5. ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН
«Педагогика және психология » кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында
2014 жылғы « » № хаттамасы
Түсінік хат
«Акмеология» курсы педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған. Бұл курс студенттерді педагогикалық және психологиялық бағытта дайындау жүйесінде өте маңызды. Педагогикалық қабілеттердің теориялық негіздері, механизмдері және заңдылықтары қарастырылады. Болашақ педагогтардың педагогикалық қарым-қатынас пен педагогикалық шеберлікті игеру жолдары қарастырылады. Шиеленіс психологиясы, топтың тұлғаға ықпалдары теориялық талданады.
Курстың мақсаты мен міндеті:
Курстың мақсаты: Қарқынды кәсіби өзіндік анықталуға мүмкіндік беретін таңдаған мамандық туралы теориялық және эмпирикалық білімдермен қамтамасыз ету. студенттерді акмеология ғылымы мен тәжірибесіндегі негізгі мәселелер жөнінде ақпаратпен таныстыру және сол арқылы оларды педагогикалық іс-әрекетке дайындау.
Адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру
Курстың міндеттері:
- студенттердің кәсіби бағдарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарға қызығушылықтарын және психология саласында өзіндік анықталу деңгейін жоғарлату;
- өмірлік әрекеттерде психолог қызметінің маңыздылығын терең түсіндіру;
- психологиялық мамандықтардың көп мәнділігін, олардың түрлері мен типтерімен таныстыру;
Курстың маңызы мен мазмұны:
студенттер болашақ ұстаз,оқытушы ретінде оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешу барысында білімдерді қолдануы;
қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, іскер,жан-жақты мәдениетті тұлға болу;
белгілі позицияны-көзқарасты ұстау және оның дұрыстығына сенімді болу;
бәсекеге қабілетті тұлға бола отырып,өзіндік сана сезімін,өзіндік кәсіби құндылықтарын қалыптастыру мақсатында үздіксіз іздену;
қоғам талаптарына сай білімдер қорын жинақтау және оны тәжірибеде қолдануға бейімделу;
кәсіби қызығушылық таныта отырып,білімдерін үздіксіз жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |