Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет186/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
Емi және профилактикасы 
 
Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бҧзылыстардың емi негiзгi 
ауруға бағытталған, кешенді және индивидуальды сипатта болуы керек. 
Терапия патологиялық ошаққа әсер етуге, дезинтоксикацияға, сондай-ақ 
иммунобиологиялық ҥрдістерді қалыптастыруға бағытталған. Науқастарға
әсіресе жедел психоз жағдайындағы науқастарға тәулік бойы қатаң 
медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек. Астениялық және 
психоорганикалық синдромдарда массивті жалпы қуаттандырушы терапия, 
витаминдер және ноотроптар (пирацетам және ноотропил) тағайындалуы 
керек. 
Соматогендi психикалық бҧзылыстар профилактикасы негiзгi ауруды 
уақытында және белсенді емдеу, дезинтоксикациялық терапия және ҥрей 
жағдайы кҥшейіп, ҧйқы бҧзылыстары орын алғанда транквилизаторлар 
қолдану шараларынан тҧрады. 
Эндокриндi аурулардағы психикалық бҧзылыстар 
Эндокриндi аурулар кезіндегі психикалық бҧзылыстар гуморальды 
реттеу бҧзылыстарымен байланысты, олар iшкi секреция бездерi 
функциясының бҧзылыстары кезінде пайда болады және клиникалық 
кӛрiнiстерінiң полиморфизмiмен ерекшеленеді. 
Осы аурулар кезіндегі психикалық бҧзылыстардың пайда болу 
механизмi гормональды ӛзгерiстермен және оған байланысты зат алмасу, 
қантамырлық және басқа да бҧзылыстармен байланысты. Морфологиялық 
субстракты 
әртҥрлi 
интенсивтiліктегі 
және 
таралу 
дәрежесімен 
энцефалопатия болып табылады. Шекаралық психикалық бҧзылыстар 
патогенезiнде психожарақаттаушы факторлар әсерімен тығыз байланыс 
байқалады. 
Эндокриндi аурулар кезіндегі психика бҧзылысының ерекшелігі негiзгi 
аурудың ауырлық дәрежесі мен даму сатысына байланысты. Осылайша 
психикалық бҧзылыстар мен эндокриндi бездер функциясының арасындағы 
байланыс заңдылығы тҥсіндіріледі, мҧның диагностикалық мәні зор. 
Эндокриндi аурудың бастапқы кезеңiнде (Блейлер бойынша 
«эндокриндiк психосиндром») 
психопатия тәрiздi синдром
бақыланады, бҧл 
жағдайға психикалық белсенділіктің әртҥрлi дәрежедегi тӛмендеуi (аса 


~ 277 ~ 
шаршағыштықпен және пассивтілікпен астения жағдайынан апатико-
абулиялық синдромға дейін) тән. 
Инстинкттер мен (жыныстық, тағамдық және т.б.) әуестіктердің 
кҥшеюі немесе тӛмендеуi, тҧрақсыз кӛңiл-кҥй байқалады. 
Аурудың әрi қарай дамуы және ауырлық дәрежесінің ҥдеуінде психопатия 
тәрiздi синдром 
психоорганикалыққа 
ауысады, бҧл кезде тҥсіну мен 
критиканың дӛрекі бҧзылыстарымен, эмоциональды сылбырлықпен және 
топастықпен жҥретін мнестико-интеллектуальды бҧзылыстар бақыланады. 
Бҥкiл эндокриндi ауруларға басқа синдромның алмасуы мен дамуына 
негіз болып табылатын 
астениялық синдром
тән. Осы фонда ауру дамуының 
кез-келген кезеңiнде жедел психоздар дамуы мҥмкiн, олар әдетте науқас 
жағдайы ауырлағанда және эндокринді бездер функциясының ҥдемелі 
декомпенсациясы кезінде дамиды. Кейде олар ешқандай себепсiз пайда 
болады. Бҧл психоздар сана кҥңгірттенуі синдромдарымен кӛрiнедi (аменция, 
делирий). 
Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар, және де 
шизофрения тәрiздi
симптоматикалар басымдылығымен психоздар байқалуы 
мҥмкiн. Аталған психоздардың ағымы созылыңқы болуы мҥмкiн. Уақыт ӛте 
психотикалық жағдайлар қайталануы мҥмкiн. 
Эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар бҥкiл психопатологиялық 
синдромдармен кӛрiніс беруі мҥмкiн. 
Жиі эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар органикалық ҥрдіс 
кӛрінісін алады, бiрақ дамуының кейбір сатыларында шизофренияға ҧқсас 
болып келеді (клиникасы мен созылыңқы ағымы бойынша да «шизофрения 
тәрізді» болып келеді). 
Бҧл 
жағдайларда 
эндокриндi 
аурулармен 
науқастардағы 
эмоциональдылықтың сақталуы ажырату белгісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет