~ 273 ~
Ағзаның қорғаныс кҥштерін белсендендіруге
бағытталған шаралар
қолданылмаса әдетте спецификалық ем әдістері тиімді болмайды. Сондықтан
мына негізгі принциптерге сҥйену керек: 1) спецификалық терапияның
массивтілігі, 2) оны жалпы иммунологиялық реактивтілікті кӛтеретін
әдістермен бірге қолдану. 1917 жылы В. Яурегг ҥдемелі салдануды
маляриямен емдеуді ҧсынды. Артынан кӛптеген
онжылдықтар бойында
спецификалық емнің бірінші курсына ҥш кҥндік малярия екпесі жасалды. 5-
10 ҧстамадан кейін малярияны хининмен басып отырды. Қазіргі кезде
пиротерапия қолданылады. Жоғары температураны сульфозин (шабдалы,
зәйтҥн немесе вазелин майындағы стерильді 1-2 пайыздық кҥкірт ерітіндісі)
немесе пирогенал енгізу арқылы шақырады, ем курсы 38-39 º С
кем емес
температуралық реакциямен 10-12 инъекция. Артынан бийохинолмен бірге
пенициллинмен спецификалық терапия жҥргізіледі.
Пенициллинмен 8-10 ем курсы ҧсынылады (орташа есеппен курсқа 14
млн ЕД). Курстар арасындағы ҥзілістер ½ айдан 2 айға дейін.
Пенициллинотерапия ортасында бийохинол қосады, 2г-нан кҥн ара б/е, ем
курсына 40 г.
Спецификалық ем фонында науқастың психикалық кҥйін
ескере
отырып
психотропты
препараттар
қолданылады,
міндетті
тҥрде
витаминотерапия, ноотроптар тағайындау керек.
Науқастардың еңбекке қабілеттілігі емнен кейін әртҥрлі болады – оның
толық орнына келуі немесе тҧрақты жоғалуы мҥмкін. Сот-психиатриялық
тәжірибеде ҥдемелі салданумен науқастардың сараптамасында қабілеттілік
мәселесін шешуде қиындықтар дерттің алғашқы сатысында пайда болады.
Ҥдемелі салданумен науқастар қабілетсіз болып танылады.
21 тарау.
СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР МЕН ЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР
КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҦЗЫЛЫСТАР
Соматикалық
бҧзылыстар
және
эндокринопатиялар
кезіндегі
психикалық бҧзылыстар клиникалық кӛріністеріне байланысты әртҥрлі –
жеңіл астениялық жағдайлардан айқын психоздар мен ақыл кемдігіне дейінгі
аралықта.
Соматогенді психоздар соматикалық аурулар ағымының әртҥрлі
кезеңінде дамиды. Соматогенді психоздар патогенезінде бірнеше факторлар,
соның ішінде нақты аурудың ағымы және ауырлық дәрежесі де маңызды
болып табылады. Бҧл кезде гипоксияға, гиперсенсибилизацияға, «ӛзгерген
негіз» фонындағы (экзогениялардан кейін, әсіресе
бас-ми жарақаттарынан
кейін, интоксикациялар және т.б. кейінгі) тамырлық және вегетативтік
ӛзгерістерге ҥлкен мән беріледі.
Тҧрғындардың жалпы иммунизациясы және оның ағза реактивтілігіне
әсері, соматикалық аурулар мен соматогенді
психоздарды емдеудегі
жетістіктер айқын жедел психотикалық формаларының азаюына және
~ 274 ~
созылыңқы баяу ҥдемелі формаларының кӛбеюіне әкелді. Аурудың
клиникалық ерекшеліктерінің ӛзгерістері (патоморфоз) соматикалық аурулар
кезіндегі психикалық бҧзылыстардың 2 ½ есе азаюымен кӛрінді. Бір уақытта
осы аурулар ағымы формаларының сандық арақатынысы ӛзгерді. Жеке
соматогенді психоздардың (мысалы, аментивті жағдайлардың)
және психоз
дәрежесіне жетпейтін психикалық бҧзылыстардың кездесуі азайды.
Соматогенді психоздар кезіндегі психопатологиялық симптоматиканың
даму стериотипі астениялық бҧзылыстардан басталуымен сипатталады,
сонан соң симптоматика психотикалық кӛріністермен
және эндоформды
«ауыспалы» синдромдармен алмасады. Психоздардың нәтижесі – сауығу
немесе психоорганикалық синдром дамуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: