Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Өкпенің қапшығы-плевра. Құрылысы, түрлері мен физиологиялық ерекшеліктері, аурулары туралы талдап жазыңыз



бет17/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД

339 Өкпенің қапшығы-плевра. Құрылысы, түрлері мен физиологиялық ерекшеліктері, аурулары туралы талдап жазыңыз.
Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан.
Өкпеқап (плевра)— өкпенің сыртқы сірлі қабығы. Өкпеқап бірқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы жұқа борпылдақ дәнекер ұлпасы қабатынан тұрады. Өкпеқаптың құрамында эластин талшықтары және жекеленген бірыңғай салалы ет жасушалары — миоциттер болады. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшілігіне байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған , бірақ қан тамырларына өте бай болады.Алғашқы 3айлық өмірінде және жыныстық
жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады ,бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады.3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Өкпе альвеолаларынының диаметрі ересек адамда 0,2мм,алжаңа туған сәбиде - 0,07 мм.Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған сәбиде -1,617 см , ал ересек адамда -67,7 см .Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларынының әрқайсысының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10 тең болатынын есептеп шығарған.

Көп кездесетін өкпе аурулары: өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, т.б.


Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД- пен ауырған кезде де болуы мүмкін.

Өкпе секвестрациясы — өкпедегі тіндердің өлі етке айналып, айналадағы тірі тіндерден дербес бөлінген бір бөлігі, дамудың ақауы, әдетте ауытқып дамитын өкпе тінінің бір бөлігі аз қан айналымында әдеттегі анатомиялық-физиологиялық байланыстан (кеңірдек тарамы мен қан тамырларынан) бөлінеді және үлкен қан айналымында әдетте қолқадан бұрылып кететін күре тамыр қанымен жабдықтандырылады.


Емдеу жолдары
Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, котримоксазол немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.
Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.
Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет