады. Оны Бас прокурордың ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқа барлық әскери прокурорларды Бас прокурор бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Оларды қызметінен тек Бас прокурор босата алады. Үйлестірудің мәні ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін түрлі органдардың өзара келісімінен, қызметті реттеуден тұрады. Құқық қорғау органдары – прокуратура, ішкі істер органдары, ҰҚК, кеден органдары, салық полициясы органдары және басқалары қылмысқа қарсы күрес саласындағы ортақ мақсаттары және міндеттері бола тұрып, өз қызметін бір-біріне қарамастан, олардың әрқайсысы үшін құзыретіндегі белгіленген шектерде өздерінің өзгешелік нысандары мен әдістері бойынша жүзеге асырады. Қылмыстық көріністерге тиісті тосқауыл қою үшін құқық қорғау жүйесіндегі барлық органдардың күш-жігерін біріктіруді, іс-әрекеттерін орайластыруды талап етеді, осы арқылы үйлестіру қызметін жүзеге асыруға қол жеткізіледі. «Прокуратура туралы» Заңға сәйкес (12-бап) Бас прокурор мен оған бағынысты прокурорларға қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіру, яғни басқа да құқық қорғау органдарымен қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу, еңсеру және алдын алу бойынша, оларды шешуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау бойынша бірлескен келісілген шараларды әзірлеу және оны іске асыруды ұйымдастырушы ролі берілген. «Үйлестіру» терминімен басқа, анағұрлым кең ұғым «өзара іс-қимыл» тығыз байланысты, үйлестіру қызметімен қатар жиі қолданылады, бірақ өз мағынасы бойынша басқа амал-тәсілді қамтиды. Нақтығында кез келген бірлескен іс-әрекет оның қатысушыларының өзара іс-қимылы негізінде құрылады, кез келген өзара іс-қимыл бергіленген талаптар мен қағидаттарға сәйкес қатаң реттелген, келісілген және регламенттелген сипатқа ие емес. Оның қатысушыларының өзара іс-қимылы кезінде (үйлестіруден айырмашылығы), әдетте, бірлескен шараларды әзірлеу және қолдану бойынша, күштер мен құралдарды бөлу бойынша, ұсынылатын іс-шаралардың орындалуына сұраныстарды анықтау бойынша қандай да бір міндеттер болмайды, ең бастысы - өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде өкілеттігі бар арнайы қатысушы бөлінбейді.
Осы мағынасында прокуратура органдары мен басқа да құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес саласындағы соттармен және әділет органдарымен өзара іс-қимылы түсінікті болады. Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру прокуратура туралы Заңда, ҚІЖК-нің нормаларында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген белгілі қағидаттарға сәйкес, негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Кадрларды іріктеу және орналастыру. «Прокуратура туралы» ҚР Заңында, Бас прокурордың бұйрықтарында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде прокурор (прокурордың көмекшісі) қызметіне тағайындалатын адамдарға қатысты кәсіптік те, адамгершілік-этикалық сипаттағы талаптар қамтылады. Көрсетілген Заңның 48-бабына сәйкес: «1… Прокурорлар мыналар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнің, басқармалары мен бөлiмдерiнің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлiмдерiнің прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар. 2. Прокуратура органдарының қызметкерлерi мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан өткен адамдар және тiкелей ғылыми- зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура ғылыми және бiлiм беру мекемелерiнің аттестациядан өткен қызметкерлерi. 3. Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады. 4. Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады. 5. Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиiс емес. 6. Прокуратура органдары қызметкерлерiнің лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. 7. Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге әскери қызметшiлер болуы керек, оларға әскери қызмет және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнің мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының заңдары толық көлемде қолданылады. 8. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады. 9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi. Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгiлейдi. 10. Прокуратура органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант бередi, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi».
Қорытынды.
Жалпы қорыта келе Қазақстан Республикасы жаңа даму кезеңіне көшкен жас мемлекет, ондағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері міндетті түрде әділ сотпен дербес қорғалуы керек.
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Қарастырылып отырған курстық жұмыста прокаратура ргандарына қатысты барлық мән – жайлар қарастырылды деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. М.М.Алиев. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары, астана 2006

  2. Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования, Астана, 1998

  3. Сапаргалиев М. История народных судов Казахстана. Алма-Ата.

  4. Нарикбаев М.С. Основные этапы становления судебнойсистемы суверенного Казахстана.

  5. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: Елорда, 2001.

  6. Гуценко К.Ф. , Ковалев М.А. Правоохранительные органы.

  7. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран.

  8. Жумабеков О. Прокурорский надзор как высший надзор в Республике Казахстан. Астана., 2002, 48 С.

  9. Ястребов В.Б. Прокурорский надзор. М., 2001, 191 С.

  10. Костанов Ю.А., Кузьмина А.И. Особенности судебной речи прокурора по уголовном делам. М., 1991, 89 С.

  11. Смирнов А.Ф. Место и роль прокуратуры в системе государственной власти. М., 1995, 123 С.

  12. Рыжаков А.П. Следственные действия и иные способы собирания доказательств. М., 1997, 62 С.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет