Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Ас қорыту бездері, орналасу орындары, олардың ферменттері мен физиологиясы, аурулары мен гигиенасы туралы талдап жазыңыз



бет18/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД

3310Ас қорыту бездері, орналасу орындары, олардың ферменттері мен физиологиясы, аурулары мен гигиенасы туралы талдап жазыңыз.
Ас қорыту жүйесі- адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады.
Ас қорыту бездеріне: бауыр, ұйқы безі жатады.
Асқорыту бездері (көне грекше:glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысытүтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабықтың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секрециябездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.
асқазанды екі апта сайын тазалау керек.


3311 Тағамның компоненттері. Олардың тәуліктік қажеттілігі мен жетіспеушіліктен туындайтын ауруларға талдау жасаңыз
қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағамағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.
Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзатты тамақпеп камтамасыз ету-өзекті мәселелердің бірі. XX ғасырдың соңында дүние жүзіндебір миллиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатканы белгілі болып отыр. Сондықтан да адам баласын ашаршылықтан құтқару -БҮҮ-ның негізгі мәселелерінің бірі.
Тағамның құрамы.
Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалык заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол калпында жасуша жарғакшасы аркылы өте алмайды. Жасуша жарғакшасы аркылы өту үшін карапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан аркылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.
Тағам құрамындағы минералдык заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.
Нәруыздар
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың кұрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртканың, асбұршактың, жаңғактың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Адам ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.
Май
Май да - адам ағзасы үшін қажетті ағзалык заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады. Басқа ағзалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, әйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Адам тәулігіне орта есеппен 70-100 г май пайдалануы керек.
Көмірсулар
Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесіне жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады.
Витаминдер
Витаминдер (лат. «vіtа» - тіршілік, «аmin» - химиялық заттар) - тағамның құрамында болатын ағза үшін кажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витаминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни витаминдердің көпшілігі ағзада өздігінен түзілмейді. Адам ағзасындағы витаминдер тапшылығы сан алуан ауруларға шалдықтырады.
Минералды тұздарды
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті.
Су
Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аз-даған мөлшері ағзаның өзінде ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет