Психиатриялықкөмек



бет17/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Елестету-заттың ойша бейнесін еске түсіру.Ол нақты болуы мүмкін н/е өткен шақта қабылданған нақты обьектілер жөнінде естелікке ұласуы мүмкін.
Патологиялық жағдайда түйсік өзгеруі сапалық және сандық болады.
Сандық:Гипестезия-тітіркендіргішке сезімталдықтың жоғарылауы.
Анестезия-сезімталдықтың жоғалуы.
Сапалық:Парестезия-неврологиялық бұзылыстар нәтижесі. Сенестопатия-неврологиялық патология болмайды. Бұл кезде науқас буында, аяқ-қолда, теріде, барлық денеде болатын буып-қысу, шаншу сезімдеріне шағымданады.
Қабылдау патологиялары: иллюзия мен галлюцинация.
Иллюзия-шындығында бар обьектіні қате қабылдау. Психикалық ауруларда ғана емес, сау адамдада кездеседі. Қараңғыда жарық күнмен салыстырғанда шатасу, бір затты басқа зат ретінде қабылдау. Қандайда бір сезім мүшесі әлсіреген адамдарда жиі кездеседі:саңырауда-есту, соқырда-көру галлю/ы.
Аффективті иллюзия-бұл кезде сандыраққадайындық бар. Өзіне төнген қауіпті сезінеді, қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың сөз үзінділерін көше дыбыстармен біріктіріп, өз көңіл-күйіне қатысты қабылдайды. Соғыс басталды, оған қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр, көшеде ойнаған балалар дауысын подвалда қиналып жатқан туыстарының дауысы деп ойлайды, оларды қинамауын өтініп, жылайды.
Интерпретативті иллюзия-жедел сезімдік сандырақпен, интерметамарфоза сандырағымен кездеседі. Науқас айнаға қарап бетінің төменгі бөлігі алға қарай қозғалатындығын қасқыр тұмсығына ұқсайтынын көреді. Пресинильді психозда өзін тірі өлік санайды, денесінен жанының шыққандығын, бетінен өлім дақтарын көреді.
Парейдолиялық иллюзия-қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрмаланады. Балада сезім мүшелеріне түскен тітіркендіргіштер бір сәтте ертегі сюжеттеріне айналады,мысалы, түсқағаздағы дақтар, қабырғадағы жарықтр, шам көлеңкесі еденге түскенде қозғалатын жануарлар бейнесіне енеді,үйлер тәрізді қабылданады.Бұлттарға қарағанда әдемі пейзаждарды көреді.
Галлюцинация-обьектісіз қабылдау, жалған қабылдау. Шын мәнінде жоқ дауыстар естіп,адамдарды көреді. Олардың бар екеніне толық сенімді.
Сезім мүшелеріне байланысты: есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, жанасу және денелік немесе жалпы сезім галлюцинациясы түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет