Жұмысқа қабілеттілік - адамның ұзақ уақыт ішінде қандай да болмасын қызметті нәтижелі орындауының әлеуетті мүмкіндігі.
Педагогикалық шеберлік – педагог-психологтың жеке басының және кәсіби сапаларының қорытпасы.
Өздігінен білім алу– жеке адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық қызмет; ғылымның, техниканың, мәдениеттің, саяси өмірдің және т.с.с. қандай да болмасын саласында жүйелі білімге ие болу.
Сана-сезім – адамның практикалық және танымдық қызметтің субъектісі ретінде, жеке адам ретінде өзін-өзі жете түсінуі, бағалауы.
Кәсіби біліктілік – білім беру жүйесінде біліктілікті жетілдіру мен маманның өзіндік даму процесінің категориясы ретінде танылады.
Біліктіліктің әр түрлі аспектілерін қарастырған ғалымдар: М.Х.Балтабаев, Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлібекова, Ш.Құрманалина, С.И.Ферхо, Н.Шаметов, М.С.Мұхамеджанов, М.А.Фахреддинова, Ж.Р.Баширова және т.б.
Біліктіліктің түрлері:
жалпы педагогикалық – инварианттың базалық психолгогиялық-педагогикалық білім және білік;
арнаулы – мамандыққа сәйкес кәсіби білім мен біліктің болуы;