Әдебиеттер:
1. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин
профессионализма. - М., 1993 г.
2.Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и
обучения, М., 1998 г.
3.Кузьмина Н.В., Зимичев А.П. Проблемы акмеологических наук. - СПб., 1990 г.
4.Селезнева Е.В. Развитие акмеологической культуры личности. - М., 1999 г.
№ 14-дәріс. Психомоторлық қабілеттер.
1. Психотехника және еңбек дағдыларын игеру жолдары
2.Әйел ағзасының ерекшеліктерін ескеру
3.Қимылдық сапаларды қалыптастыру
4.Мамандықты игерудегі ерік мәселесі
Психотехника және еңбек дағдыларын игеру жолдары
Психомоторлық қабілет педагогтің А.С.Макаренко сөзімен айтқанда,отыру,жүру,тұру,оқушылармен сөйлесе білу ептілігі.Ғылымда психомоторлық қабілет мәселесін түсіндіруде бірыңғай пікір қалыптаспаған.И.М.Сеченов адамның психикалық және физикалық сферасын құрайтын психомоторлық қабілеттің дамуы мен ғылыми тұрғыда өңдеудің маңыздылығын көрсетті. Психомоторлық қабілетке динамикалық координация,моторлық белсенділік (қимылдың жылдамдылығы),қимылдың бағыты мен темпі,ритмі және т.б. жатады.
1920-30 жж. психотехниктер психомоторлық қабілет мәселесін белсенді түрде зерттеді. Қазіргі кезде психомоторлық қабілетті анықтау және денесін тік ұстай білуі,(тремор),қимыл координациясын зерттеу үшін тест жүргізіледі.
Соңғы он жылдықта психомоторлық қабілетті зерттеу оның даму динамикасын жасауға мүмкіндік берді:психомоторлық қабілеттің неғұрлым жылдам дамуы кіші мектеп жасында болады. Жасөспірімдік жас кезеңінде жеке сенсомоторлық қызметтер дамуының сәйкессіздігі байқалады,ал жеткіншектік кезеңде психомоториканың дамуы тоқтайды.
К.К.Платонов психомоториканы сенсомоторлық,идиомоторлық процестер және ерікті (моторлық) қимылдар деп бөлді. Жұмыс және спорт қимылдарының негізгі сипаттамалары ритм,темп,жылдамдық,бағыт бағдар,күш,көлем қимыл-қозғалыс теңдігі, шебер және т.б. болып табылады. Психомоторлық қабілет құрамына кейбір психикалық сапалар мен қызметтер жәнемінездің кейбір белгілері жатады. Оған еңбексүйгіштік,батылдық,тұрақтылық,төзімділік,мақсатқа жетудегі ерік жігер жатады. Бірақ еңбек пен спорттағы жетістіктерге жоғары сенсорлық перцептивті мәдениетімен жетеді. Ал оқытушының психомоторикалық қабілетін дамыту өз әрекетін сапалы,әрі нәтижелі етеді. Бірақ оқытушы оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін,жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып,қимыл қозғалысты орындаудың техникасын талдай білуі қажет.
Еңбек дағдысын меңгеру орындалатын еңбектің мәні жөніндегі білімдерді қалыптастыру және оны жетілдіруден басталады. Педагог еңбегінің дағдыларын қалыптастыру кезеңінде оқушылардың әрқайсысының тапсырманы жеңіл,әрі дұрыс және аз күш жұмсау арқылы орындауы кезінде олардың даралық ерекшеліктері ескеріледі. Тәжірибесі бар оқушылар тез үйренеді. Мұндай оқушыларға тапсырманы (тұтастай) түгел орындауды ұсынуға болады.
Дайындығы аз оқушылар жеңілден қиынға,қарапайымнан күрделіге көше отырып,орындауы тиімді болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |