Есмнестикалық деген атауға ие. Ес бұл ақпаратты бекітіу, сақтау және өткен шақ тәжірибесін қайта жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс.
Симптомдар: Фиксациялық амнезия- ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы. Мұндай аурулар дүкенге барып тұрып, не алу керегін ұмытып қалады. Ауру бүгін қай күн екенін, қандай ай, жыл, аптаның қай күні екенін,иемханаға қашан түскенін, емдеуші дәрігердің атын сұрағанда айта алмайды.
Гипермнезия – ақпаратты есте сақтаудың жоғары қабілеті. Мысалы, қарт адам өзінің жастық шақта жаттаған өленің кенеттен айтуы.
Гипомнезия- ақпаратты есте сақтаудың төмендеуі. Ол тотальды және лакунарлы болуы мүмкін. Гипомнезияның ауыр түрінде соңғы жылдарда және онжылдықта болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады. Бұл уақыттың кеш кезеңнен ерте кезеңіне қарай ес ыдырауы үдемелі амнезия деп аталады. Амнезия ішінде антеро және ретроградты амнезияны бөлеміз. Бас ми жарақатына дейін бірнеше минут, күн, апта ішінде болған оқиғаларды естен жоғалту ретроградты амнезия деп аталады. Бас ми жарқатынан кейінгі болған оұиғаларды естен жоғалту антероградты амнезияға тән.
Еске түсірудің сапалық бұзылысы(дисмнезия, парамнезия) естеліктер мазмұнының өзгерісі болып табылады.
Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды. Бұл оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу. Психиатриялық ауруханада айлап жатқан ес бұзылысымен ауыратын науқасқа «бүгінгі күнді қалай өткіздің» деген сұраққа олар үйде болғанын, қандай жұмыспен айналысқанын есіне түсіріп, толық айтып береді.
Конфабуляциякейде ес галлюцинациясы деп те аталады. Конфабуляция кезінде жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мағынасында болмаған оқиғалармен толықтырады. Инсульттан кейін науқас өзінің өткен аптада таудан космосқа ұшқаның, яғни космоста аяқ киімін ұмытқаның есіне түсіреді.
Экмнезия науқастың өткен өмірі. Өткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі уақытта болып жатқандай уайымдайды. Экмнезия кәрілік психозда, истерияда, шизофренияның соңғы сатыларында кездеседі.
Криптомнезия, яғни жасырын еске түсіру. Өткен шақта науқас қабылдаған бөтен идеялар, бөтен шығармашылық, уақыт өте науқас ойында өзінің жаңа, біртума идеясы түрінде танылады.