Психиатриялықкөмек



бет3/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Ес(mnesis)- бұл ақпаратты бекіту,сақтау және өткен шақ тәжірибесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс. Оның ауытқуы мнестикалық үрдістің осы аталған үш буынының кез келгеніне қатысты болуы мүмкін. Фиксациялық амнезия- ақпаратты бекіту жеткіліксіздігінің клиникасы ағымдағы оқиғаларды еске сақтаудың бұзылуы. Егер ақпарат бекітілмесе (фиксация) оның сақталуы мен қайта жаңғыру үрдісі іске аспайды.Фиксациялық амнезия Корсаков амнестикалық синдромының негізгі белгісі болып табылады,мынадай жағдайларда кездеседі: корсаков психозында қарттық психозда қантамырларының зақымдалу жүйкелік жасушалардың өлуі нәтижесінде ми қоректенуінің бұзылысы Мұндай аурулар оқыған кітабының мазмұнын еске түсіре алмайды, таңертең қандай тамақ жегенін,керек затты қайда қойғанын еске түсіре алмайдыҚабылданған ақпараттың (ретенция) сақталу жөнінде оны қайта еске түсіруге негізделіп,пікір жасалады,бұл дұрыс емес.Шындығына келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойлағаннан едәуір мықты Бұған гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады. Кейбір ерекше жағдайларда,адамның есіне әлдеқашан ұмытылып кеткен жайлар түседі. Өткенді ұмыту ретсіз емес, белгілі заңдылықпен өтеді. Репродукция- бұзылысы фиксация және өткенді есте сақтау бұзылысында үнемі көрініс береді. Бірақ мнестикалық үрдістің осы звеносының біріншілік зақымдалуы болуы мүмкін. Церебральді атеросклерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады; жауапты жағдайда қажеттіні еске түсіре алмайды: есім,атаулы күндерді, нақты атауларды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, оның қажеті болмағаннан кезде бұл мәліметтер оңай еске түседі. Еске түсірудің барлық бұзылыстарын сандық,сапалық және таныстық (көзге таныс) сезімінің бұзылыстарына бөледі.Ұмыту
Еске түсірудің сандық бұзылыстары:Гипомнезия кезінде Рибо заңына тәуелді дамитын жалпы еске түсірудің жетіспеушілігі байқалады. Гипомнезияның ауыр жағдайында соңғы жылдарда және онжылдықтарда болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады.Бұл, уақыттың кеш кезеңінен ерте кезеңіне қарай ес ыдырауы үдемелі амнезия деп аталады.Гипермнезия-жоғарыда аталып өткендерден басқа маниакальді және гипоманиакальді жағдайлардағы ассоциативті тежеусіздік кезінде бақыланады. Еске түсірудің сапалық бұзылыстары: Псевдореминисценцияны- кейде иллюзиясы деп те атайды.Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу.Психиатриялық ауруханада айлап жатқан ес бұзылысымен науқаста «бүгінгі күнді қалай өткіздің?» деген сұраққа олар үйде болғанын «қандай жұмыспен айналысқанын есіне түсіріп,толық айтып береді». Бұл жерде науқастың күн сайынғы шаруасы жөнінде сөз болып тұр, мұның барлығы ауруханаға түспестен бұрын болған оқиғалар. Конфабуляция- кейде ес галлюцинациясы деп те аталады. Конфабуляция кезінде жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мағынасында болмаған оқиғалармен толықтырады. Инсульттан кейінгі науқас өзінің өткен аптада таудан космосқа аяқ киімін есіне түсіреді. Конфабуляциялар өз фабуласы бойынша шындыққа жанасуы мүмкін немесе айқын фантастикалық сипатта болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет