PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет58/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Зейін түрлері мен қасиеттері
Зейінді шоғырландыру және бөлу қабілеті- сабақта және басқа да ic-шараларды өткізу барысында топтардағы бүкіл ұжымға, сонымен қатар әp6ip жеке студенттің әрекетіне зейіні аудара білу. Сондай-ақ білімденушілерге назар аударып тұрып, педагог өзінің cөзінe, жест қимылдарына, беттің мәнеріне бақылау жасай білуі.

Зейін – сананың динамикалық жағы, оның обьектіге бағыттылығын сипаттап және адекватты бейнені қамтамасыз ететін бейнелерді шоғырландырады және іс-әрекет пен қарым-қатынасты жүзеге асыруға қажетті шарттардың бірі.Зейін обьектісінің қайда орналасуына байланысты - сыртқы дүниеде (материалды обьектілер, әрекет) немесе жеке адамның субьективті әлемінде (жеке меншік өз ойлары, сезімдері, әсерленулері) – оның түрлері бөлінеді.Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады. Егер зейіннің бағыттылығы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі - ырықты.


Н.Ф.Добрынин зейіннің тағы бір түрін ырықтыдан кейінгі зейінді бөліп көрсетеді. Бұл - зейін түрі тұлғаның әрекетін табиғи түрде жалғастырады, ол тұлға әрекеттенген кезде туындайды, тұтастай ассоциациялық жүйенің бар болуымен байланысты.
Кейбір авторлар зейінді бағытталған іс-әрекетпен дәлелдейді (А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, А.И.Розов, Ж.Годфруа және басқалары). Келесілері (П.Я.Гальперин, С.Л.Кабыльницкая) зейінді психикалық әрекеттің өзіндік түрі, яғни бақылаудың психологиялық түрі деп санайды. Бұл орайда барлық бақылауды зейін деп айтуға болмайды. Алайда бақылау ашық заттық іс-әрекетте орындалады, өзі де зейінді қажет етеді. Әрекет автоматтанған, қысқарған және идеалды деңгейге жеткенде ғана бақылау зейінге айналады.
Н.Ф.Добрынин зейінді іс-әрекеттің анықталған ұйымдасуы деп есептейді.
Зейінді шоғырландыру және бөлу қабілеті- сабақта және басқа да ic-шараларды өткізу барысында топтардағы бүкіл ұжымға, сонымен қатар әpбip жеке студенттің әрекетіне зейіні аудара білу. Ақпаратты сұрыптау-іріктеуді, қабылдау, зейін және сананың таңдамалы формаларын реттейтін механизмдер жүйесіндегі орталық аймақ – қыртыстың ассоциативті аймағы болып табылады.Кортико-ретикулярлы механизмдермен жұмыс ырықты зейіннің негізгі процестерімен байланыстырады, себебі, ол ырықсызға қарағанда зейіннің ауыспалылығына мүмкіндік береді. Ол ерекше әрекетке дайындық жағдайын жасайды. Ырықсыз зейін қыртыс асты деңгейде жүзеге асырады, ал ырықты зейін оқу үрдісінде қалыптасқан шартты стимулдар негізінде туындайды және кортико-ретикулярлы механизмдерінің қатысуын талап етеді. Ырықты зейіннің ерекше формасы – ойлау және еске қалдыру объектісі болып табылатын интеллектілі зейінді бөліп көрсетуге болады. Объектісі ойлау мен естелік болып табылатын интеллектуалды зейін ырықты зейіннің ерекше түрін шығарады. Зейіннің бұл жоғары түрін мидың түрлі орталықтары мен аймақтарына фронталды кортико-фугальды әсер етуі жүзеге асырады.
Зейіннің қасиеттері:

  • Тұрақтылық– бір объектіге немесе бір мәселеге зейін аударылуының ұзақтығы. Тұрақтылық шеткі факторлармен анықталады, 2-3 секундтан ары бармайды, себебі одан кейін зейіннің ауысуы байқалады. Орталық зейіннің тұрақтылық кезеңі бірнеше минуттарды қамтиды. С.Л.Рубинштейннің пікірінше, орталық зейіннің ұзақтығы, сол объектте жаңа мазмұнды аша алу мүмкіндігіне тәуелді;

  • Зейіннің концентрациясы – зейін аймағын шектеу кезіндегі белгінің жоғарғы белсенділігі. А.А.Ухтомскийдің доминанттар принципіне сәйкес, зейін концентрациясы бас ми қыртысындағы доминантты аймақтың қозуынан кейінгі бір мезгілде тежелген қалған бөлігінде құбылысы;

  • Зейіннің бөлінуі – адам орталық зейінде әр түрлі объектілерді бір уақытта ұстап тұру қабілеттілігі;

  • Зейіннің ауысуы - ол бір әрекет түрімен келесіге өтудегі жылдамдығы;

  • Зейіннің заттылығы - қойылған мәселеге, белгілердің өзектілігі және тағы басқаларына сәйкес арнайы белгілер кешенін бөліп алу қабілеттілігімен байланысты;

  • Зейіннің көлемі – бір мезгілде қабылданатын объектілер саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет