Психиатриялықкөмек



бет5/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Шизофрениялық деменция Науқас адамда абстракті ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Бірақ апати мен абулия салдарынан науқаста еңбек етуге, басқа адамдармен қарым-қатынаста болуға құлқы жоқ. Сондықтан осындай науқастарды кітапқа толы, бірақ ешкім оқымайтын шкафпен салыстырады.
Эпилепсиялық деменцияЕсте сақтау қабілеті төмендеп, ойлау қабілеті өзгереді.Науқас адамда ой пайымдылығы, детализацияға құмарлық, сөз қорының азаюы мен қыстырма сөздерді көптеп қолдану байқалады; жиі қызығушылық төмендеуі мен өзінің жағдайына ерекше назар аудару болады (концентрациялық кем ақылдылық).
2. Олигофрения -ИмбецильдікБұндай науқастардың абстрактілік ойлауға қабілеті жоқ, сөз қоры өте аз, сөйлем құрай алмайды, әріп пен сан білсе де оқи алмайды, қойған сұрақтарға өте қарапайым жауап береді. Өзін күтуге, қарапайым жұмыс істеуге үйретуге болады.
Дебильділік науқас адамдардың абстрактілік ойлау қабілеті төмен, білімі қарапайым, өз бетінше жұмыс істей алмайды, баяу, бірақ есте сақтау, сөйлеу мен еліктеушілік қабілеті жақсы дамыған. Арнайы мектеп, интернаттарда оқу, жазуға, санауға және біреудің қарауында қарапайым жұмыс істеуге үйретіледі.
Идиотия-психикалық кем ақылдылықтың терең түрі. Сөйлемейді, эмоциялары қарапайым, жүре алмайды, кейде стереотипті қимылдар жасайды, өзін-өзі күте алмайды. Осындай науқастарға 1 топ мүгедектік беріледі.
Эмоцияның жіктелуі ІІ. Эмоциональді сфера бұзылысының жіктелуі Оң эмоциялар – қуаныш, қанағат болу сезімі. Теріс эмоциялар – ашулану, тітіркену, уайым, мақсатқа жетудегі кедергілердің болуы. Эпикритикалық (қыртысты) – эстетикалық, этикалық, адамгершілік сезімдер. Протопатия-лық (қыртыс асты) – аштық, шөлдеу сезімін қанағаттандыру, жыныстық сезім.
Эмоцияның жіктелуі Стениялық – мақсатқа жетудегі күшті мобилизациялайтын активті белсенділік, күреске бағытталған сезімдер. Астениялық - төмен белсенділік, сенімсіздік, күдіктену сезімі.
Өзіндік реттелу (саморегуляция) кері байланыс принципі бойынша іске асады. Егер ағзаның қандай да бір қажеттілігі қанағаттандырылған болса, онда оң эмоция пайда болады. Медицинада реконвалесцент эйфориясы деген түсінік қолданылады. Бұл жедел дертті жағдайды басынан өткерген, қызба ұстамасынан шығу жағдайындағы адамда болатын көтеріңкі көңіл – күй. Ауыр ауру сезімін басуда эйфория туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет