PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет54/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Әдебиеттер:

  1. Кузьмина Н.В., Зимичев А.П. Проблемы акмеологических наук. - СПб., 1990 г.

  2. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. - М., 1993 г.

  3. Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения, М., 1998 г.

  4. Селезнева Е.В. Развитие акмеологической культуры личности. - М., 1999 г.

13-дәріс. Мажорлық қабілеттер.





  1. Әзілге қойылатын талаптар мен тәсілдер

  2. Педагогтің технологиялық ептілігіне қойылатын нормативті талаптар.



Әзілге қойылатын талаптар мен тәсілдер
Мажорлық қабілеттер - бұл педагог оптимизмі мен әділі, оқу процесінің белсенділігіне көмектеседі, кез келген жұмыс пен демалыста қолданылады, қиын даулардың алдын алу мен сәтті шешуге көмектеседі, күйзеліс пен қысымнан арылтады.Сергектік пен серпімділік, пайдалы іске дайындық, оптималдылық пен жақсылық, жақсы әзіл-бұлардың барлығы кәсіби квалификациядан да маңызды мұғалімнің педагогтық шеберлігінің айнымас құраушысы.
Қызықты қалжың - әзіл. Қалжың, күлдіргілер - тәртіптің реттеушісі іспеттес мектепте ерекше рөл ойнайды. Қаталдық, шынайылықты бала ауыр қабылдайды. Әсіресе нақты пәндерден сабақ кезінде, қуаныш пен көтеріңкі көңіл ойлау қызметтерінде қатар жүруі тиіс. Педагог, әзілдеуді ұнататын негізі мектеп оқушыларының үлгі тұтар пірі болады. Әсіресе, егер ол өзіне ирониямен қараса, жағдаяттарда әзілділікті танытса, өзіне жамандық жолатпайды және балаларды аса қинамайды. Егер оның күлкісі - үлкен оқушыларды үйрету, түймедейді түйедей қылмауға бағытталса (төмен бағаға, құрдастарымен түсініспеушілікте, бағалы заттың болмауына, жеңіл түспеу, ойыннан ұтылу), онда оның әзілі оқушыларға оптимист болуға көмектеседі. Әзілді басқа да себептерге қолданудың керегі жоқ. Тәжірибе көрсетті - көптеген мұғалімдердің өзіндік басқаруы қалыптастырылған. Көптегені жұмыс барысында дауыс байламдарын жарақаттаған. Және тіпті мұғалім иога қабілетін меңгерген болса, оның бір ғана көзқарасынан класс тынышталады. Мұнда өзіндік денсаулықты да ұмытпау керек және өте эффективті түрінің бірі - әзіл.Тәжірибелі мұғалім жинағында әзіл қызықты әңгіме, мақал, жаңылтпаш, мәтелдер табылады. Мұғалімнің сергектілігі, әзілді айтуы мен түсінуі артық жүйкелік шаршауды болдырмайды және сыныптағы жұмысты жеңілдетеді. Оқушылар тәртібіндегі қарсылықты көру, одан комедияны табу - мұғалім үлкендігін көрсетеді. Әзіл ең қиын конфликтілерді аса ауырлықсыз алдын-алу мен шешуге көмектеседі, қатты қысымнан арылтады. Макаренко мұғалімдерге балалармен әңгіме барысында қуаныш білдіріп, күлімдеу керек деген өсиетті бекер айтпаған. Демек педагог жүзінде жасанды емес, шынайы тартымды күлкі болуы тиіс. Педагог қайғылы бет әлпетте болмауы тиіс. Өзгелерден өзінің келеңсіздіктерін жасыра білуі керек. А.С.Макаренко жазған: "Бақытсыз адамнан асқан жиіркеніш жоқ – деген. Себебі, бақытсыз адамның түрі барша өмірдің қуанышын өлтіреді, баршаны уландырады. Сондықтан, егер сен өзінді бақытсыз сезінсең, сенің бірінші жеңу міндетің - бұл жайлы ешкім білмеуі керек.Өзіңнен күлуге күш тап, бақытсыздықты жоятын күшті тап. Кез келген бақытсыздық әрқашан еселенген, оны әрқашан жеңуге болады. Ол қазір өтіп кетуіне тырыс. Ертеңгі күнді, болашақты ойлауға өзіңнен күш таба біл. Ал бұл жолға түскеннен бастап, сен бақытсыздықтың алдын-алатын жолда боласың"Мұғалім оптимизмі оқушылар мен студенттерге ауадай қажет, себебі мұғалім сенімі арқылы өзіндегі сенімді дұрыс жолға қоя алады, өзіндік бағалауы жоғарылайды, оқуға өзіндік бағалауға деген шынайы қарым-қатынас пайда болады.А.Гудхарт, американдық психиатр, бір мазасыз әйелге өзін мазалаған нәрселерді жазуды өтінеді. Тізім мәнді болады. Психиатр оған барлық пунктерді оқып шығып және әр қатынасынан кейін:"Ха-ха, осығана ма" деп айтуды сұрайды. Әйел ұялыңқырап, бірақ тапсырманы орындай бастады және ақырыңда күлкісін ұстай алмады. Ал бітірген соң, рахаттана күліп алды.Әсіресе әзіл педагог үшін маңызды болып табылады. Оқушылармен қарым-қатынасты табу үшін комедиялық көру, тіпті қысымды жағдайлардан шығудың жолдарына өзін-өзі үйретіп , дағдыландыру керек.
Әзілге қойылатын талаптар:
1. Адамның тұлғалық қасиеттеріне нұқсан келтірудің керегі жоқ. Оқушының нақты ісіне немесе жеке мінезіне күлуге болады.Ескі, әлем сияқты, талапсыз адамдардың істерін қолданудың қажеті жоқ: орнына, оқушы немесе әріптестің қорытындысын растамау – мазақтау, оппоненттің өзін күлкіге айналдыру әңгіме барысында жеке симпатия мен антипатияны ажырата білуі міндетті. Тәрбиеленушіні ешқашанда төмендетпеу керек.Ал дөрекілік, епсіздік, жалқаулыққа күлу пайдалы.
2. Оқушылар түзете алмайтын жайттарға күлуге болмайды. Әзілді қайта жөндеуге болатынына ғана күлуге болады. Оқушы фамилиясына, оның физиологиялық әлсіздігіне, ауруға, толықтыққа, дененің қалыпсыз бөлімдеріне әзілдеу емес, күлуге де болмайды. Жасөспірімдік симпатия, махаббатқа да күлкі шақырмау керек. Оқушыларды өзіне қарсы қою қиын емес. Олармен жақсы қарым-қатынасты орнату қиынның қиыны. Ал оларсыз қалыпты тәрбие жұмысы да, толыққанды оқуда болмайды.
3. Өзіңнің әзіліңе бірінші болып күлуге болмайды. Қызықты эпизод айтқанда мұғалім мүмкіндігінше, ұстамды болып қалуы керек, болмаса ол айтылған әзілге жағымды қарым-қатынас қалыптастырып, әзілді тек қызықты әңгіме ретінде ғана баяндайды. Мүмкін күтілгеннен бөгде реакцияны қалыптастыруы мүмкін.
4. Оқушының әзіліне педагогтың ренжуіне болмайды. Әрқашанда ащы сөздерге жауаптарға даяр болуы керек, өзің сәтсіздігіне немесе жеңілісіне бірінші болып күлуден қорықпау керек. Жас адамдардың әзілін қолдап және бағыттай білуі керек. Ешқашанда әкімшілік шаралармен әзілдеуге деген құлшынысын кесе көлденең қимау керек. Өзіңе деген әзілді өзіндік қорғаныс формасында қолдану керек
5. Оқушының оқыс жағдайына күліп қарауға болмайды, мысалы, оның епсіздігі, сәтсіз жазылған бақылау жұмысы, тақтадағы әлсіз жауабы. Мұндай әзіл оқушыға қатты жаралап, құрдастарымен конфликтіге алып келеді.Құрдастарының епсіздігіне, әрекеттерінің координациясының дұрыс болмауына, оқыстан шалынуына күлмеуге шақыру керек. Мұндай күлкіліктерді талаппен, өтінішпен немесе әзілмен болса да тоқтату міндетті.
6. Дөрекі, қатал әзілдер, қисаюға т.б. орынсыз әзілдер тіптен шындап әзілдеуге болмайды. Олар педагогтың төмен мәдениеттілігінің нәтижесі, бағаламаушылық және сыйламаушылық оқушы тұлғасын, өсиеттіліктің нәтижесі, ұшқыр ойлылықпен түк қатыссыз әзілдер. Қатал және дөрекі әзілдер тұрақты конфликтіге мұғалім мен оқушыны алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет