Таныстық сезімнің бұзылысы: бұрын көргендік симптомы(дежавю) кезінде адам өмірінде алғаш қабылдап тұрған нәрсені бұрын болған оқиға түрінде қабылдайды. Мысалы, қандай бір қалаға алғаш келген адам, осы қалада өзін бұрын болғандай сезінеді.
Ешқашан көрмегендік симптомы: адамға таныс қандай да бір зат алғаш рет көріп тұрғандай сезім тудырады. Мысалы, адам өзінің бөлмесіне кірген кезде өзінің бөлмесінің ерекшеліктерін біле тұра, танымауы мүмкін.
Естің зерттеу әдістері: сұрау әдісі, бақылау әдісі. Сұрау әдістері. Ес осы шақ, жақында болған, бұрын өткен оқиғалар жөнінде сұрау тәсілі арқылы тексеріледі. Бақылау әдісі. Амнестикалық дезориентировка жағдайы объективті дәлелдеу үшін қолданылады.
Эмоция бұзылыстары
Эмоция- адамның қоршаған орта құбылыстарына және де өзіне деген көзқарасын білдіретін психикалық үрдіс.
Эмоциялық көріністер және олардың бұзылысының белгілері: Эмоциялық жағдайжөнінде айтқанда, ұзақ уақыт сақталатын белгілі бір жүйкелік психикалық тонусты түсінеміз. Көтеріңкі көніл күй маниакальды жағдайдың басты симптомы болып табылады. Көңілді және қуанышты көңіл күй күндерге, апталарға, айларға созылады. Науқас өзін бақытты сезінеді, күші және энергиясы тасып, ешқандай дерті және физикалық бұзылысы жоқ тәрізді болып, қоршаған ортадағы жайттардың барлығы қызықтырып, өмір сүруге құштар болады. Көтеріңкі көңіл күй түрлерінің бірі эйфория деп аталады. Эйфория кезінде көңіл күй шектен тыс шабытты жағдайға дейін көтерілмейді. Өкпе туберкулезінен өлім аузындағы және ауыр миокард инфарктісінің жедел сатысында эйфория жалпы жағдайының ауырлауымен қатарласып жүреді.
Көңіл күйдің төмендеуі депрессивті жағдайларға тән. Бұл жағдай науқастарда апат тәрізді субъективті күйзеліс. Негізгі белгісі: ауыр қайғы мұңмен көрінеді, кейде өз өзіне қол жұмсауға дейін барады.
Жүректік мұң, науқас жүректегі ауырлық сезіміне шағымданады. Оны стенокардиямен диф. диагноз жасауға тура келеді. Ауыр депрессия кезінде, әсіресе, қартайған шақта кейбір тітіркенгіштердің әсерінен мұң күрт күшеюі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |