336 Тыныс алу үрдісі мен механизмі. Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктерін атаңыз.
Тыныс алу – организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек (трахея),альвиолдар , өкпе.
Көмекей – 4-6 мойын омыртқаларының тұсында орналасқан, бір-бірімен буындар арқылы байланысқан шеміршектерден құралады. Көмекейдің ортаңғы бөлігінде екі түп қатпарлы бар жоғарғысы қарыншалық және төменгісі дауыстық. Дауыстық қатпарлар көмекейдің кеніресінен едәуір шығып тұрады. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныш, дауыс құрау.
Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі.
Жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан Жұтқыншаққа, одан көмейге кетеді.
Кеңірдек — шырышты қабықпен қапталған шеміршек түтігінсін тұратын тыныс алу мүшесі, көмендеп басталады және бастаңқы негізгі тарамымен жалғасады: томенгі тыныс жолдарыпа жатады.[1] Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.
Өкпе (pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтед.
ЕРЕШЕЛИКТЕРИ
Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзеріске ұшырауына байланысты: планцетарлы қан айналудың тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы, ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғарғы болуы. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар баллада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минута жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22-20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды. Тыныс алудың тереңдігі организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезеңінде өкпеге келіп түскен ауаның мөлшері арқылы анықталады. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы немесе бір минуттық көлемі деп бір рет тыныс алу көлемінің бір минута жасалған тыныстау жиілігіне қатынасын атайды. Мысалы, ол 5 жасар баллада – 6400 мл тең. Ересектерде 6000-8000 мл, әйелдерде 5000 мл.
337Ішектің сіңіру жəне моторлық қызметтері. Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Бала жасындағы асқорыту ағзаларының аурулары мен ішек құрттарымен күресу жəне алдын алу боынша мысалдар келтіріңіз.
Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1]Ішек (intestinum) - ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталатын ас қорыту түтікшесі, (турбелярии, трематодтар, теңіз жұлдыздары т.б. ішектері бітеу аяқталатын жануарларды қоспағанда); ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ішекте ас қорытылады, сіңіріледі және қалдықтары сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Ішек ұзындығы иттерде дене ұзындығынан 5-6 есе, қойда - 35, үй шошқасында -14, адамда -3-4 есе артық.ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады. Бүрлердің сырты бір кабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған аминқышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Ас қорыту рефлексі : тамақ ауызға немесе асқазанға түскенде ас қорыту шырыны мен сілекей бөлетін болады
Гастриттің түрлері, дисбактериоз, асқазан жарасы, гастродуоденит пен тоқ ішектің қабынуы, ішек өтімсіздігі, рефлюкс-эзофагит, іш өту, холецистит және т. б. ауру түрлері қазіргі заманауи адамдардың өмірін көңілсіз ететін басты мәселелердің біріне жатады.
Таза сапалы өнімдерді тұтыну. Гигиенаны сақтау. Асқа отырар да баланың қолын жуғызу. Лас заттарды аузына салмауын бақылау.
338 Ішектің сіңіру жəне моторлық қызметтері. Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Бала жасындағы асқорыту ағзаларының аурулары мен ішек құрттарымен күресу жəне алдын алу жолдарына анықтама беріңіз. Түсіндіріңіз.
Балаларда асқорыту ағзалар ауруларының даму себебі, клиникалық негізгі көріністері. Ауыздың ойылуы, гастрит, жедел және созылмалы дуоденит, асқазан,12-елі ішек жарасы аурулары.Өт жолдарының дискенезиясы, холецистит, гельминтоздар жайлы түсінік.Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6ай-3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.
Стоматитпен ауырған баланы сау балалардан оңашалау керек.Балаларға бөлек ыдыс, ойыншықтар бөлу.Баланың тамағы құнарлы, барлық керекті заттар мен витаминдері мол болуы керек. Тамақ жылы, жұмсақ болуы керек. Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды.Тамақ ішкізердің алдында ауыруын басу үшін шырышты қабығына 2-5%-ті анестезен ерітіндісін жағуға болады.Ауызды әлсіз марганцовка, фурациллин, сутегі асқын тотығы ерітінділерімен, 1-2%-ті трипсин, панкреатин ерітінділерімен шайып, 0,25%-ті оксалин, 5%-ті метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған метилурацил, пентоксил беріледі.Симптоматикалық ем –қызуға қарсы, теріге шыққан күлдіріктерді емдеу т.б.Гельминтоздар
Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.
Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.
Алдын алуы:
Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау Шыбындармен күресу Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу. Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.
Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |