Пәннің мақсаты: студенттерді акмеология ғылымы мен тәжірибесіндегі негізгі мәселелер жөнінде ақпаратпен таныстыру және сол арқылы оларды педагогикалық іс-әрекетке дайындау.
Пәннің міндеттері:
- студенттердің кәсіби бағдарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарға қызығушылықтарын және психология саласында өзіндік анықталу деңгейін жоғарлату;
- өмірлік әрекеттерде психолог қызметінің маңыздылығын терең түсіндіру;
- психологиялық мамандықтардың көп мәнділігін, олардың түрлері мен типтерімен таныстыру;
2. Пререквизиттер: Жалпы педагогика, жалпы психология, даму психологиясы Философия,
3. Постреквизиттер: Жалпы және әлеуметтік психология, іскерлік қарым-қатынас психологиясы
4. Пәннің қысқаша мазмұны. Акмеология ғылым ретінде Ресейде 1990 жылдары пайда болды. Бұл ғылым кемелдену кезеңінде адамның шығармашылық жағдайдың шыңына жетудің заңдылықтарын, жолдарын, құралдарын және кәсіби іс-әрекетінде өзін-өзі жүзеге асырудың тәсілдерін зерттейді. Пәннің маманның тұлғалық құрылуындағы маңызы жоғары, себебі бұл пән білім беріп қана қоймайды, қабілетін, тәжірибесін және шығармашылығын дамыту арқылы өзін-өзі жетілдіруге жол ашады. Курс мазмұны бойынша акмеологияның ғылым ретіндегі кілттік ұғымдары, оның негізгі мәселелері мен міндеттері, кәсібилік тұрғысында тұлғаның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, акме құбылысы, акмеологиялық критерилер мен көрсеткіштер, акмеологиялық әдістер, акмеологиялық технологиялар, акмеологияның қолданбалы бағыты туралы ақпараттарды игереді.
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
лек
|
прак
|
Зертхан. сабақ.
|
БАОӨЖ
|
БАӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
3
|
5
|
2
|
15
|
15
|
|
10
|
50
|
90
|
емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |