PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет59/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Зейіннің жеке дара ерекшеліктері
Тұлғаның белсенділігі зейіннен де көрінеді. Бірақ зейін әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан ол біздің белсенділігімізді әр түрлі жақтан көрсетеді. Біздің зейініміз саналы немесе аздап қана саналы болуы мүмкін. Біздің іс-әрекетіміз өзімізбен тікелей байланысты. Бірақ біз өзімізді қажетті әрекетті таңдаған кезде белсенділік танытпауымыз да мүмкін. Осыған байланысты зейін де түрлі белсенділік көрсете алады.Яғни толық белсенділіксізден толық саналыққа дейін.Белсенділіксіз соңғы баспалдағын "мәжбүрлі" зейін деп атасақ болады. "мәжбүрлі" зейіннің болуының себебі қатты, интенсивтік тітіркендіргіш. Оған кеңістіктегі көп орынды алатын тітіркендіргіштер жатады. Мысалы: қабырғадағы үлкен дақ, ашық түсті болса да біздің зейінімізге әсер етеді. Тітіркендіргіштің ұзақ болуы да зейінге әсер теуі мүмкін. Қысқа, әлсіз дыбысты біз байқауымызда мүмкін. Бірақ ол ұзақ уақыт болса зейінімізді соған бағыттайды. Қозғалатын объект, қозғалмайтын объектен байқамаймыз. Бірақ ол қозғалса, біз оған зейін аударамыз.Кейде зейін біздің ішкі жағдайымыздың тітіркендіргішіне байланысты шақырылуы да мүмкін.Ол біздің сезімімізге әсер етеді, ол біздің тілегімізді білдіреді немесе қарсы келеді. Мысалы:біз шөлдесек, біздің барлық зейініміз ішетін заттарда болады.Бірақ бұл жерде толық белсенділікті байқай алмаймыз.Бірақ бұл белсенділік біздің ішкі сезімімізге байланысты екендігі түсінікті. Толық белсенділік зейіннің өткен тәжірибеденде де, әдеттен де көрінуінде болмайды.Әрине біздің әдеттеріміз, өткен тәжірибеміз біздің зейінімізді бағыттайды. Бірақ бұл еріксіз зейін деп аталады. Біз зейінімізді біздің мақсатымызбен, ерігімізбен байланысты болатын заттарға саналы түрде аудара аламыз. Біз өзімізге не керек соған зейінімізді бағыттауға талпынамыз. Рибо айтқандай, бұл еріксіз зейін механизмімен байланысты.Бұл зейін еңбектің дамуына байланысты. Бұл зейін толық белсенділікті көрсетеді. Біз ерікті зейінді тұлға белсенділігінің нәтижесі деп санаймыз. Бірақ бұл белсенділік адам белсенділігінен пайда болады. Ол ерікті зейінге де, еріксіз зейінге де байланысты емес. Біз жұмысымызға қызыққан кезде, яғни оған алғашында зейінімізді бағыттағымыз келмей, соңында қызыққан кезде пайда болады. Мысалы: қиын кітапты оқығымыз келмей, өзімізді соған мәжбүрлейміз. Бірақ оқи келе ол қызығушылық туғызып, біз оны одан әрі оқи береміз. Яғни бұл жерде еріксіз зейін ерікті зейінге айналады.Зейіннің бұл түрінің практикада және педагогикада маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет