~ 314 ~
жасқа байланысты ӛзгерістер пайда болатын белгілі бір кезеңдері болады.
Оның бірі - жасқа байланысты болса, ал екіншісі - ағзаның гармональды –
физиологиялық
ӛзгерісінің
(климакс)
басталуына
сәйкес
келеді.
Инволюциямен байланысты психикалық ӛзгерістер 50 – 60 жастан
басталады. Кәрілік алды және кәрілік кезеңіндегі психикалық бҧзылыстар
шекаралық психикалық бҧзылыстар және психоздар тҥрінде кӛрінеді. Егде
жастағы адамдарда психикалық бҧзылыстар жиілігі ӛте жоғары.
65 жастан жоғары адамдарда әртҥрлі дәрежедегі психикалық
бҧзылыстар 30 – 35 % қҧрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3–
5%.
Жас ҧлғайған сайын ауыр психикалық ӛзгерістердің пайда болу
қауіптілігі артады. Шекаралық бҧзылыстарға невроз тәрізді, аффективті
бҧзылыстар және тҧлғалық ӛзгерістер жатады.
Невроз тәрізді бҧзылыстар ҧйқы бҧзылысымен, денедегі әртҥрлі
жағымсыз
сезімдермен,
эмоциональды-тҧрақсыз
кӛңіл
–
кҥймен,
тітіркенгіштікпен, ешқандай негізсіз жанҧясы мен ӛз денсаулығы ҥшін
ҥрейлену және т.б. кӛрінеді. Физикалық әлсіздік, соматикалық жайсыздық
қандай-да бір қатерлі, дауасы жоқ «ӛлімге алып келетін» аурудың бар
екендігі жӛнінде ой тудырады. Науқас тҧлғасындағы болып жатқан
ӛзгерістер оның характерологиялық та және интеллектуальды да қасиеттерін
қамтиды. Характерологиялық ерекшеліктер науқас тҧлғасына бҧрын тән
болып келген тҧлғалық қасиеттердің ӛткірленуі және кҥшеюімен кӛрінеді.
Мысалы, сенімсіздік кҥдікшілдікке, ал қҧнттылық – сараңдыққа, табандылық
– қырсықтыққа ауысады. Интеллектуальды ҥрдістер ӛзінің айқындылығынан
айрылады, ассоциациялар кедейлене тҥседі, тҥсініктерді біріктіру сапасы мен
деңгейі тӛмендейді. Жаңа қҧбылыстар мен оқиғаларды қорыту ҥшін кӛп
уақыт пен ҥлкен табандылықты талап етеді. Жаңа ақпарат мҥлдем
игерілмейді немесе қиындықпен қабылданады. Ең алдымен кҥнделікті
ағымдағы оқиғаларды еске сақтау нашарлайды. Ӛткен кҥннің оқиғалары
қиындықпен еске тҥсіріледі. Науқастардың критикасы тӛмендейді - ӛзінің
психикалық кҥйін және болып жатқан ӛзгерістерді дҧрыс бағалай алмайды.
Егде жастағы адамдардағы осы аталған бҧзылыстардың ауырлық дәрежесі
әртҥрлі болуы мҥмкін: салыстырмалы тҥрде жеңіл бҧзылыстардан жҥйелі
емді және психиатр бақылауын қажет ететін айтарлықтай терең бҧзылыстар
дәрежесіне дейін.
Психикалық бҧзылыстардың айқын формалары психоз тҥрінде
кӛрінеді. Қабылданған жіктеу бойынша олар кәрілік алды немесе
инволюционды, кәрілік жас психоздары деп бӛлінеді. Кәрілік алды
психоздарына инволюциялық меланхолия және инволюциялық параноид
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: