Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін


-тарау. «Түзету ырғағы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі139,85 Kb.
#97925
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ПДТ 0-4 түзету ырғағы
ПДТ 0-4 түзету ырғағы, ПДТ 0-4 түзету ырғағы, ПДТ 0-4 түзету ырғағы
2-тарау. «Түзету ырғағы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

13. «Түзету ырғағы» пәні психикалық дамуы тежелген білім алушылардың психофизикалық тұрғыда жетілмеуін және танымдық әрекеттеріндегі кемшіліктерді жеңуге көмектесетін түзету пәндерінің қатарына кіреді.


14. Психикалық дамуы тежелген білім алушылардың еркін қимыл-қозғалыстық әрекетін қалыптастыру, тәртібін реттеу жоғары психикалық атқарымдардың (зейін, есте сақтау, ойлау, қиялдау және сөйлеу тілі) жеткіліксіз дамуы аясында жүзеге асырылады. Осы санаттағы білім алушылар әрекеттерінің әр түрлі түрі ырғақтығының жеткіліксіздігімен сипатталады. Музыкалық дыбыстарға деген зейіннің төмендігі, музыкаға деген эмоциялық әсерінің жеткіліксіздігі байқалады. Қимыл-қозғалыс ырғағы музыканың дыбысталу ырғағына сәйкес келмейді. Ырғақтық дамудың жеткіліксіз деңгейі білім алушылардың қимыл және эмоциялық аясындағы бұзылыстардың болуын ғана емес, сондай-ақ тұлғалық құрылымның рухани жағының да дамымауын айқындайды.
15. Түзету ырғағы сабақтарында қимыл-қозғалыс аясын сөзбен және музыкамен үйлестіре дамыту мен түзету білім алушылардың икемділіктерін жетілдіруге мүмкіндік беретін бейімделу қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі:
1) үйлесімді, икемді және ырғақты қозғалу (жүру, жүгіру, билеу);
2) музыканы тыңдау (оның мазмұнын, қарқынын, ырғағын, көңіл күйін сезіну және бере білу);
3) кез-келген қимылға еркін (белгі бойынша) қосылу және оны еркін аяқтау;
4) дыбысты, сөзді, сөз тіркестерін, мәтінді анық айту;
5) интонацияның әр түрлі түрін беру, сөйлеу тілінің қарқыны мен ырғағын еркін өзгерту, өзінің айтқанын қимылмен, мимикамен және ишаратпен сүйемелдеу;
6) еркін босаңсу және ширығу (бұлшықеттік және психологиялық);
7) барлық әрекеттерді өзі және өзін-өзі бақылау.
16. Түзету ырғағы сабақтарында педагогикалық түзете қолдаудың әр түрлі салаларына қатысты келесі міндеттер шешіледі:
1) сауықтыру саласында:
сүйек-бұлшықеттік аппаратты нығайту;
физиологиялық дұрыс тыныс алу дағдыларын дамыту;
дұрыс мүсінді, жүрісті, қимылдың сәнділігін жетілдіру;
әр білім алушының психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, психикалық дамуы тежелген балаларда тұлғалық (эмоциялық) және әлеуметтік туынды бұзылыстардың алдын алу;
2) оқыту саласында:
қимыл-ырғақтық икемділіктер мен дағдыларды дамыту;
метроырғақтық, музыкалық мәдениет, музыкалық қабылдау мен әсершілділік саласындағы теориялық білім жүйесін қалыптастыру;
3) түзету және дамыту саласында:
кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді, сенсорлық үдерістерді, жоғары психикалық атқарымдарды дамыту үшін жағдай тудыру;
сөйлеу тілінің жалпы айқындығы мен байланыстылығын жетілдіру;
сөйлеу тілін интонациялау мен мәнерлеу қабілеті мен ұмтылысты дамыту;
қарым-қатынасты тілдік, жартылай тілдік және тілдік емес құралдардың көмегімен бастау және қолдау икемділіктерін қалыптастыру.
17. «Түзету ырғағы» пәні бойынша бағдарламаны меңгеру келесілерге көмектеседі:
1) оқу әрекеттерін мақсатқа және оны жүзеге асыру жағдайларына сәйкес жоспарлау, бақылау және бағалау икемділіктерін қалыптастыру;
2) ұжымдық ішкі іскерлік қарым-қатынас пен шығармашылық қатынас дағдыларын әр түрлі рөлдерді (басшы, орындаушы, сарапшы) орындау арқылы жұптағы, топтағы жұмыстыр және қажетті талаптар мен ережелерді сақтау арқылы қабылдау;
3) оқу әрекетінің сәттілігі\сәтсіздігі себептерін түсіну қабілетін қалыптастыру;
4) белсенділік, ынташылдық, төзімділік, қайсарлық, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты жағымды тұлғалық қасиеттерді нығайту;
5) көп ұлтты Қазақстан халқы мен басқа елдердің мәдениетін құрметтеу және адамгершілік сезімдерді дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет