Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін


-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі139,85 Kb.
#97925
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ПДТ 0-4 түзету ырғағы
ПДТ 0-4 түзету ырғағы, ПДТ 0-4 түзету ырғағы, ПДТ 0-4 түзету ырғағы
3-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

18. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) білім алушы «оқуға үйренуге» және дербес, уәжді, мүдделі, батыл, жауапкершілікті және зерделік дамыған тұлға болуға міндетті деген қағиданы басшылыққа алады.


19. Осы қасиеттерді білім алушыда түзету ырғағы сабақтарында тәрбиелеу және дамыту үшін мұғалім келесілерді жүзеге асырады және пайдаланады:
1) оқытудағы әрекеттік тәсілдеме қағидасы, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың психикалық қабілетін дамыту мәселелерін қазіргі кездегі түсінуді оларды белсенді әрекет негізінде музыкамен қатынас үдерісіне тарту деп білдіреді;
2) оқыту мазмұнының табиғи сәйкестік сипатын көрсететін онтогенез қағидасы;
3) әлемді нақты сезімдік бейнеде қабылдайтын және танитын бастауыш сынып жасындағы психикалық дамуы тежелген бала психикасының табиғи ерекшеліктеріне негізделген бейнелілік қағидасы;
4) құрамындағы өмірлік құбылыстарды ұғыну және түсіну арқылы музыкалық, қимыл-қозғалыстық және тілдік мәдениеттілікке қол жеткізуді бағдарлайтын ұқсастық және айырмашылық қағидасы;
5) өзара шығармашылықпен әрекеттесуді, яғни педагогпен білім алушының қушының, білім алушылардың түзету ырғақтық әрекеті процесіндегі бір-бірімен бірлескен шығармашылық әрекетін білдіретін коммуникативтік бағыттылық пен бірлескен шығармашылық қағидасы;
6) музыка, қимыл және сөйлеу тілінің синкретизм қағидасы. Бұл қағида психикалық дамуы тежелген балалардың музыкалық-ырғақтық қабілетін ырғақ сабақтарында дамытуда жетекші қағида болып табылады.
20. Түзету ырғағы сабақтарында қолдануға ұсынылатын оқытудың стратегиясы, технологиясы мен тәсілдері:
1) стратегиялар: дербестік және белсенділік, тәжірибелік, сыни, коммуникативтік, мәнмәтіндік;
2) технологиялар: шағын топтардағы (команда) жұмыс, рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту, ересектермен бірлесе әрекеттену деңгейі, еліктеу бойынша әрекеттену деңгейі, үлгі бойынша әрекеттену деңгейі, сөздік нұсқау бойынша өздігінен әрекеттену деңгейі кіретін қимыл-қозғалыстық икемділіктерді жетілдірудің төрт деңгейлілігі;
3) тәсілдер: мұғалім мен білім алушылардың бірлескен әрекетіне қатысты сөздік, көрнекілік және тәжірибелік тәсілдер (көрнекілік-кинестикалық тәсілдің басымдылығымен) кіретін дидактиканың классикалық тәсілдері, мәселелік оқыту тәсілі, тәжірибе, жобалық тәсіл негізіндегі пәнаралық оқыту.
21. «Түзету ырғағы» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес тәсілдерін дұрыс қолдана отырып, әр түрлі қоғамда өзара тиімді әрекеттенуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеуді білдіретіндіктен, білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ырғақ мұғалімі әрекетінің негізгі бағыты болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін білім алушыларда оқу диалогына қатысу ынтасын, сөйлеу тілінің әр түрлі түрлері мен мәнері туралы, мәдениетті сөйлеу дағдылары, просодика элементтері (қарқын, жоғары, қаттылығы, жылдамдығы үні, ырғақтық, үзіліс, интонация, сондай-ақ мимика мен ишарат) туралы түсініктерді дамыту. Педагог әр білім алушының даму кемшілігіне қарамай, өзінің пікірін сенімді білдіруге, құрдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста сөздік және сөздік емес қарым-қатынас құралдарын сауатты пайдалануға, сондай-ақ өзін-өзі шығармашылықпен танытуға үйрене алатын әр түрлі түрдегі коммуникация көтермеленетін және бағаланатын орта құруға міндетті.
22. Заттармен және оларсыз, музыкалық сүйемелдеумен және онсыз орындалатын сан алуан түрлі жаттығулар ырғақтық икемділікті қалыптастыру құралдары болып табылады. Сабақтағы ырғақтық әрекеттердің барлық түрлері кеңістіктік түсініктерді, сенсорлық процестерді, жоғары психикалық атқарымдарды, сөздік және сөздік емес коммуникативтік икемділіктерді, дербестік пен өзін-өзі бақылауды, оқу әрекетінің құрылымын түзетуге және дамытуға көмектеседі.
23. Кеңістіктік түсініктерді түзетуге және дамытуға көмектесуге арналған жаттығулар:
1) әр түрлі бағытта қол мен аяқтың еркін қозғалысымен жүру және марштап жүру;
2) бір-бірден, жұптасып, аяқтың ұшымен шашырап, зал бойымен ырғақтық жеңіл қимылмен жүгіру;
3) «паровоз» құрап қозғалу;
4) қозғалыс кезінде мұғалімнің белгісі бойынша оңға, солға бұрылу;
5) заттардың арасымен жүру және жүгіру.
24. Қимыл-қозғалыстық жадты, көру зейінін, өзін-өзі бақылау мен қимылды үйлестіруге көмектесуге арналған жаттығулар:
1) тұрған, еденде отырған, орындықта отырған қалыптағы қолдың затпен (жалауша, шеңбер, таяқ, доп) және затсыз алға – артқа – жоғары қимылдары;
2) қозғалыс амплитудасын біртіндеп өсіре отырып қолды сермеу;
3) өзінің алдында және артында қолын шапалақтау;
4) қолды айналдыра қозғау және еркін тербелту;
5) аяқтың ұшына көтерілуімен бір мезгілде қолды көтеру және түсіру;
6) орындықтың арқалығын ұстана, тірексіз, затты ұстап тұрып, жүрелеп отыру;
7) аяқтың ұшын кезекпен алға және жанына қарай қою, аяқтың ұшымен тұру;
8) тізенің астынан алақан соғып, тізеден бүгілген сол аяқты және оң аяқты кезекпен көтеру, тізені қолмен, таяқпен, шеңбермен қоршап ұстау;
9) еденде отыру, аяқ бірге – оңға, солға бұрылу;
10) алға, артқа, жанына қарай еңкею (қолды аяқ ұшына тигізу);
11) заттарды өзіне қатысты алға, жанына қою, сол заттарды ұстап алу;
12) жатқан қалыпта аяқты түзулеп, кезекпен көтеру және түсіру;
13) мүсінді дұрыстауға арналған жаттығулар: қолмен еден тіреп, «тізерлеп жатқан» қалыптан қолды еденнен алмай, тізені бүгіп тұру;
14) кілем үстінде заттардың арасымен еркін еңбектеу.
25. Есту жадын, есту зейінін, ырғақтық түсініктер мен ырғақтық-қимылдық дағдыларды дамытуға көмектесуге арналған жаттығулар:
1) музыкалық аспаптардың (домбыра, рояль, металлофон, бубен) дыбысталуын қабылдау;
2) музыкалық шығарманың басталуымен аяқталуын қабылдау: музыканың басталуында бір жерде тұрып жүру, аяқталуында тоқтау және шапалақтау;
3) музыканың орташа және жылдам қарқынын қозғалыспен беру;
4) күшті және әлсіз бөліктерін беру үшін, ырғақтық суреттемені шығару үшін бубенді, даңғараны, маракасты пайдалану арқылы акцент жасау;
5) динамикалық реңктерді қабылдау және бере білу;
6) би элементтерін орындау: жай жүру, аяқтың ұшымен жүгіру, шапқылап жүру (ақырын, жылдам), аяқты тыпырлату, иықтан айналу, қазақ халқының би элементтері: өкшеден жай қадам және бірінші қалыптан жанына қарай қадам басу, «Сәлем» қол қалпы;
7) биді және өлең-биді орындау.
26. Тәртіптегі өзін-өзі бақылауды дамытуға, сөйлеу тілдік мәдениетті және басқа да әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға көмектесуге арналған жаттығулар:
1) қуаныштың, көңілсіздіктің мимкалық қалыпын бере білу;
2) сезімді мимика бойынша бөлу;
3) ширығуға қарама-қарсы босаңсу;
4) нұсқау бойынша босаңсу (ширығуға кереғарлықсыз);
5) дикциялық жаттығулар;
6) артикуляциялық мүшелерді атау және табу;
7) төменгі көк еттік тыныс алу кезіндегі ауызбен біркелкі дем шығаруды жетілдіру: бөліп шығару, тежей дем алу, жүрісті және ауа ағынының бағытын кезектестіріп дем шығару;
8) жұмсақ және қатты «шабуылдар» қолданылатын дауыстық жаттығулар;
9) ұсақ қимылға берілген жаттығулар: жұдырық түю, жұдырық жазу, санау арқылы көлденең сызықтарды белгі бойынша сызу, саусақтарды үлкен бармақпен санау және музыка бойынша кезектестіре ырғақты жақындату;
10) ырғақтар мен құрылыстарды, сызықтық құрылымдарды, суреттемелерді, ырғақты сызбаларды үлгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет