Психиатриялықкөмек


Дежавю - бір жерде көрген секілді, бұрын соңды көрмеген жер таныс ретінде қабылдау. Жамавю



бет2/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Дежавю - бір жерде көрген секілді, бұрын соңды көрмеген жер таныс ретінде қабылдау.
Жамавю – таныс жерді бейтаныс деп қабылдайды.Сенестопатия- АнэстезияГипостезияГиперстезияПарастезияСенестопатияСенестезия синестезияя-
4. Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы: Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады.
Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі. Патологиялық байымдылық – бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші ретті мәнділіктен ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орнында тұрып қалады, басқа тақырыптарға ауысып кетеді. Эпилепсиялық ақыл кемділікте, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ басқа да оргнаикалық ауруларында байқалады.
Резонерлік – танымдық мағынасынын айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі. Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқаладыОйлау байланыссыздығы – науқастың сөзі мағынасы бір-бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылған болады. Бұл психикалық бұзылыстардың тереңдегенін көрсетеді. Ойлау персеверациялары мен стереотипиялары – қандай да бір ойда мүдіріп қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Бұл бұзылыс инсульттен кейінгі және кәрілік афазиясында, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі. Ментизм – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, жасанды сезім. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысна жатады, шизофренияда байқалады. Шперрунг – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофрения ауруында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет