Жалпы сезімдік-іште бірдеңе жыбырлады, ішектер жабысып қалған сияқты, өкпе тасқа айналғандай.
Көру галл/ы-бөлме ішінде өртті көреді, көз алдына құбыжықтар, жануарлар келеді. Жақын адамын жоғалтса, түн уақытында өлген адамды көреді.Ауру көзін қолымен жауып алады.
Функциональды н/е рефлекторлы –желдеткішті қосқанда оның шуымен бірге әңгіме естиді, өшірсе, дауыстар жоғалады. Поезд жүргенде ән естиді, тоқтағнда ән естілмейді.
Императивті есту галлюцинациясы-өтеқауіпті, олар оған бұйрық береді:тамақ ішпе, біреуді соқ, өзіңе қарсы қол жұмса.
Шынайы галлюцинация-қабылдаудың барлық белгілеріне ие және шын мәнінд бар обьектілерден ажыратылмайды. Дыбыссыз дауыстарды естиді, олар бұны дауыс емес, - басқалардың ойы деп.ой/ы. Көз алдында қоршаған ортадағы заттарды көрге кедергі келтірмейтін мөлдір бейнені көреді.
Псевдогаллюцинация-жасандылық сезімімен жүретін ж/е жалған обьектілерді қабылдауда елестетулермен жүретін, науқас үшін шынайы заттар ж/е құбыыстармен біруақытта жүретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бұзылысы.
Психосенсорлы бұзылыстар:
Дене схемасын қабылдау бұзылысы-науқасқа бүкіл денесі н/е оның жеке бөліктері үлкейген сияқты көрінеді:басы шар тәрізді домаланады,ісінеді, жарылып кететіндей болады, тілі жуандап, ауыз қуысына сыймай тұрғандай.
Кеңістіктегі заттарды қабылдау бұзылысы-заттар бұрмаланған, ұлғайған н/е кішірейген , алшақтаған н/е жақындаған түрде болады. Жер, еден кедір-бұдыр болып.көр.
Уақытты, қоршаған ортаны қабылдау бұз-жиі эмоционлды ж/е сана өзгерістерімен бай-ы. Уақыт азапты түрде ұзаққа созылуы мүмкін, күндер аса жылдамдықпен тез өтеді, қоршаған ортада өлі тыныштық, қатып қалған н/е аласапыран өзгеріс.
Дереализация-қоршаған ортаны бөтен, өзгерген, жасанды түрде қабылдау.
Деперсонализация-өзінің психикалық және физикалық Менін қабылдаудың бұзылысы. Өзін, өз денесін, ойларын, сезімдерін, іс-әрекеттерін қабылдаудың бұзылысы н/е олардың бөтендеуі. Өзін өзі жоғалту.
Достарыңызбен бөлісу: |